Утегенова Гүлжан Сейтханқызы
№83 А.Байтұрсынов мектебінің математика пәні мұғалімі
1.Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірдің анықтамасы
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Квадрат түбірдің анықтамасы туралы түсінік қалыптастыру, тақырыпқа есептер шығару
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):
Білу: Квадрат түбірдің анықтамасын білетін болады (барлығы);
Түсіну: Квадрат түбірдің қасиетін түсінеді (барлығы);
Қолдану: Есеп шығаруда ережені қолдана алады (көпшілігі);
Талдау: Арифметикалық квадрат түбірді ажырата біледі (көпшілігі);
Жинақтау: Арифметикалық квадрат түбірге мысалдар келтіре алады (көпшілігі);
Бағалау: Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады (кейбіреуі)
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):
Мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау, бағдаршам әдісі
6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:
Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап шығамын.
7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар
Сабақ барысы
Бөлім
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушылар іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріс пе
|
Оқушыларды топқа бөлу
|
Стикерлердің түсіне қарай топтарға бөлініп отырады
|
Стикерлер, жұмыс парағы
|
Психологиялық тренинг «Көтеріңкі көңіл-күй»
|
Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.
|
Тұсау кесер
|
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын
|
Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады.
|
Үлестір ме қағаздар
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Тапсырманы жұптарда өзара тексеріп бағалайды
|
слайд
|
Ой қозғау /топтық жұмыс/
1-топқа
-
Теріс емес а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2- топқа:
-
а ≥0, в ≥0 болғанда арифметикалық түбірдің анықтамасы бойынша қандай теңдік орындалады?
3-топқа:
-
Арифметикалық квадрат түбірге мысалдар келтіріңдер
Топ жұмысы бағдаршам арқылы бағаланады
|
Оқушылар топпен талқылайды. Талқылап болғаннан кейін тақырыпты топ баяндамашысы түсіндіреді.
|
плакаттар
|
|
Оқулықпен жұмыс /топтық жұмыс/
І топқа: №27(1,2) және №33 (1,4)
ІІ топқа: №27 (3,4) және №33 (2,6)
ІІІ топқа: №27 (5,6)және №33 (3,5)
|
Оқушылар есептерді топта талқылап содан кейін тақтаға жазатын болады.
|
|
|
Бөшкеден шыққан логикалық сұрақтар /топтық жұмыс/
-
Қанаттың Арманнан бойы ұзын, бірақ Айгерімнен кіші. Сонда кім ұзын?
-
Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
-
Суға қолды қай кезде кесіп алуға болады?
-
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
-
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
-
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
-
Есікті ашу үшін не қажет?
-
Адам нені бұзғанда қуанады?
-
Ненің көлеңкесі жоқ?
-
Әліпбидің ең соңғы әрпі.
|
Оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі
|
|
Қорытынды
|
Бақылаушылардың, топ басшылардың пікірін тыңдау.
Түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазуды тапсыру
|
Топ жетекшілері сабақ басында қойылған критерийлер бойынша өз тобын және басқа топтарды бағалайтын болады.
Сонымен бірге оқушылар сабақ рефлексиясын және сабақ барысында түсінбеген 1 сұрағын қорапқа салады.
|
Бағалау парағы
|
Достарыңызбен бөлісу: |