Оқулықпен жұмыс
25 минут
|
«Қателеспе» ойыны ойнатылады. Үш оқушы кезекпен 3-ке бөлінетін сандарды өспелі түрде атайды. Ойынды кез-келген саннан бастауға болады. Қателескен оқушы ойыннан шығады. (Ойынға оқушылардың кез-келген саны қатыса алады).
Өзіндік жұмыс
Оқушылар дәптерлерінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты орындап біткеннен соң дәптерлерін жұпта алмасып, өзара бағалау жұмысын жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауап парақтарын таратады.
1. 2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.
2. 98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.
3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз.
4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға , 5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай
сан?
5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз.
|
Дескриптор
- Натурал сандарды берілген санға бөлу амалын біледі;
- Әр көбейткіштің жеке-жеке берілген натурал санға бөлінетінін немесе бөлінбейтінін біледі;
- Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін біледі;
- Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.
|
Бағалау:
«Ротация» әдісімен бағалайды. Әр топ басқа топтардың жұмысындағы, кескіндеген
|