В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет53/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Импульстік доғамен пісіру
. Вольфрамдық электродпен пісіру 
кезінде, доға тұрақты пісіру тогы кезінде де, оның белгілі бір 
бағдарлама бойынша өзгеруі кезінде де жана алады. 
Импульстік пісіру қалыңдығы миллиметр бөліктерінен 3-4 мм-ге 
дейінгі металды қосу кезінде қолданылады. Мәні бойынша доғаның 
тұрақты жануы үшін және секундына 25 импульсқа дейінгі 
жиілікпен мерзімді түрде қосылатын токты пайдалану пісіру 
ваннасының өлшемдерін кішірейтеді (3.11-сурет). 
3.11-сурет. Импульстік аргон-доғалы пісіру (а) кезінде пісіру тогының 
және доға кернеуінің, сондай-ақ, табақ жазықтығында (ә) және көлденең 
қимадағы (б) жік пішінінің өзгеруі. 
I
дән
— импульстағы пісіру тогы; 
I
кез
— кезекші режимдегі доға тогы 
(пауза); t
u
— импульстың ұзақтығы; t
П
, — паузаның ұзақтығы; 
U
Д
— 
доғадағы кернеуі 
108


Бұл ретте жік бөлек, балқытылған ванналардан пайда болады. 
Ток импульстерінің үзілістері арасында пісіру ваннасы ішінара 
кристалданып, бұл күйіктеспе ықтималдылығын төмендетеді. 
Алайда, импульстер арасында үлкен үзілістер кезінде, доғалық 
аралық заряд тасымалдағыштарын (иондарды) жоғалтып, доғаны 
қайта қоздыру қиынға соғады. Осы фактордың әсерін азайту үшін 
импульстер арасындағы паузаларда азайтылған тогы бар кезекші 
доға сақталады. 
Негізгі доға тогының, кезекші доға тогының, импульс ұзақтығы 
мен пауза ұзақтығының ара қатынасын реттей отырып, жіктің 
пішіні мен өлшемін өзгертеді. Бұл тәсіл түйіспе қосылыстарды 
ұстап тұрып, барлық кеңістік қалыптарда пісіруге мүмкіндік береді. 
Пісіру процесі кезінде орындалатын жалғас пен оның 
кеңістіктегі қалпына қарамастан, пісіруші бар назарын пісіру 
ваннасына аудару керек. Пісіру ваннасы – бұл металдардың 
балқытылуы мен қосылуы орындалатын нүкте. Пісіру ваннасы мен 
металдың балқытылу тереңдігін басқару кез келген кеңістік 
қалыпта пісіру кезінде аса маңызды мәнге ие. 
Кез келген кеңістік қалыпта сапалы жалғасты орындаудың 
негізгі ережелері келесідей: пісірілетін беттің тазалығы, пісіруге 
арналған жақсы құрастырылымы, қажет болғанда, алдын ала 
қыздырылуы, қорғаушы газының жеткілікті ағыншасы және дұрыс 
таңдалған пісіру тогы. 
Сонымен қатар, кез келген жалғас (төмен қалыптағыны 
қоспағанда) пісіру кезінде, үлкен пісіру тогын пайдаланып, 
пісірілген жіктің үлкен білікшесін балқытып қаптаған жөн. Бұл 
ретте 
доғаны 
пісірілетін 
бөлшектердің 
қызып 
кетуін 
болдырмайтындай етіп, бағыттау керек. Себебі қызып кету жік 
металының салбырап тұруына немесе күйіктеспеге әкеп соқтыруы 
мүмкін. Қоспа металын қосу реті мен пісірілген жіктің пайда 
болатын білікшесінің өлшемі қосылған металл порцияларының 
толық бірігуіне кепілдік беру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет