В. П. Потанин жаңашыл бағытты ұстанды. Оның келуімен зауытта кәсіпорынды дамыту мен көптармақты инфраструктура құруда жаңа бағыттарды іздестіру жолға қойылды. ҮМз -ны жаңа көпсалалы өндіріске айналдыру түбегейлі жү



Дата12.03.2018
өлшемі43,84 Kb.
#39077
Үлбі металлургия зауыты ААҚ.

“ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді. 70 жылдардың басы – СССР-да атом энергетикасы саласын дамыту кезеңі еді. Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. “ҮМЗ” алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары “ҮМЗ” де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды.

Тұрғын үй құрлысы мен әлеуметтік инфраструктура обьектілері қатар жүргізілді. “ҮМЗ”-нің қатысуымен Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы, “Голубой залив” демалыс үйі, Пионерлер сарайы, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалары салынды. Стрелка және 90 жылдары Ефим Павлович Славскийдің есімі берілген Ертістің Сол жағалауы шағын аудандарының құрылысы жедел түрде дамыды.

Бұл адамның Өскемен қаласы мен ҮМЗ заводының дамуына қосқан үлесі зор. Оның қатарында Владимир Павлович Потанин, Юрий Михайлович Мурин тәрізді адамдар да тұр. Олар бірінен кейін бірі 27 жыл бойы (1961-1974-1988) зауытқа жетекшілік жасаған жандар. Олардың кәсіпорын мен қаланы дамытудағы үлестері ерекше және халықтың есіненен мәңгі орын алды.

В.П.Потанин жаңашыл бағытты ұстанды. Оның келуімен зауытта кәсіпорынды дамыту мен көптармақты инфраструктура құруда жаңа бағыттарды іздестіру жолға қойылды. ҮМЗ –ны жаңа көпсалалы өндіріске айналдыру түбегейлі жүргізілді. Жаңа шығармашылық ұжымдар, тантал, бериллий, уран өндіретін жаңа өндірістер құрылды. Оның бастамасымен ауылшаруашылығына қолдау жасала басталды. Осылайша Тарханка селосында ірі совхоз құрылды. В.П. Потаниннің орнын сенімді адам қабылдап алды. Ю.И.Мурин басшылық жасаған кезеңде СССР дағы және әлемдегі ең қуатты АЭС үшін жылу өндіретін өндіріс құрлысы аяқталды. Тантал, бериллий, және оксид бериллиінен алынатын керамика өндірісі дамыды.

90 жылдардағы қайта құру кәсіпорынға біраз қиындықтар туғызды. Тек зауыттың 50 - жылдығы қарсаңында кәсіпорын жаңа нарық жағдайында өз орнын тауып, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ жаңаша өрлеуде. 1997 жылы ҮМЗ “Казатомпром” Ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл компанияның басты мақсаты Қазақстанның уран байлығына иек арта отырып, атом өнеркәсібі саласын жоғары сапалы деңгейге жеткізу. 1998 жылдың 15 желтоқсаны күні “ҮМЗ” ААҚ бас директоры болып Виталий Григорьевич Хадеев тағайындалды. Ол заводта 20 жылдан астам жұмыс істеді және қарапайым аппаратчик пен смена мастерінен кәсіпорын басшысына дейінгі жолдан өтті. Оның бойында “жаңа басшыға” тән жастық пен қуат, зор қабілет пен ұйымдастырушылық дарын, білім тәрізді қасиеттердің бәрі де бар. Басты мақсаты заводтың өркендеуі мен әр зауыт қызметкерінің жағдайын жақсартуға ұмтылыс.

Мыңжылдықтар тоғысындағы заводтың қазіргі жағдайы үлкен үміттерге жетелейді. Бюджеттік қарыздар мен берешектер өтелді. Еңбек ақы уақтылы төленеді. Бүгінгі зауыттың даму жоспары нақтылы және айқын.
Кәсіпорынның бүгінгі құрамында:

ТМД көлеміндегі атом энергетикасына арналған ядролық керамикалық жылу өндіретін ірі өндіріс, бүкілғаламдық ғылым мен технологияның алдыңғы қатардағы жетістіктерін пайдаланады.

Евразия континентінде құрамында бериллий қосындысы бар барлық өнімдерді шығаратын бірегей өндіріс орны, (қарапайым құймалардан бастап дайын бұйымдарға дейін шығарады) “ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады. ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған. 1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады.

Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды.

Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды.
машина жасау комплексі, қазіргі жаңа металл өңдеу жабдықтарымен стандартты құрал-жабдықтар мен жоғары техникалық талаптарға сәйкес бұйымдарды әзірлеуде бай іс-тәжірибе жинақтады.
Тармақты инфраструктура және қуатты ғылыми күш:

Құрал-жабдықты - механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы. “ҮМЗ” ААҚ мамандары “ Қазақстанның тенге сарайын” құрды. 1993 жылдан бастап металл тенгелерді, ал, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын шекілдеу басталды. Бүгінгі күні фурнитура бұйымдары, құнды металлдардан жасалған бұйымдар, мерейтойлық тенгелер шығарылады.

“Үлгі металлургиялық зауыты” Ашық акционерлік қоғамының Тауарлық белгісі Қазақстан республикасында, сол сияқты, Ресей Федерациясында, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Словакия, АҚШ, Франция, Чехия, Жапонияда тіркелген. 1999 жылы “ҮМЗ” ААҚ ISO 9002 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім сапасын басқару жүйесіне төмендегі салалар бойынша сертификат берді:

Уран қосындыларынан алынған өнім өндірісі, оның ішінде ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғыларға арналған өнім өндірісі; түрлі деңгейде әзірленген өнімдерді ала отырып, уранның түрлі қосындыларын өңдеу.

1999 жылдың аяғында бериллий лигатурының өнімдік сапасын басқару жүйесі қызметін тарату бойынша сертификациялық аудит өткізілді

1999 жылы кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойы аталып қана қойған жоқ. Ол Қазақстан республикасының “КАЗАТОМПРОМ” ҰАК құрамына қабылданды және еңбек етті. Жаңаша басқару стилі, стратегиялық басымдықтар мен нақты тактикалық міндеттер Кенді Алтайдың ірі кәсіпорнының бірі “ҮМЗ” ААҚ ұжымын ұзаққа созылған дағдарыстан шығарды. Қазақстан атом саласының үшінші мыңжылдықта әлемдік рынокқа сеніммен шығатын мүмкіндігі мол.



Ақпарат көзі:



Қазақша рефераттар сайты – www.temakosan.net

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет