131
Сонымен қатар, студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту шарттарының бірі
- педагогтардың лидерлерді тәрбиелеуге дайындығы, оның ішінде лидерлік
сапаның анықтаушы факторы – қазіргі кездегі лидерлік феномені;
педагогтардың лидермен жұмыс жасау ерекшеліктері, студенттің лидерлік
әлеуетін диагностикалау дағдысы, топтағы лидерлік орта құру қабілеті,
лидерлермен әрекетке түсу ұмтылысы.
Студенттерде лидерлік әлеуетті дамыту ӛзектілігін, олардың кәсіби
қызметтегі маңызын сауалнама алынған студенттердің 98%-ы растап отыр.
Соның негізінде лидерлік әлеуеттерді дамыту ӛзектілігі мынадай жағдайларда
анықталады:
1)
Жаңашыл әлеуметтік талаптарға сәйкес келетін жаңа ұрпақ мұғалімінің
қалыптасуы;
2)
Болашақ мұғалімнің бәсекеге қабілетті тұлға болуындағы лидерлік
әлеуеттің маңыздылығы;
3)
Лидерлік әлеуеттің педагог қызметінің жоғарылуына тиімді әсер етуі;
4)
Оқушылар бойында лидерлік әлеуеттің дамуы, мұғалім бойында да осы
қасиеттердің болуы шарттылығы;
5)
Лидер оқытушы оқу орнындағы реформалауда белсенділік таныту
және оқу-тәрбиелік үдерісте ӛзгеріс енгізе алу қабілетінің болуы.
Мұғалімдерден алынған сауалнама бойынша лидерлік әлеует студенттік
шақтағы ӛзін-ӛзі таныту үшін ғана маңызды құрал болып есептелмейді,
педагогикалық жоғары оқу орындары бітірушілерінің кезекті әлеуметтік
бейімделуі үшін де маңызды.
Лидерлік әлеует ӛмірлік іс-әрекеттің шарттарына сәйкес екпіндеп ӛзгеретін
болашақ мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына кӛмектеседі.
Жоғары оқу орындары студенттерінің бойындағы лидерлік әлеуеттің дамуына
жағдай жасау, білім берудегі қызмет кӛрсету нарығындағы бәсекелестікке
қабілеттілік шарттарындағы саналы кӛзқарастың маңызы зор.
Сонымен
қатар,
педагогика
және
психология
мамандығының
студенттерінен «
Достарыңызбен бөлісу: