Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. В.М. Сухомлинский . Бүгінгі таңда өмір сүріп отырған қоғамда білім беру жолының тиімділігін, оқушының жеңіл қабылдауын, ыңғайлы цифрлық ойындар арқылы жаттығулар беруді жөн көреді.
Ойын баланың өте ерте жасынан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Ойын түрлерін технология дамыған заманда цифрлық жүйе арқылы түр- түрін ұйымдастыруға болады.
Барлық сабақтың барысында ойын элементтерін қатыстыруға болады. Балалар ойынды ынтызарлықпен ойнайды. Бірақ сол ойынды қолданудың барысында негізгі теориялық білімнен ауытқып кетпеу керек. Мысалы қазақ тілі сабағында жаңа тақырыпты бекіту ретінде «wordwoll» бағдарламасы арқылы интерактивті тақтаға тест әдісі арқылы, әр бала ретімен шығарып бір сұрақты таңдатса болады.
Күрделі сөздерді өткенде «Кездейсоқ дөңгелек» ( Случайное колесо) ойыны арқылы кездейсоқ таңдалған күрделі сөздің жасалу жолына тоқталып, түсініктеме беріп кетеді. Бұл ойын баланың күрделі сөздер жайында толық білетінін бірден аңғартады. Ойынға шыққан бала іркілмей жауап бергеннен-ақ білетін білмейтіні көрінеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.