Дәрістің мазмұны:
Генетикалық символика. Будандастыру жолдарын жазу ережелері.
Моно және полигибридті будандастыру кезіндегі тұқым қуалау.
Реципрокты будандастыру туралы түсінік. Мендельдің І заңы – бірінші ұрпақ гибридтерінің біркелкі болу заңы. Гендер мен аллелдер туралы түсінік. Аллелизм. Көп аллелділік. Аллелді гендердің әрекеттесуі (доминанттылық, толымсыз доминанттылық және кодоминанттылық). Доминанттықты меңгеру мүмкіндігі. Екінші және үшінші буындарда фенотип және генотип бойынша ажырау. Гомозиготалылық пен гетерозиготалылық. Қайыра және анализдік будандастыру кезіндегі ажырау. Анализдік будандастырудың маңызы. Мендельдің екінші заңы – ажырау немесе гаметалар тазалығы заңы. Ажыраудың цитологиялық механизмі. Тіршілік циклының гаплофазасындағы ажырауға анализ жасау. Тетрадалық анализ.
Ажырау заңының көрінісіне ықпал ететін және оны тежейтін жағдайлар. Ажыраудың статистикалық сипаты.
Бақылау сұрақтары:
Реципрокты, талдаушы, қайыра будандастырулар дегеніміз не?
Мендельдің бірінші және екінші заңдарына анықтама бер.
Гибридологиялық әдіс дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |