В. Г. Доронкин автомобиль


  Аккумуляторлық батареяны жӛндеу



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

2.3 
Аккумуляторлық батареяны жӛндеу 
49 


кезінде тексеріледі (электролит айнасы қылта мойынының тӛменгі шетіне 
тиіп тұруы тиіс, ал мойыны болмағанда сақтандырғыш қалқаншадан 10... 
15 мм жоғары орналасады); 

орнату орындарында батареяны бекіту беріктігі және батарея 
шығыстарымен сымдар ұштарындағы түйіспе тығыздығы тексеріледі. 
Сымдардың ұштары олар полюсті шығыстарға монтаждалғаннан кейін 
оларға ВТВ-1 немесе «Литолом-24» техникалық вазелині жағылады; 

екі аптада кем дегенде бір рет АКБ бет жағы шаң мен батпақтан 
тазартылады, сондай-ақ батарея тығындарындағы желдеткіш саңылаулар 
тазартылады. Ылғалды шаңнан пайда болған тоқ ӛткізетін қабатты батарея 
бетінде аммиак немесе кальциленген сода (10%-дық ерітінді) ерітіндісімен 
сүртіледі; 

тоқсанына бір рет кезеңділікпен немесе қозғалтқышты сенімсіз қосу 
жағдайлары жиілеп кеткенде электролит тығыздығы бойынша АКБ 
разрядталу дәрежесі тексеріледі. Тығыздықтың ӛлшенген мәндеріне 
байланысты разрядталу дәрежесі оның бастапқы мәнін біле тұра, 
нормативті деректер бойынша анықталады; 

қысқы уақытта 25%-дан артық және жазғы уақытта 50%-дан артық 
разрядталған АКБ зарядтау үшін пайдаланудан алынады. Кейде разрядталу 
дәрежесі 5 с. ішінде жүктеме айырмен тексеріледі. Толығымен зарядталған 
АКБ-да жүктеме айыры 1,7 В және одан жоғары кернеуді кӛрсетеді, 25% 
разрядталғанда — 1,6.1,7 В, 50% — 1,5.1,6 В және 75% — 1,4.1,5 В; 

АКБ зарядының тәртібі генераторлық қондырғының ТО-2 кернеуі кезінде 
кезеңділік тексеріспен қадағаланады.
АКБ 
бірнеше әдіспен
зарядталады
, олардың ішіндегі негізгілері: 
тұрақты тоқ күшінде және зарядтау кӛзінің тұрақты кернеуінде 
Тоқ күші ӛзгермегенде заряд алу тәртібі бір немесе екі сатылы болуы 
мүмкін. Бір сатылы 20-сағаттық заряд алу тәртібіндегі тоқ күші 0,05 С
20
А 
құрайды (С
20
— АКБ сыйымдылығының шамасы) 
Үдемелі екі сатылы заряд алу тәртібі тоқ күші 1,5С
20
А болғанда бір 
аккумулятордағы кернеу 2,4 В жеткенге дейін, 0,1 С
20
А болғанда аккумулятор 
толық зарядталғанға дейін жалғасады. Тұрақты тоқ күшінде зарядтау тәсілігің 
негізгі артықшылығы АКБ-ны толық атаулы сыйымдылыққа дейін зарядтау 
мүмкіндігі, ал кемшілігі – үрдістің ұзақ болуы, зарядтау тоғының күшін 
бағылап, реттеп отыру, зарядтау соңында су электролизіне шығынның 
тиімсіздігі, электролит температурасының айтарлықтай жоғарылауы. 
Тұрақты кернеуде АКБ зарядтау тоқ кӛзінің кернеуі зарядтаудың барлық 
үрдісінде ӛзгермеумен сипатталады, ал заряд тоғының күші бірте-бірте кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет