Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет337/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   384
Байланысты:
Факултатив

көркем әдебиет

  • музыка

  • мүсін

  • кескіндеме

  • театр

  • кино

  • би

  • сәулет өнері, т.б. түрлері бар.

    Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады.
    Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.
    Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, қазіргі таңда адамның жан азығы мен рухани байлығы іспеттес. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып - тануға міндеттіміз.
    Ұсынылып отырған бағдарламада кескіндеме, графика, визуалды өнер, композиция, перспектива, мүсіндеу өнері және сәндік қолданбалы өнерінің түрлерін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері қарастырылған. «Өнерлі өрге жүзеді» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жас жеткіншектердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу көзделген.
    Әрбір бөлім жеке-жеке қарастырылғанмен барлығының білім беру міндеті ортақ бір мүддені көздейді. Әр бөлімде оқытылатын материалдар жеке бір тапсырманы ғана емес, көптеген тапсырмаларды шешуге қатысады.
    Сурет сала білу білім алушылар дың рухани өмірінде де елулі із қалдырары сөзсіз.
    Қоғам дамуы мен жаңа технологиялық өзгерістер болашақ жастардан асқан шеберлік пен іскерлікті талап етеді.
    Тақырыптың өзектілігі: Сабақта заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу, қабілетін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   384




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет