ЖАСУШАНЫҢ ҚҰПИЯ ӘЛЕМІ
9-сынып оқушыларына арналған
(аптасына 1-сағат, барлығы 34 сағат)
Турлашева Алина Маратовна
№179 жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі
Пікір жазған: Т.О.Абишева, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің биология кафедрасының доценті
Түсініктеме хат мазмұны
Орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына, биология пәнінің мұғалімдеріне және болашақта жасушаның құрылысына ерекше көзқараспен қарап, зерттеу жұмыстарын жасап, шығармашылыққа қызыға оқитын жас талапкерлерге арналған. Әр бала ол-тұлға екенін ескерсек, оның білім дағдыларының дұрыс қалыптасуына заман талабына, өмір сұранысына сай болу ұстаздар қауымына жүктелген үлкен міндет.Элективті курсты оқып-үйрену, тыңдау,талдау, зерттеу, бақылау оқушының ой өрісін дамытып-ізденімпаздыққа, зеректікке, өз беттерімен жұмыс жобалай білуге баулиды.Жасушаның құрылысының суретін салып,жүйелеп талдап, зерттеп, саралап шығармашылық пен топтық немесе жұптық жұмысты жүргізу нәтижесінде ой-өрістері дамиды, тапқырлыққа үйренеді.Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері дамиды. Топпен жұмыс жасап органоидтарды ажырата біледі. Жасушаның органоидтарын елестетіп өз ойын қағаз бетіне түсіріп,сипаттап салыстырып үйренеді. Өз бетімен жұмыс істеу іс-әрекеті дамиды.
Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидаты - спиральділік негізінде құрылған, оның негізгі ерекшелігі:
оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе тапсырмаларды бірнеше рет қайталап оқиды;
əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе тапсырманың күрделілігі арта түседі;
жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, бағдарлама:
оқушылардың білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту талаптарына сәйкес;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай әзірленген;
Бағдарламадағы тапсырмалар мазмұны оқушылардың ойлау қабілеті арқасында бұрыннан игеріліп келе жатқан білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін тиянақтап, дамыта түседі. Тапсырманың дұрыс нәтижесін табу оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделіп, өздігінен орындауға, өздерінше іс-әрекет жасауға үйретеді. Берілген тапсырмаларда оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін логикалық, жаңалық ашуы, шығармашылық сияқты үш бағытта дамыту көзделген.
Сонымен қатар сабақтағы тапсырмалар олардың психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.
Бағдарламада оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар (шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік қабілеттер, өзгелердің мəдениетіне жəне көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық жəне айналадағыларға қамқорлық көрсету, өмір бойы білім алуға дайын болу) мен дағдылар (сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдау қабілеті, мəселелерді шешу қабілеті, ғылыми-зерттеу дағдылары, коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса), жеке жəне топпен жұмыс жасай алу қабілеті, АКТ саласындағы дағдылар) ескеріліп, биология пəні бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады.
Сонымен «Жасушаның құпия әлемі» таңдау курсы бағдарламасы жаңартылған білім беру мазмұны аясында белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. Бұл тәсілдер аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда, анағұрлым қуатты құрал болып табылады. Сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу стратегияларынан тұрады. Сондықтан кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттің бірі оқушы өз әлеуетін толық көрсете алатындай оқуға қызықтырып, қолдау көрсету арқылы оқыту, сондай-ақ, барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыру, сенімді, жауапты, ойшыл, жаңаға ұмтылатын және іске немқұрайды қарамайтын оқушыларды тәрбиелеуді мақсат ету болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |