Байланысты: Бронхылық демікпелік статус Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012) MedElement
III кезең – гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі. Егер «үнсіз өкпе» синдромы шешілуі болмаса, онда гипоксиялық қозу, венаішілік енгізулерге белсенді
түрде қозу пайда болады:
- науқастың жағдайы өте ауыр, нервтік-психикалық бұзылыстар, есінен тану ұстамамен алмасады;
- сирек, үстіртін, аритмиялы тыныс;
- диффузиялы сұрғылт цианоз, тершеңдік, сілекейдің көп ағуы;
- жіпше тəрізді пульс, гипотония, коллапс;
- артериялық қанда – гипоксемия (РО 40-50 мм.рт.ст.), жоғары гиперкапния (РСО 80-90 мм.рт.ст.).
Айқын вентиляциялық бұзылыс. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік жағдай метаболизмдік алкалозға,
ал демікпе жағдайы ауырлығының күшеюінен метаболизмдік ацидоз дамиды;
- жауша сыртылық сұйықтықтың жəне қан көлемінің азаюы (дегидратация белгілері). Дегидратация,
сонымен қатар созылмалы гипоксемияға, гематокриттің жоғарылауына жəне қанның қоюлауына
алып келеді.
Кей науқастарда антидиуретик гормондардың секрециясы жоғарылап гиперволемия, гипернатриемия
дамиды. Өкпеде сұйықтықтың көбеюі газ алмасудың нашарлауына жəне ұсақ бронхыларда
обструкция дамуына алып келеді. Мұндай өзгерістерге бүйрекүстібездің функциясының төмендеуі
əсер етеді.