Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет21/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Жеке тұлғалық амал
. Жеке тұлғалық амал студенттерге деген құндылық 
қатынасты қалыптастыруға, білімалушының жеке тұлғалық қасиеттері мен 
даралығының ӛрістерінің (зияткерлік, түрткілік, кӛңіл күй, еріктік, пәндік 
зияткерлік, ӛзіндік реттеу) қалыптасуына негіз болатын тәрбиелеудің ерекше 
мазмұнын айқындауға жағдай туғызады. 
Тұлғалық – іс-әрекеттік тұғыр
оқудан тыс жұмыста, білім алушылардың 
қызығушылығына 
бағытталған, 
ӛмірлік 
жоспарларын, 
құндылықты 
бағдарларын ескеруші, жасырын мүмкіндіктерін дамытушы оқыту мәнін 
түсіндіруші студент іс-әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тұлғалық – 
іс-әрекеттік тұғыр негізінде студенттер лидерлік әлеуетін белсендіру үдерісінің 


67 
деңгейлі сипатын анықтау мүмкіндігі айқындалады, оның әрбір деңгейі белгілі 
тұлғалық сапалар мен қор мүмкіндіктерін игерумен сипатталады.
Акмеологиялық тұғыр
жеке әлеуметтік – кәсіби дамуының белгілі деңгейін 
ӛтудегі, нақты жаңа түзілулер және жетістіктермен жалғасын табушы 
студенттер құндылықтарын кешенді түрде зерттеу, оның барысында жеке, 
тұлғалық және субъективті – іс-әрекеттік сипаттамалар бірлескен негізде 
қарастырылады. Акмеологиялық тұғыр студенттердің ішкі мүмкіндіктерін 
анықтауға кӛмек береді.
Аксиологиялық тұғыр 
студент бойында лидер позициясы құрылуының 
эмоционалды – құндылығы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, оның 
негізінде ӛз тұлғалық және іскерлік қоры арқылы ӛзгелерге әсер ету студент 
үшін маңызы бар іс-әрекетке айналады.
Аристотельден бастап Ньютонның

ашқан жаңалықтарынан кейін табиғат 
пен адам эволюциясы секірістерсіз, ауытқуларсыз, қайта оралуларсыз 
таусылмайтын себеп-салдарлық байланыстар тізбегі ретінде қарастырылады. 
Синергетикалық амал ӛзін-ӛзі басқару, ұйымдастыру, дамыту тұрғысынан 
қарастырылады. 
Синергетикалық амал 
- педагогикада қолданылатын ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру, ӛз білімін толықтыру және ӛзін-ӛзі жетілдіру әдістерін меңгеру 
болып саналады. Синергетика («синергия» грек тілінен аударғанда бірлесіп 
әрекет ету, ынтымақтасу), ӛзін-ӛзі жетілдіру үрдісін коммуникативтік тұрғыда 
ұйымдастыруды талап етеді. Аталған үрдіс барлық элементтердің ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру 
қабілеті 
нәтижесінде 
жүзеге 
асады. 
Ӛйткені 
олар: 
білімалушылар,оқутушылар т.б. топтар ақпаратқа ашық жүйелер болып 
табылады. 
Сондай-ақ 
студенттердің 
лидерлік 
әлеуеттерін 
дамыту 
синергетикалық амалдың нәтижесі білім мен тәрбиенің мақсаттары мен 
мазмұнының ӛзгеруінде, жаңа парадигманың пайда болуында, ақпараттармен 
алмасу құралы ретіндегі жаңа технологиялардың қолданылуында басқару 
үрдісін синергетикаландыруда кӛрінеді. Яғни синергетикалық амал педагогика 
ғылымында дидактикалық қызметте кӛрініс, дамыта оқыту технологиясымен 
тығыз байланыста қарастырылады. Синергетика термині ӛткен ғасырдың 
жетпісінші жылдары пайда болған. Жаңа бағыт үшін ұғым ретінде ғылымға 
белгілі неміс ғалымы Г.Хакен ендірген еді [130].
Педагогикалық жүйелер үшін синергетизм - бұл ӛзара дамушы кіші 
жүйелердің бойында жаңа құрылымдардың туындауына, энергетикалық және 
шығармашылық әлеуетінің артуына әкелетін және олардың дамудан ӛзін 
дамытуға кӛшуін қамтамасыз ететін кіші жүйелердің (оқыту мен оқудың, 
тәрбие мен ӛзін тәрбиелеудің) ӛзара ынтымақтасу түрі. 
Н.Кузьмина «Адам ӛзін-ӛзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады, 
ол үшін әртүрлі дереккӛздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде 
қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты 
әрекеттер жасайтынын анықтаған» [131]. 
Сондықтан, кері байланыс рефлексияның негізін құрайтын бӛлшегі ретінде 
келесі қадамға, ойға, әрекетке түрткі болуға бағыттайды. Білім алушы 
рефлексия арқылы әрекет тәсілін түсініп, мәселені саналы меңгере алады.


68 
Рефлексия – білім беру үрдісі субъектісінің ӛзіндік талдауы, ӛзіндік 
бағалауы, білім алушының ӛз күйінің ӛзгерістерін тіркеуге даярлығы және 
қажеттігі, осы ӛзгерістер себептерін анықтауы.
Ғылымда рефлексия әлеуметтік жүйенің ӛзіндік сана жағынан түсіндірілуі, 
оның элементі мен даму факторы болып табылатындығы аталған, ал 
М.М.Мұқанов жүйенің интеллектісі бар ғана жүйе емес, сонымен әрекеттесетін 
жүйелерге әсер ететінің белгіледі. Мысалы, іс-әрекет компоненттерін еске 
түсіру, санадан ӛткізу, оның мәнін, түрін ӛзекті мәселелерін белгілеу, шешу 
жолдарын анықтаудан тұрады [132].
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың 
инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б.З.Вульфов [133] пен 
В.И.Харькин «Рефлексияны ешкім және ешнәрсе алмастыра алмайды»деген 
пікір білдіреді [134]. 
Рефлексиялық амал - 
кәсіби қалыптасу барысында туындаған қарама-
қайшылықтарды анықтауға, ӛзін-ӛзі тану мен ӛзіндік қадағалау жүргізуге 
мүмкіндік береді. Ғылыми тұрғыда рефлексия тек қана қабілет түріндегі үрдіс 
емес, құбылыс ретінде қарастырылады, соған орай оның келесі жіктеулері 
ұсынылады: 
- жобалаушылық рефлексиясы - педагогикалық әрекеттерді үлгілеу, 
жобалауға, мақсат қоюға бағытталған; 
- ұйымдастырушылық рефлексия - педагогикалық әрекетті, оның 
субъектілерінің конструктивті, ӛнімді қарым-қатынас құруға бағытталған; 
- коммуникативтік рефлексия - педагог, ата-ана және оқушы арасындағы 
диалогті құруда маңызды жағдайдың бірі
- мағыналы рефлексия - педагогикалық үрдіске қатысушылардың 
саналарына ӛздерінің әрекеттеріне мағына беруге бағытталған; 
- ынталандырушылық рефлексия - педагогикалық әрекеттің бағытын, 
сипаттамасын, нәтижелілігін анықтайды; 
- түзетушілік рефлексия - педагогикалық үрдіске қатысушылардың ӛзіндік 
әрекеттерін жағдайға байланысты реттеуге бағытталған. 
Зерттеу мәселесінде рефлексияны оқытушы мен білімалушының бірлескен 
әрекетіне байланысты қарастырып, қабілеті мен мәдениеті ретінде 
қалыптасатын құбылыстарын, сондай-ақ, үздіксіз жүріп отыратын үрдіс деген 
ой түйіндейміз.
Сонымен жоғарыдағы лидерлік әлеуетке қатысты кӛзқарастарды зерделей 
келе, біз студенттердің лидерлік әлеуетінің құрылымын анықтадық (сурет 2).
 


69 
Сурет 2- Студенттердің лидерлік әлеуетінің құрылымы 
Лидерлік әлеует – бұл бұл жүйелі, интегративті тұлғалық құрылым, ол 
интеллектуалды, мотивациялық, эмоционалды- еріктік, кәсіби – құндылықты 
сапалар жиынтығын кӛрсетеді.
Әлеует категориясы жалпығылыми ұғымдар қатарына кіреді, олардың 
әдіснамалық негізі педагогика үшін аса маңызды. Әлеуеттік педагогикалық 
қызметі тұлғаның шығармашылық іс-әрекеті бағытында іске асады, ол ӛзіндік 
ӛмірдің шығармашылық қайта құруына жауап береді. «Лидерлік әлеует» 
термині «шығармашылық тұлға», «тұлға креативтілігі», «дарындылық» деген 


70 
ұғымдармен теңестіріледі. Сонымен қатар кӛптеген ғалымдар аталған 
терминдерді бір мағынада қарастырған.
Тұлғаның лидерлік әлеуетін анықтауда келесілерді қабылдауға болады – 
бұл дербес мүмкіндіктер мен тұлғаның ішкі қажеттіліктерінің бірлесуі, іс-
әрекет нәтижесін анықтаушы білім, білік, сенім, жеткілікті деңгейдегі 
құзыреттілік интеграциясына қол жеткізу, жауапкершілік, белсенділік, 
коммуникативтілік, олар топ мүшелеріне белгілі шешімді ортақ қабылдау 
кезінде ұжымды шығармашылық ӛзіндік орнын анықтау мен ӛзіндік дамуғы 
ынталандыру.
Сәйкесінше, студенттің лидерлік әлеуеті тек табиғи резервтен ғана емес, 
тұлға резервінен, үздіксіз білім алу және әлеуметтену үдерісі негізінде 
қалыптасқан білімінен тұрады.
Осыған сәйкес студенттік қордың лидерлік әлеуетінің қалыптасуы 
олардың ӛзіндік лидерлік әлеуетін іске асыруы, оған қажетті білім және білік, 
лидерлік позиция мотивациясының іргетасы болатын лидерлік іс-әрекет 
тәжірибесі болады.
Осылайша, активист – студент тұлғасының лидерлік әлеуеті астарлармен 
берілген, оның мәні негізінен мүмкін болатын лидер критериалды 
аспектілерімен кӛрінеді: мәндік – белсенділік және жауапкершілік; стилдік – 
коммуникативтілікте, ұйымдастырушылық – құзыреттілікте.
Лидерлік мәселелерін зерделеудің кӛптеген тәсілдемелерімен қатар, біздің 
ойымызша, Стивен Р.Ковидің идеялары қызық [135], ол тұлғаның 
қарқындылық қабілетін, яғни, жетекші болу қабілетін пайдаланады. 
Ковидің моделі үш негізгі компоненттерден тұрады: ықпал ету шеңбері; 
маңыздылық шеңбері, кӛшбасшының проактивтілігі, яғни, ӛз әлеуетін
бірлескен қызмет үдерісінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Мүмкін болатын 
шиеленістер мен қарама-қайшылықты нақты кәсіби қызметтің еліктемесінің 
үлгісін жасап шығаруға студенттер – болашақ мемлекеттік қызметкерлердің 
кӛшбасшылық 
әлеуетін 
қалыптастыруға 
мүмкіндік 
беретін 
ойын 
технологиялары кӛмектеседі (кесте 7). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет