кернеумен шығарылады; 24 В бортты кернеу туғызу үшін екі АКБ-ны тізбектеп
қосады.
Аккумуляторлық батареяны маркалағанда келесілер кӛрсетіледі: тізбектей
қосылған
элементтер саны, бұл батареяның кернеуін анықтайды; батареяның
арналуы; 20 сағат разрядталу тәртібінде
ампер-сағатта батареяның
сыйымдылығы (бұдан әрі оны C
20
деп белгілейтін боламыз); батарея сыртының
материалы және сеператорлар материалы. Мысалы, аккумуляторлық батареяның
6СТ-55П деп белгіленуі келесіні білдіреді: батарея стартерлі, кернеуі 12 В,
сыйымдылығы 55 А-с, сырты мен қақпағы пропиленнен жасалған (қышқылға
тӛзімді пластмасса).
Оталдыру жүйесі
Оталдыру жүйесі қозғалтқыштың жұмыс істеу тәртібі мен режіміне сәйкес
цилиндрлардағы жұмыс қоспаларының (газ қалдықтарымен араластырылған
жанғыш қоспа) от алуы үшін қызмет етеді.
Оталдыру жүйесінің жұмысы қозғалтқыштың
жану камерасында
жұмыс қоспасының лап етуін тудыратын жоғары кернеу импульстарын
генерациялаудан, осы импульстарды қозғалтқыштың талап етілетін
фазасымен синхрондаудан және от алдыру
импульстарын қозғалтқыштың
цилиндрлары бойынша бӛлуден құралады. Қозғалтқыш жұмысының
тиімділігі мен тӛзімділігі, сондай-ақ ӛңделген газдардың улылығы жұмыс
қоспасы лап еткен сәттегі ұшқын энергиясына тәуелді.
Қазіргі
уақытта
автомобильді
бензинді
қозғалтқыштарда
тұтандырудың батареялық жүйесі
қолданылады, ол автомобильді
аккумуляторлық батарея кернеуін электр разрядының туындауына
қажетті жоғары кернеуге түрлендіреді және
қажет сәтте сол кернеуді от
алдырудың тиісті білтесіне береді.
Оталу сәті
тұтанудың озу бұрышымен
сипатталады, ол ұшқын
беру сәтіндегі білік жағдайынан піспек жоғарғы ӛлі нүктеге (ЖӚН)
келетін жағдайға дейін саналатын иінді
білік бұрылысының бұрышын
білдіреді.
Автомобильдік тұтандыру жүйелері қажетті энергияны тікелей
аккумуляторлық батареядан емес, энергияны аралық жинақтаушы –
оталдыру катушкасынан алады. Атап ӛтетіні, «батареялы»
заманауи
автомобильді
тұтандыру
атауы
бұрындағы
тұтандыру
жүйелі
автомобильдерге қолданылатынға қарағанда магнетодалы (жоғары
вольтты импульстар генераторы).
Достарыңызбен бөлісу: