4
11.2-сурет.
Генератор қондырғысы:
1, 6 — қақпақтар; 2 — түзеткіш блок; 3 — щеткалар; 4 — шкив; 5 — мойынтірек; 7 — ротор;
8 — статор; 9 — тӛлке
Автомобильдерде ротор конструкциясының ерекшелігіне
байланысты тырнақ
тәріздес
деп аталатын, электр магнитті қоздырушысы бар үш фазалық
синхронды
электр машинасынан тұратын, айнымалы ток генераторы
қолданылады (1.2-сурет).
Айнымалы ток индукцияланатын жылжымайтын орамды статор және
жылжымалы магниттік ӛрісті тудыратын ротор (басқаша атауы – зәкір)
автомобиль генераторының негізгі бӛліктері болып табылады.
Тырнақ тәріздес полюсті машина ӛзінің ротор
конструкциясының кейбір
ерекшелігімен қарапайым синхронды машиналардан ӛзгешеленеді. Мұндай
машинадағы ротордың полюсті жүйесі жалпы жағдайда «тырнақ» немесе
«тұмсық» деп аталатын, аксиал дӛңесті-плюсті магнит ӛткізгіш материалдан
жасалған екі тығырықтан тұрады. Бір тығырықтың полюсті дӛңесі екіншінің
плюсті дӛңестері арасында орналасады, ал жүйенің ӛзі білікке орнатылған болат
тӛлкеге қатты бекітілген. Тығырықтар арасындағы кеңістікте
тырнақтардың ішкі
беті мен тӛлкенің сыртқы бетінде магнит ӛрісінің кӛзі орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: