ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУДІҢ ӘР ТҮРЛІ ЖОЛДАРЫ
8- сынып оқушыларына арналған
(аптасына -2 сағат, барлығы 68 сағат)
З.Т.Булегенова
А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі
Пікір жазған: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, Рh.D. докторы Байшемиров Жарасбек Дүйсембекович.
Түсініктеме хат мазмұны
Бүгінгі күнде Қазақстандық Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру.
Бұл оқушының білім алу жолындағы еркін тандау мүмкіндігінің кеңеюіне, математикалық білімнің қажеттігінің дамуына жол ашты. Бұл бағдарлама бойынша оқыту өте маңызды, өйткені математиканың практикалық бағыттылығы, тұлғаның логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға және оны дамытуға өмірлік нақты құбылыстарды танып білудегі ғылыми әдістері оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға мүмкіндік жасайды. Бағдарлама математика пәні бойынша: сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелерін шешуге, теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шығаруға, үшмүшелі теңдеулер және квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулер шешуге, жоғары дәрежелі теңдеулерді қақ бөлу және хорда әдісімен шешуге, иррационал теңдеулермен теңсіздіктерді, модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруге арналған.
Элективті курста оқушылардың теориялық білім алып, есептер шығарудың әдістерін меңгеріп қана қоймай сол сияқты логикалық, эвристикалық ойлауларына, дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуына жағдай жасалады.
Теңдеулер мен теңсіздіктер басқа көптеген салалардың негізі болатын классикалық математиканың маңызды бөлімі.
Курстағы қолданылған материалдардың құндылығы теңдеулер мен теңсіздіктер арқылы нақты істерді анализдеудің тұтастығын, ағымдағы процестерді ғылыми көзқарас тұрғысынан көрсету.
Мектеп оқушылары математика пәні оқытылатын жоғары оқу oрындарында осы курста алған білімдерін жүзеге асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |