Пісіру арқалықтарын жасау
.
Көп жағдайда қабырғаларды
сөрелермен бекітетін белдікті жіктері бар қос таңбалы
арқалықтар қолданылады.
Әдетте мұндай арқалықтарды үш
жалпақ элементтерден құрайды. Құрастырудың мәні сөрелер мен
қабырғалардың симетриясы мен өзара перпендикулярлықта және
оларды бір-біріне қысып, артынша тұтқышпен бекітуде.
Құрастыруға базалары мен бастырықтары аралықтың ұзындығы
бойынша сәйкес орналасқан кондукторларды (11.5 - сурет)
пайдаланады.
Үзіліссіз автоматты желілердегі жоғары өндірісті пісіру
аралықтарын жасау үшін жылдамдығы 10-60 м/мин құрайтын, яғни
флюс қабатының астында пісіру жылдамдығынан біршама жоғары
ток жиілігінде пісіру кең қолданысқа иеленеді.
Кереге көз құрылымдарды дайындау
. Мұндай құрылымдар –
ең бірінші созылу немесе сығуды сынайтын түйінге біріктірілген
біліктер жүйесі. Кереге көз құрылымдардың түйіндеріндегі біліктер
тікелей немесе қосалқы элементтер көмегімен, көбіне доғалы пісіру
әдісімен біріктіреді. Нүктелік түйіс пісіруді қолдану перспективалы
болып табылады.
Үлкен көлемді кереге көз құрылымдарды зауытта бөлшектеп
жасайды және құрастыру орнына жеке секциялармен жөнелтеді.
Секция көлемі жеткізу әдісіне сәйкес тағайындалады: теміржол
бойынша тасымалдау кезінде қозғалмалы состав көлеміне
байланысты.
Секциялар
әдетте
құрастыруға
арнайы
кондукторларды қажет ететін сериялық өндіріс кезінде кеңістіктік
құрылымдар тәрізді болады.
Қабықша типті құрылымды дайындау
. Қабықша типті
құрылымдарды жалпақ дайындамалардан құрастырады және
герметикалық жіктермен пісіреді. Үлкен көлемді өлшемдерге,
құрылымдық әрлеуге, дайындаудың және пайдаланудың сипаттық
ерекшелітеріне сәйкес қабықшалы құрылымды көлемді емес
сыйымдылыққа, құрылысқа, сауытқа, қысым астында жұмыс
жасайтын құбырлар мен құбыр желілеріне бөледі.
Сыйымдылықтар мен құрылыстарды көлемді емес деп теміржол
қозғалмалы составының көлемінен асып түсетін өлшемдерінің
болғандығы салдарынан айтылады, яғни оларды зауытта бөлшек
бойынша дайындап, құрастыру орнына жеке секциялармен
жөнелтіледі.
Мысалы
әртүрлі
типтегі
резервуарлар
мен
газгольдерлер.
11.5-сурет. Қос таңбалы арқалықтарды құрастыруға арналған кондуктор сызбасы
292
Саңылау
Бойлық жіктер жұқа қабырғалы жиектерді тудыратын тура
сызықты бұзады және көлденең қима жігінің аймағындағы
беткейдің қисықтығын азайтады. Мұндай пісіру деформацияларын
түзету үшін роликті жұқартуды қолданады.
Ірі сериялы өндіріс жағдайында пісірудің түрлі әдістерін
пайдалана отыра сыртқы диаметрі 6-1420 мм дәнекерленген
құбырлар шығарады. Диаметрі 6-529 мм құбырларды тура жікті
орама материалдардан жасаса, үлкен диаметрлі құбырларды
спираль жікті немесе тура жікті жеке табақтардан жасайды.
Магистральды құбыр желілеріне арналған құбырларды флюс
қабатының астынан доғалы пісірумен орындайды. Бұл ретте жікті
түзілім немесе спираль бойынша орналастырады. Табақтардың
шектеулі жалпақтығы үшін диаметрі 820 мм дейінгі тура жікті
құбырларды бір бойлық жікпен, ал үлкен диаметрлерді екі жікпен
пісіреді. Пісіруді екі жақтан орындайды, айта кететіні сыртқы жікті
өтпелі типті орнақта бірінші болып салады. Орнақ алдындағы
көтермелі домалайтын роликтермен 3 құбыр (11.6-сурет)
дайындамасын
4
пышағына
бағыттайтын
ось
бойынша
жалғағышпен жоғарыға орнатылады. Орнақты өте 3 құбыр
дайындамасы 4 бағыттаушы пышағына ілінген және құбырдың ішкі
беткейіне роликтермен тірелген 5 жақтауына жылжып келеді.
Құбыр қозғалысы орнақтың жетекті қозғалыс білікшелерімен
қамтамасыз етіледі, айта кетсе олардың ернеулерінің арасындағы
саңылау тік жетектелмейтін білікшелердің бүйірлік қысымы
салдарынан тарылып келеді, ал пісіру аймағындағы 2 саңылау жоқ.
Спираль жікті орама болаттан жасалған құбырды құрастыру
және пісіру жолақ еніне тәуелсіз кез келген диаметрде құбыр
жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдануда дайындау процесі
толассыз және артынан калибрлеусіз талап етілетін өлшем және
пішін дәлдігін қамтамасыз етеді.
1
2
3
4
11.6-сурет. Кіріс типіндегі орнақтағы құбырдың сыртқы жігін пісіру сұлбасы:
1
— жыланбауыр кебіс;
2
— пісіру аймағы;
3
— құбыр дайындамасы;
4
— бағыттаушы
пышақ;
5
— жақтау
Достарыңызбен бөлісу: