Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып заман талабына сай іскер, жан – жақты терең білімді, эстетикалық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Құндылығы: Өзге ұлт өкілдерінің өнерін танып білу. Практикалық жұмыстар арқылы шеберліктерін жетілдіру. Табиғат аясына шығып сурет салу. Еркін шығармашылықпен айналысуға баулу. Әртүрлі техникаларды біріктіріп, жаңаша стильде жұмыс жасауға үйрету.
Бағдарлманың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу. Білім алушыларға шығармашылық ізденістердің тиімді жолдарын үйрету, эстетикалық мәдениетін жетілдіру.
Бағдарламаға — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер,көркем өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген тақырыптар еңгізілген.
визуалды өнер;
бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен танысу;
әр түрлі техникалармен танысу;
нұсқадан (натурадан) қарап салуды үйрену;
заттарды қағаз бетіне дұрыс үйлестіре білу, перспективолық заңдылықтар ережесін ұстануға үйрену;
балаларды есте сақтау, түстерді айыра білу, елестету, қиялдай білуге үйрету;
әсемдікті көре білуге, сұлулыққа сүйсінуге, таңдау жасай алуға үйрету;
көркемдеп безендіру жұмысы;
қолдың икемділігін, көзбен өлшеу, мөлшерлеуді дамыту;
Бағдарламаның тәрбиелік жағы:
жеке тұлға болып қалыптасуына, өзін қоршаған ортаға, адамдарға деген сезімін білдіруге үйрету;
баланың өнерге деген қызығушылығын нығайту, кез-келген жұмысты аяғына дейін табандылықпен жеткізуге баулу;
басқа ұлт өкілдерінің өнерлерін құрметтеуге, олардың жақсы жақтарын алуға тәрбиелеу;
шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, табандылыққа, жүйелілікке,тазалыққа тәрбиелеу; Бағдарлама мектеп мұғалімдері мен мектеп білім алушыларына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |