Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

 
міндеттері:
 
студенттердің лидерлік әлеуетін, басқарушылық 
біліктілігін, психологиялық және коммуникативтік мәдениетін, рефлексияға 
мүмкіндігін дамыту; аналитикалық және сын тұрғысынан ойлауға, ӛзіндік 
бағалауға, топта, командада жұмыс қабілеттілігін, шығармашылық және 
зияткерлік 
мүмкіндіктерін, 
ӛмірлік 
қиын 
жағдайға 
эмоционалды 
тӛзімділіктерін, табандылық және ерік – жігерін, ӛзіне деген сыни кӛзқарасын 
дамыту; әлеуметтік маңызы бар іс-әрекетке деген түрткісін оятып, ұжымда 
жағымды психологиялық ахуал құру үшін жағдай жасау.
Эксперименталды бағдарлама мазмұны тәжірибелік іс-әрекет дамуына 
және белгілі ұйымдастырушылық біліктіліктер мен дағдыларды игеруге 
мүмкіндік береді.
Ендігі кезекте студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға бағытталған 
жоғары оқу орнының- білім беру ортасының лидерді дамытудағы орнын және
маңызын ашып кӛрейік.
Әлеуметтік психологияда лидерлік феноменін зерттеушілер лидерлік 
әлеует дамуының басты бағыттары а) ӛмір қожайыны сенімді сезімі мен ӛзін-
ӛзі сезінуі (бұл формула аутотренинг техникаларында жиі қолданылады); ә) 


81 
ӛзін-ӛзі әдемі ұсыну, нақты айтқанда адамдарды тәнті ете білу; б) алға бұзып 
ӛтуді талап ететін жағдайдың болуы деп есептейді. 
Бүгінгі жастар, студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуды біздің 
ойымызша үш басты құрамдас бӛлікке ие болуы мүмкін үдеріс ретінде 
қарастыруға болады: 
1.
Қоғамның, топтың немесе оның мүшелерінің лидермен жұмыс істеуге 
дайын болуы. 
2.
Жас адамның лидер болуға ұмтылысы мен ниеті.
3.
Ортаның немесе лидердің ӛрісінің әлеуметтік құрылымдалуы. 
Лидерлік ӛрістің құрылымдалуы лидерлік әлеуеттің дамуы жүретін
жағдайлармен тікелей байланысты. «Жағдаяттарды» әлеуметтік ғылым санаты 
ретінде зерттеудің басталуы ӛріс теориясын әзірлеген К. Левиннің еңбектерін 
жатқызуға болады. Әлеуметтік мінез-құлықтың анықтаушылары ретіндегі 
жағдаяттың рӛлі туралы мәселені қарастыру бойынша белгілі бір үлесті кезінде 
Г.Оллпорт, С. Кевин, В. Томас және т.б. қосты. Лидерлік ӛрісі параметрлеріне 
жататындар: топ композициясы, топтағы тұлғааралық қатынастар, қызмет пен 
қарым-қатынас сипаты, тұлғаның орын алып жатқанға қатыстылығы сезімі мен 
қызметке жауаптылығы, қызметтің бағыттылығы және тұлғаның топтағы 
мәртебесі [122,с.10]. 
Студенттердің лидерлік әлеуеттерінің маңызды танылуы болып олардың 
мінез-құлықтарының анықтаушылығы, реттілігі (мақсат, уәж, тәсілдердің 
келісімділігі), сондай-ақ, топтың басқа мүшелерімен оңтайлы ӛзара 
әрекеттестік табылады. Белгілі бір сатыда бұл әлеуетті лидер тобының 
жастардың жалпы кӛпшілігінің ішінен бӛлініп шығу критерийі болуы мүмкін.
Студенттерде лидерлік әлеует дамуы тұлғаның құндылықты-мәнділікті 
бағдарына негізделетін лидер
 
болу қажеттілігінің қалыптасуынан басталады.
Тиісінше, бұған психологиялық білім мазмұнын жобалау бағытталуы қажет. 
Зияткерлік қана емес, қоғамдық қызметте де табысқа қол жеткізуге нұсқама 
лидерлік функцияларды орындауға ынтаны дамытады. Беделге ие болу, 
жолдастар тарапынан жауапты шешім қабылдау құқығын мойындауы – бұл 
ӛзін-ӛзі бағалауды ӛсіретін, тұлғалық құндылықты қалыптастыратын ӛмірдегі 
елеулі табыс болып саналады. 
Психологиялық білім беру әлеуетті лидердің ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге 
ынтасының артуына кӛмектесу қажет. Бұл үдерісте оларға маңызды болатын 
жеке бастың ұйымдасушылығы, ӛзіндік тәртіп, эмоционалды-жігерлік әуелеттің 
нығаюы мен дамуы, ӛзін-ӛзі реттеу мен ӛзін-ӛзі бақылау сияқты қасиеттердің 
дамуы, сондай-ақ, демотивация факторларын (тӛмендетілген ӛзіндік баға, жеке 
құндылықтардың 
шайылуы, 
ӛмірлік 
мәнді 
бағдарлардың 
бұзылуы, 
қалдырылған ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі шектеу) жою орын алады. Кез-келген 
әрекеттің ӛзін-ӛзі реттеуінің міндетті компоненттері болып мінез-құлықтың
ӛзін-ӛзі реттеу үдерісінің оны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде ӛзегі 
ретінде кӛрініс табатын және мінез-құлықтың қол жеткізілген әсерін түсініп 
қабылдауға елеулі ықпал ететін ерік-жігер мен ӛзіндік баға табылатын ескеру 
қажет [10, с. 64]. 


82 
Субъектінің лидерлік әлеуетінің ашылуы ұжым құрылуы үдерісімен тығыз 
байланысты. Топ пен оның лидерінің құндылықты- бағдарлық біртұтастығы 
лидер ұстанатын, оның рухани-адамгершілікті және болмыстық бағытталуын 
білдіретін құндылықтары, ӛмірлік мәндерін топтың басқа мүшелері қуаттайтын 
жағдайда пайда болады. Мысалы, табысқа бағдарланған лидер тек ӛзі ғана 
ӛсіп, дамып, арнайы және базалық, ӛзекті құзіреттіліктерге ие болуына 
болмайды, ӛз курстастарын да оқуға ынталандыруы қажет.
Субъект таңдап алған қызметтің социомәдени моделіне, үстемдік ететін 
дүниетанымына, 
құндылықты-мәндік 
бағдарлардың 
қолданыстағы 
координаттар жүйесіне байланысты А.Г.Асмолов тұлға дамуының екі 
стратегиясын бӛліп кӛрсетеді: пайдалылық мәдениеті парадигмасында және 
құндылық мәдениеті парадигмасы [123,с.46]. 
Ең жағымды нұсқа болып лидерлік әлеуетті дамыту стратегиясының
құндылық мәдениеті парадигмасы табылады, ӛйткені, субъектінің жеке басы 
мәніне сүйене отырып, ол лидердің маңызды қасиеттерінің тұрақты 
(конъюктурадан тыс) дамуын қамтамасыз етуге қабілетті: табысқа бағытталу, 
ерік-жігер, жауапкершілік, толеранттылық. Құндылық – тұлғаның ӛзіндік 
құндылығын білдіретін ықпалдастық қасиет, «оның ӛзіндік сана-сезімі мен 
ӛзін-ӛзі бақылауының негізі, адамның үлгілік бейнесі, индивидтің ӛзінің 
алдында тұлға ретінде жауапкершілігі»[118,с.38]. Тұлғаның құндылығы – 
қалыптасуы дәрежесін, субъектінің тұлғалық дамуының анықтаушылары болып 
табылатын басқа қасиеттерінің дамуын кӛрсететін психологиялық жаңа 
туынды.
Лидерлік – топтағы түлғааралық қарым-қатынас жүйесінде үстемдік ету 
мен бағыну, ықпал ету мен еру қатынастары. Фрэнк Карделлдің пікірі бойынша 
«біз барлығымыз қалай болғанда да лидер болып табыламыз – отбасында, 
ұжымда, мектепте, жұмыс орнында және әлемде». Лидерліктің кӛптеген 
нұсқалары бар, олардың әрқайсысы белгілі бір қажеттіліктерге сәйкес келеді 
(жеке, кәсіби, әлеуметтік салаларда). Ӛзімізде кӛшбасшыны іздеу мен табу 
толық жауапкершілікті талап етеді дейді Ф.Кардэлл. «Бұл біз ӛтуіміз керек 
жол, біз дайындалусыз керек бастама және онда барлық болмысымызбен 
қатысуымыз қажет» [98,с.56]. 
Студенттік жас субъектінің барлық құндылықты бағдар жүйесінің 
түрленуімен, оның кәсібиленуіне байланысты ынталануы, арнайы 
қабілеттердің қарқынды қалыптасуымен сипатталады. Ӛзін қызмет субъектісі 
мен белгілі бір қоғамдық құндылықтарды тасығыш, әлеуметтік пайдалы тұлға 
ретінде сезіну, мінез-құлықтың сана-сезімдің уәждерінің күшеюі бұл кезеңді 
бастама, шығармашылық қабілеттердің дамуы, оның ішінде табысқа жету 
қажеттілігі, жеке басының тиімділігін арттыру үшін ең сензитивті етеді.
Сондықтан, студенттік лидерлік әлеуеттерді анықтау мен мақсатты дамыту 
басқарушылық элитаның қалыптасуының тиімді шарасы болуы мүмкін.
Жоғарыда 
қарастырылған 
бағдарлама 
эксперименттің 
келесідей 
кезеңдерінде жүзеге асты (кесте 10): 


83 
Кесте 10 – Эксперимент кезеңдері 
Кезеңдер
Негізгі мазмұны 
Күтілетін нәтиже 
Диагностикалық 
Педагогикалық жоғары оқу орнының 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту 
мәселесін анықтау 
Эксперимент 
тұжырымдамасы
Ұйымдастырушыл
ық 
Экспериментке 
қатысушылар 
мен 
қатысушы жоғары оқу орнын анықтау. 
Экспериментті 
ғылыми- 
әдістемелік 
жағынан қамтамасыз ету 
Экспериментке 
қатысуылар 
құрамы, 
Экспериментті 
ғылыми- 
әдістемелік 
сүйемелдеу 
Тәжірибелік 
«Педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарының студенттерінің лидерлік 
әлеуетін дамыту» экспериментін ӛткізу 
Студенттердің 
лидерлік 
әлеуетін 
дамытуға дайындалған 
әдістемені ендіру. 
Эмпирикалық 
мәліметтерді алу 
Қорытынды
Эксперименталды жұмыстың талдауы. 
Эксперимент нәтижесін шығару. 
Зерттеу 
болжамын 
дәлелдеу 
Бағдарлама студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға бағытталған және 
тӛмендегідей оқытуды ұйымдастырудың қағидаларына негізделген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет