Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1-тапсырманы орындатады.
Жол апатының болу себептерін толық ашып түсіндіреді.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді мәтін бойынша және өз пікірін айтады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы -4 балл.
- Сұрақтарға жауап береді
-Өз пікірін айтады.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№4-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Жазылым.
4-тапсырма. Мәтін мазмұнына қарай отырып, көліктің адам өміріне пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтін құрап жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
|