В. Г. Доронкин автомобиль



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

10 

тарау 
Автомобиль электржабдығы 


1.5-сурет.
Шағын 
қызмет 
кӛрсетілетін 
аккумуляторлық батарея: 
1
— сырты; 
2
— қақпақ, 
3,5
— шығулар; 
4
— 
кӛпірше; 
6
— тығын; 
7
индикатор
8
— 
сепаратор; 
9,10
— пластиналар 
Конструкторлық 
орындалуы 
бойынша стартерлік АКБ үш топқа 
бӛлінеді: 

қызмет көрсетілетін АКБ
, оның сырты
эбониттен жасалған және элеменаралық 
қосылулары ашық («кӛпірше») (1.4-сурет); 

шағын қызмет көрсетілетін АКБ, 
сыртық элементаралық қосылыстарсыз 
полипропилен немесе полиэтиленнен жасалған моноблокты (1.5-сурет); 

қызмет көрсетілмейтін АКБ,
сырт жағынан аз қызмет кӛрсетілетіннен 
электрлит құюға арналған тесіктің болмауымен және қаңқасында зарядталу 
индикаторының болуымен ерекшеленеді. «Қызмет кӛрсетілмейтін» термині 
осы типті АКБ электролит деңгейі мен тығыздығын түзетуді талап етпейді 
дегенді білдіреді, алайда ол басқалар сияқты уақытылы зарядтауды талап 
етеді, ӛйткені разрядталған түрде ұзақ уақыт бойы пайдалану қызмет 
кӛрсету мерзімін тӛмендетеді, атап айтқанда, қысқы уақытта қатып қалуы 
мүмкін.
Ең кӛп таралған аз қызмет кӛрсетілетін АКБ конструкциясы мынадай. 
Заманауи батареяның сырты қышқылға тӛзімді пластамассадан (полипропилен) 
дайындалған және аралықтармен алты секцияға бӛлінген. Әрбір секцияда оң
теріс пластиналардан және олардың арасындағы сеператорлардан (бӛлгіштер) 
құралған жеке элемент орнатылған. Элементтердің кернеуі 2 В және ӛзара 
тізбектей кӛпіршелермен қосылған. Батареяның сырты барлық элементтер үшін 
жалпылай пластмасс қақпақпен жабылған. Қақпақ периферия бойымен сырт 
қабатының сыртқы қабырғаларына ерітіп жабыстырылған. Қақпақтың сыртқы 
қабаттың аралықтарымен қосылысы жинақтау кезінде қымтақпен нығыздалады, 
бұл электрлиттің бір секциядан екінші секцияға құйылуын болдырмайды. Әрбір 
секция үшін қақпақта электролитті құюға және деңгейін индикатормен 
қадағалауға арналған бұрандалы тесік бар. Тығындар батареяның ішкі қуысының 
атмосферамен байланысына арналған саңылаулармен жабдықталған.
Батареяның екі конусты шығуы бар: оң және теріс. Шығулардың 
ӛлшемдері стандартталған. Дұрыс қоспауды болдырмау үшін оң шығыс 
негізіндегі конустың диаметрі теріс шығысқа қарағанда 2 мм артық болады. 
Үлкен сыйымдылықты кейбір АКБ-да бұрандаға келетін шығыс саңылаулар бар. 
Жеңіл автомобильдің аккумуляторлық батареясы қозғалтқыш бӛлімшесінің 
капот асты кеңістігінде орнатылған. Автомобильді стартерлік батареялар 12 В


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет