Қорғасын қышқылданбауы және қосылыс берік болуы үшін Кондукторда
орнатылған пластиналар АКБ «+» қосылған кӛмір электродты дәнекерлегіш
кӛмегімен жартылай блокқа дәнекерленеді. Блокты жинақтаған кезде сыртқы
пластиналар теріс болуы тиіс. Сеператорлар олардың қабырғалары оң пластина
жағына қарай бағытталатындай етіп орнатылады. Жиналған блок шамалы күш
жұмсаумен қаңқаға кіргізіледі. Егер блок ӛлшемдері қаңғаның габаритті
ӛлшемдерінен асып түссе, онда блок қажет алу үшін сығылады. Кӛршілес
блоктардың қадаларының полярлығы әртүрлі болуы тиіс. Сақтандырғыш
пластиналар мен қақпақтарды орнатып, шығыс қадаларға элеменаралық
қосылыстарды кигізеді және дәнекерлегіштің кӛмір электродтарымен қадалар,
электродаралық қосқыштар мен қақпақтың тӛлкесі балқытылады.
Моноблок қақпақтары мен қабырғалары арасындағы саңылауларға
бастапқыда 120 °С температураға дейін, сосын 200 °С температураға дейін
қыздырылған мастика құйылады.
АКБ-ға электролит құйылады және нормаға дейін зарядталады.
Қарастырылған технологиялық үрдіс істен шыққан АКБ-ны ескі батареяның
материалдарын барынша пайдаланумен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Оталдыру жүйесін жӛндеу
Электржабдықтарының барлық жұмыс істемеулерінің шамамен 10... 12%-
ы оталдыру жүйесіне тиесілі және кӛптеген жағдайларда бұл жұмыс істемеулер
отынның артық шығындалуының және қозғалтқыш қуатының тӛмендеуінің,
сондай-ақ автомобильдің динамикалық сапаларының нашарлауының себебі
болып табылады.
Оталдыру жүйесінің жұмыс істемеуінің себептері мыналар:
■
жоғары кернеу сымдары оқшауларының тесілуінен от алдыру
білтелерінде жоғары кернеудің болмауы, от алдыру білтесінің жылу
конусында күйіктің пайда болуы, білте оқшаулауышының жабылып
қалуы, оталдырудың классикалық және түйіспелі-транзисторлы
жүйесінің үзгіш тетігінің кептелуі салдарынан алғашқы тізбектің
үзілуі, түйіспелердің жанып кетуі, таратқыштың жоғары вольтті
қақпағының тесілуі немесе орталық түйінінің жұқарып кетуі, таратқыш
жүгіртпесінде кедергіні жоятын резистрдың тесілуі немесе жанып
кетуі, оталдырудың алғашқы орамының үзілуі және коммутатордың
шығыс транзисторының тесілуі;
■
қозғалтқышты әзер қосу немесе оталдыру білтелеренді ыстың пайда
болуынан, үзгіш механизм бӛлшектерінің және таратқыштың (металл
керамикалық мойынтіректер және оталдыру бұрышының ерте
қойылуы) тозуынан қозғалтқыштың іркілісті жұмыс жасауы, үзгіш
Достарыңызбен бөлісу: