Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


ФИЗИКАНЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ БІЛІҢІЗ



бет226/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   384
Байланысты:
Факултатив

ФИЗИКАНЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ БІЛІҢІЗ
6 сынып оқушыларына арналған
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат


С.М. Тиреуова
№119 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімдері

Пікір жазған: Сыдыкова Ж.К,.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің физика-математика және информатика институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандитаты




Түсініктеме хат
Ұсынылып отырған «Физиканы есептер шығару және эксперимент жасау арқылы біліңіз» атты элективтік бағдарлама физика пәніне қызығушылық танытатын 6 сынып оқушыларына арналған. Осы бағдарлама аптасына 2 сағаттан (68 сағат жыл бойына) есептелген.
Курстың мақсаты физика пәні бойынша оқу материалдарын саналы түрде оқып үйрену үшін мотивциялық негіздерді қалыптастыру, оқушылардың білімдерін тереңдету болып табылады.
Курсты оқыту барысындағы міндеттер:

  • оқушылардың әлем туралы ой-өрістерін кеңейту;

  • қоршаған ортадағы заттар, механизмдер, машина және техника құрылғыларына оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың ой-өрісін дамыту;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу;

  • оқушылардың өз білімдерін әр түрлі салада қолдана білуге үйреу;

  • есептердің шешімдері мен жауаптарын талдауға үйрету;

  • топпен және жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқытудың әдіс-тәсілдері
Элективтік курсты оқытуда эвристикалық әдістер қолданылады:

  • зерттеу әдістері (өзара ұқсастықты салыстыру, жіктеу және т.б.)

  • эвристикалық бақылау әдістері;

  • гипотеза әдістері;

  • болжам әдістері;

  • қателер әдісі;

  • оқытудың өзін-өзі ұйымдастыру әдісі,

  • өзара оқыту әдісі,

  • өзін-өзі бағалау әдісі.

Элективті курсты оқытуға жылына 68 сағат (аптасына 2 сағаттан) бөлінген. 12-13 жастағы оқушыларды оқуға арналған және назарға оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет