В. Г. Доронкин автомобиль


  Электржабдықты сынауға арналған стендтер



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

3.3 
Электржабдықты сынауға арналған стендтер 
65 


оған диагностикаланатын зәкірді қояды. Белгілі тәртіптерді ағытып-қосқыш 
кӛмегімен тексеру түрі белгіленеді: оқшаулауды бақылау, зәкір орамы 
секцияларының қысқа тұйықталуын анықтау немесе секциялар орамдарын 
дұрыс орау бағыттарын анықтау. Бақылау шамы және миллиамперметр зәкір 
ақауларын анықтау үшін индикаторлы және ӛлшемдік элемент ретінде 
қолданылады. Қосқыштар аспапты зәкірдің бақыланатын учаскелеріне қосуға 
арналған. 
Э236 типті аспап келесіні анықтайды: 

генераторлар мен стартерлердің орам және басқа оқшаулар бӛлшектерінің 
оқшаулауының электрлік беріктігі; 

зәкір орамының қысқа тұйықталған секциялары; 

орау бағытының дұрыстығы және секциялардағы бұрандалар саны; 

зәкір орамының типі

зәкір орамында үзіктің болуы. 
Автомобильден алынған электржабдығын тексеру және бұйымдарын 
реттеу үшін 
Э242 типті стендтер 
қолданылуы мүмкін, аталмыш аспаппен 
жүтемелі қуаты 1 кВт кӛп және атаулы кернеуі 14 және 28 В генераторлық 
қондырғылар, кернеу реттеуіштері, қуаты 10 кВт дейінгі стартерлер, бұрылыс 
кӛрсеткіштері үзгішінің, коммутаорлық аппаратураның релесі, резисторлар мен 
АТЭ бұйымына кіретін жартылай ӛткізгішті аспаптар тексеріледі. Бұл стенд 
басқалар сияқты келесі бақылау сынамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 

генераторлық қондырғылардың бос айналу сипаттамасын және тоқ 
жылдамдықты сипаттамасын анықтау; 

бос айналу тәртібінде айналу жиілігін және тоқ күшін, сондай-ақ тежелген 
стартердің максималды тоқ күшін ӛлшеу; 

кернеу реттеуіштері, бұрылыс кӛрсеткіші және коммутаторлық аппаратура 
релесінің сипаттамасын анықтау және жұмыс қабілетін тексеру. 
532-2М
типті стенд 
(3.3-сурет) ТҚ және жӛндеу кезінде автомобильден 
ағытып алынған бӛлшектерді тексеру үшін қолданылады. Ол қуаты 2 кВт дейін 
және атаулы кернеуі 14 және 28 В генераторлық қондырғылардың, кернеу 
реттеуішінің барлық элементтерінің және реттеуіштің ӛзінің, электржабдығын 
оқшаулау бұрылыс кӛрсеткішінің релесін, резисторлардың, бұйымға кіретін 
диодтардың және транзисторлардың техникалық жағдайына бақылау жасауға 
мүмкіндік береді. Стендтің техникалық сипаттамасы: типі — стационарлық, 
қоректену — кернеуі 380 В және жиілігі 50 Гц айнымалы тоқ кӛзінен; 
бақыланатын генераторларды жүктеудің максималды қуаты 1 кВт кӛп емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет