72
құрылады. Жұмысты бұл негізде ұйымдастыру теорияның болашақ
практикалық жұмысты жоспарлауын негіздейді.
Басқа адамдармен салыстырғанда лидер туылғанынан табиғи әлеуетке ие,
ол оған кӛп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, нағыз лидер
болып ерлік танытып жалпы қабылданған қағидалармен жүрмей, ӛзін жасайтын
адам табылады және ӛзінің табиғи әлеуетін қайрай, дамыта, іске асыра отырып
табысқа қол жеткізеді. Лидерге дұрыс бағытты интуиция кӛрсетеді. Интуитивті
кӛзқарасқа ие болу оңтайлы таңдау жасау қабілетін білдіреді [11,с.90-92].
Кӛптеген зерттеушілер «лидерлік әлеует» түсінігін қандай да бір
қызметтің жүзеге асу тиімділігін берілген объективті жағдайларда жеке басы
мен іскерлік ресурс арқылы беделге жету мақсатында қамтамасыз ететін және
анықтайтын ерекше ықпалдастық қасиет ретінде анықтайды. Лидерлік әлеует
тиісті қажеттіліктер мен уәждердің, сондай-ақ, ӛз әрекеттері үшін
жауапкершілік алудың белгілі бір деңгейінің болуын тұжырымдайды. Жастық
шақта қажеттіліктердің барлық жүйесі қалыптасып жатқан дүниетаныммен
реттеледі және ықпалдасады. Басқа адамдармен салыстырғанда лидер
туылғанынан табиғи әлеуетке ие, ол оған кӛп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Дегенмен, нағыз лидер болып ерлік танытып жалпы қабылданған
қағидалармен жүрмей, ӛзін жасайтын адам табылады және ӛзінің табиғи
әлеуетін қайрай, дамыта, іске асыра отырып табысқа қол жеткізеді. Лидерге
дұрыс бағытты интуиция кӛрсетеді. Интуитивті кӛзқарасқа ие болу оңтайлы
таңдау жасау қабілетін білдіреді [11,с.90-92].
Студенттердің лидерлік әлеуетінің маңызды танылуы болып олардың
мінез-құлықтарының анықтаушылығы, реттілігі (мақсат, уәж, тәсілдердің
келісімділігі), сондай-ақ, топтың басқа мүшелерімен оңтайлы ӛзара
әрекеттестік табылады. Белгілі бір сатыда бұл әлеуетті лидер тобының
жастардың жалпы кӛпшілігінің ішінен бӛлініп шығу критерийі болуы мүмкін.
Студенттерде лидерлік әлеует дамуы тұлғаның құндылықты-мәнділікті
бағдарына негізделетін лидер
болу қажеттілігінің қалыптасуынан басталады.
Тиісінше, бұған психологиялық білім мазмұнын жобалау бағытталуы қажет.
Зияткерлік қана емес, қоғамдық қызметте де табысқа қол жеткізуге нұсқама
лидерлік функцияларды орындауға ынтаны дамытады. Беделге ие болу,
жолдастар тарапынан жауапты шешім қабылдау құқығын мойындауы – бұл
ӛзін-ӛзі бағалауды ӛсіретін, тұлғалық құндылықты қалыптастыратын ӛмірдегі
елеулі табыс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: