2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
Оқу бағдарламасына негізделген «Адам және жануарлар экологиясы» курсын оқып үйренудің негізгі мақсаты: Адам және жануарлар әлемінің арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайта түсуге үлес қосу. Айналамызды қоршаған табиғи ортаның ерекшеліктеріне көз жүгіртіп шығу, адам қолымен жасалып жатқан кемшіліктерді жою. «Мәңгілік Ел» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында оқушылардың табиғат байлығын тиімді пайдаланып, экологиялық проблемаларды шеше білуге үйрету. Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуы керектігін ұғындыру, рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту, еліне, жеріне, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.Білім алудағы басты құндылық оқушыларға өмірлік тәжірибе мен еңбекқорлықты, табиғатқа деген қамқорлықты талап ететіндігін атап көрсету. Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады: Бағдарлама 68 сағатқа арналған, 5 бөлімнен тұрады
І-бөлім: Біз және экология. Экологияның тірі ағзалармен байланысы. Экологияның адам өміріндегі маңызы. Адам және жан-жануарларды зерттеу саласы – Бионика. Адам және жануарлар экологиясы. Қоршаған ортаның адамдарға әсері. Экологияның қоршаған ортаға жан-жануарларға әсері. Адам іс- әрекетінің экологияға әсері. Экология және денсаулық. Экологиялық ситуациялар.
ІІ-бөлім: Табиғи орта. Табиғи ортаның тіршілік ету өзгешеліктері. Табиғи ортаның экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны сақтаудың қазіргі таңдағы мәселелері. Қоршаған ортаның ластану түрлері.
ІІІ-бөлім: Биоэкологиялық зерттеу бағыттары. Геоэкология.Аутэкология.Демэкология.
Эйдэкология. Синэкология. Қолданбалы экология. Ғаламдық экология. Нооэкология. Адам экологиясы. Қорытындылау.
ІҮ-бөлім: Жануарлар мен хайуанаттар экологиясы. Үй жануарлары туралы білеміз бе? Төрт түлік-мал атаулары. Жануарлардың пайдасы мен маңызы. Жануарлар әлемінің даму тарихы. Жабайы жануарлар мен хайуанаттар. Жыртқыш жануарлар. Жануарлар экологиясының негіздері. Экология ғылымының бір саласы-этология (мінез-құлық). Жануарлардың мінез-құлқы. Жануарларды қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |