Оқушылардың білімдерін бағалау
Баға
|
Пайыздық мазмұндама
|
Дәстүрлі формадағы баға
|
«5»
|
85-100%
|
Өте жақсы
|
«4»
|
65-84%
|
Жақсы
|
«3»
|
40-64%
|
Қанағаттанарлық
|
«2»
|
0-39%
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Мұғалім мен оқушыға арналған қолданылған әдебиеттер тізімі:
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат,2018 ж;
Интернет-ресурстар;
Математикадан функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған оқу-әдістемелік құрал, Алматы қ. Білім басқармасы ББЖТ ҒӘ орталығы, Алматы, 2018 ж.;
«Математиканың формулалары», 5-11 сынып, Қ.Қаңлыбаев, М.Омар. «Информ-Арна», 2012 ж.
«Қазақтың байырғы қара есептері», С.Елеубаев, «Қазақстан», 1996 ж.
«Оқушылардың жетістіктерін бағалауға қойылатын талаптар», Математика пәні мұғалімдеріне арналған, Батырбаева М.А., Кадырова С.У., 2011 ж.
«Математика тарихы», Қ.Қалиев, 1995 ж.
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006 ж., суретті. Кенжеахметулы С.
«Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999 ж.
«Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005 ж.
Жеті қазына (бірінші кітап) – Алматы: «Ана тілі» ЖШС,2007 ж.
Балалар энциклопедиясы, І,ІІ том.
Қазақ халқының салт дәстүрі. С.Қалиев, М.Оразаев Алматы 1994 ж.
Қазақтың байырғы қара есептері bilimdiler.kz.
Қосымша
Курс барысында мақсатқа жету үшін бірінші оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу жылының соңында немесе басында топтық (жеке) шығармашылық жұмыстардың тақырыбы беріліп, жұмыстың түрі (реферат, презентация, мәліметтер қорын құру, есептер құрастыру және т.б. ) таныстырылады. Білім алушыларға берілетін шығармашылық тапсырмалар, рефераттар, презентациялар және басқа да ізденіс жұмыстардың үлгі тақырыптары:
Ұлы дала жері;
Ер қанаты ат;
Зергерлік бұйымдар-дала өркениетінің технологиялық даму үлгісі;
Оюлар симметрия туралы сыр шертеді;
Аң стилі - жануарлар бейнесін тұрмыста қолдану;
Алтын адам-әлемдік ғылым үшін сенсация;
Ұлы даланың ұлы есімдері;
Ұлы Жібек жолы-мәдениет пен сауданың даму жүйесі;
Асқақ Алатау баурайы алма мен қызғалдақтың отаны;
Қазақстан- түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»;
Ежелгі Отырар нысандары;
Қазақтың ұлттық аспаптары;
Домбыра сыр шертеді;
Халық ауыз әдебиеті біздің мақтанышымыз;
Ұлы даланың көне сарындары;
Ұлы даланың мифологиясы мен фольклоры;
Тарихи кино туындылар;
Бесік- қазақтың ажырамас еншісі;
Шаңырағы шайқалмаған ұлы дала;
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары;
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері.
Оқу жоспарына сай жоғарыда берілген тақырыптар негізінде алынған мәліметтерді қолданып математикалық ұғымдар түсіндіру мен математикалық формулалар қолданудың бірнеше мүмкіндіктеріне тоқталайын:
Қазақ үй (киіз үй) туралы мәліметтер жинақталады:
Киіз үй — қазақ халқының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Киіз үй - көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Киіз үйдің қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын ханмәжіліс ордасы. Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй. Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй. Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Математикалық есептеулер жүргізіледі және есептер құрастырылып, шығару жолдары беріледі.
Киіз үйдің құрылысын математикада төртбұрыштардың қасиеттері, көпбұрыштардың периметрі мен ауданы, цилиндр мен конустың ауданы мен көлемі т.б. тақырыптарда қолдануға болады.
№1 Киіз үй керегесінің екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен, желге өте төзімді. Бір қанат орташа есеппен 30 ромбтан (торкөз) тұрады. Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар үйі. Боз үйде барлығы неше ромб болуы мүмкін?
№2 Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық» деп аталатын жарма есік орнатылады. Есіктің периметрі мен ауданын есепте.
№3 Жайылған кереге ұзындығы 3 метрге тең болғанда, бір керегеде уық байланатын 17 бас болғаны тиімді деп есептеледі . Алты қанатты үй керегенің басы (6×7)=102 бас. Онда 12 қанатты үйдің неше уық байланатын бас болғаны?
№4 Кереге бекітілетін уық саны-102 бас. Барлық уық саны 107, сонда 5 уық қайда бекітілген?
№5 Уықтың бойына түскен күн сәулесінінің жолы бойынша уақыт (1-5мин.) дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Егер, үйдегі уықтың саны 72 болса, әрбір екі уықтың арасы неше градусқа тең.
№6 Үйдің биіктігінің диаметріне қатынасы жуық мөлшерде 0,62 – ге тең. Биіктігі 6 метр болатын киіз үйдің табанының ауданын табыңдар.
БАҒДАРЛАМА
элективті курс
ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН МАТЕМАТИКАДА ҚОЛДАНУ
6-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы
(аптасына - 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |