В. Г. Доронкин автомобиль


Электрмен жабдықтау жүйесі



Pdf көрінісі
бет3/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

Электрмен жабдықтау жүйесі
Электрмен жабдықтау жүйесі барлық тұтынуларды электр энергиямен 
қоректендіруге арналған. Параллель қосылған генератор мен аккумуляторлық 
батарея автомобильдегі электр энергия кӛзі болып табылады.
Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта генератор электр энергиясының негізгі 
кӛзі болып табылады және тұтынуларды электрмен жабдықтауды және 
аккумуляторлық батареяға заряд беруді қамтамасыз етеді. Жұмыс істемейтін 
қозғалтқышта электр энергия кӛзінің функциялары аккумуряторлық батареяға 
кӛшеді, ол қозғалтқыштың сенімді іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Автомобиль генераторлары кең аралықта ӛзгеретін жүктемелер мен 
айналымның айнымалы жиіліктері тәртібінде жұмыс істейді, сондықтан 
электрмен жабдықтау жүйесін сипаттау кезінде «генераторлық қондырғы» 
термині пайдаланылады. 
Генераторлық қондырғы 
— электр машина (айнымалы ток генераторы), 
иінді білік айналымының жылдамдығына, жүктемеге және температураға 
қарамастан желідегі тұрақты кернеуді қамтамасыз ететін, кернеудің түзеткіші 
және реттеуші қызыметінің жиынтығы. 
Генератор
қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияны электр 
энергиясына түрлендіреді; ол электр тоғын тұтынатындардың барлығын 
қоректендіреді және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда аккумуляторлық 
батареяға заряд береді.


тарау 
Автомобиль электржабдығы 



11.2-сурет.
Генератор қондырғысы: 
1, 6 — қақпақтар; 2 — түзеткіш блок; 3 — щеткалар; 4 — шкив; 5 — мойынтірек; 7 — ротор; 
8 — статор; 9 — тӛлке 
Автомобильдерде ротор конструкциясының ерекшелігіне байланысты тырнақ 
тәріздес деп аталатын, электр магнитті қоздырушысы бар үш фазалық 
синхронды электр машинасынан тұратын, айнымалы ток генераторы 
қолданылады (1.2-сурет). 
Айнымалы ток индукцияланатын жылжымайтын орамды статор және 
жылжымалы магниттік ӛрісті тудыратын ротор (басқаша атауы – зәкір) 
автомобиль генераторының негізгі бӛліктері болып табылады. 
Тырнақ тәріздес полюсті машина ӛзінің ротор конструкциясының кейбір 
ерекшелігімен қарапайым синхронды машиналардан ӛзгешеленеді. Мұндай 
машинадағы ротордың полюсті жүйесі жалпы жағдайда «тырнақ» немесе 
«тұмсық» деп аталатын, аксиал дӛңесті-плюсті магнит ӛткізгіш материалдан 
жасалған екі тығырықтан тұрады. Бір тығырықтың полюсті дӛңесі екіншінің 
плюсті дӛңестері арасында орналасады, ал жүйенің ӛзі білікке орнатылған болат 
тӛлкеге қатты бекітілген. Тығырықтар арасындағы кеңістікте тырнақтардың ішкі 
беті мен тӛлкенің сыртқы бетінде магнит ӛрісінің кӛзі орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет