1.Сөздікпен жүмыс:
Жаңа сөздерді оқулықтан жазу.
Қызығушылықты ояту.
Өлеңнің аудио нұсқасын тыңдату.
Жаңа тақырып:
Танып білу кезеңі: Д.Бабатайұлы 1802жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген.Қарапайым ортадан шыққан.Жастайынан ауыз әдебиетінен, жыраулар мұрасынан нәр алып өскен. «Өсиетнама» атты өлеңдер жинағы бар. Ақынның шығармалар жеке кітап болып басылып шыққан.
Түсіну кезеңі:1/ Өлең неліктен «О, Ақтан жас,Ақтан жас» деп аталды, өлең бойынша жай жоспар құру:
1/Жетімдік
2/Тоқшылық
3/Бозбала шақ,ғашықтық
4/Жастық шақ,батырлық
5/Ел қорғаны
6/Орындалған арман
7/Үміт
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Бежін-Қытай елінің астанасы Пекин.
Қолдану кезеңі: Өлең кейіпкері-Ақтан жасқа тән сипаттар:
Қамқор көңіл, күмәнді күдік, асқақ арман,
болашаққа деген сенім.
Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау. Қысқаша түсінік беру,еске түсіру . /Шұбыртпалы ұйқас/
Жа- рық сәу- ле // кө- ре ал- май, а 8буынды,2бунақты
А.б б.б б.б а.б. а.б а.б т.б б.б
Ел ша -ңы на // е- ре ал- май, а 8буынды,2бунақты
Т.б а.б а.б а.б а.б а.б т.б б.б
Сол бо- йы //ке- тер ме е- кен- сің? ә 9 буынды,2бунақты
Б.б а.б а.б а.б б.б а.б а.б б.б б.б
Жа -пан- ға біт- кен жа- пы- рақ б
А.б б.б а.б б.б б.б а.б а.б б.б
Өлеңнен тұрақты сөз тіркестері мен шешендік оралымдардың айырмашылығын тауып,жазу.
Шешендік оралымдардың еркін тіркестерге қарағанда ой жүйріктігіне құрылады.
Тұрақты тіркестердің орны ауыстырылмайды, шешендік оралымдарды, еркін тіркестерді ауыстыруға болады.
Мысалы: /Жетімдік белі, кедейлік белі,жоқшылық белі;жарық сәуле,от сәуле,т.б./ ел шаңы-көш шаңы;шаң бермейтін-түр бермейтін.
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер.
Кәсіби сөздер
қолөнершілікке ауыл шарушылығына
(ағашшылық,ұсталық, (мал, астық, балық, аңшылық, темекі,
өрімшілік , зергерлік) мақта, күріш, қызылша)
Термин сөздер дегеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.
2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.
2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.
Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1 тапсырма
Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.
Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.
Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.
Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.
Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.
Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді
2тапсырма
Семантикалық картаны толтыр.
Термин сөздер
|
Аударылған термин
|
Интернац. термин
|
Кеден
|
|
|
Карта
|
|
|
Синоним
|
|
|
Жарғы
|
|
|
Әмбебап
|
|
|
2 тапсырма
Математика
Медицина
География саласына термин сөздер жазындар.
Үйге тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ереже жаттау
|
Студенттер сұрақтарға жауап береді
Ереже жазады
тапсырмасын орындайды
Бекіту жұмыстарын жасайды.
|