В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет28/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Табақша болаттың доғалық пісіру режимінде түйістіре пісірілген
жалғастар (төменгі күйде) 
Табақша 
қалыңдығы, 
мм
Электрод 
диаметрі,
мм
Пісіру тоғы, А
Табақша 
қалыңдығы,
мм
Электрод 
диаметрі,
мм
Пісіру тоғы, А
1.4
1,5
25.40
6.12
4
160.200
2
60
…7
0
5
220.280
3
3
13
және 
артық
5
220.280
4.5
3
6
280.340
4
160.200
7
350.400
66 


2.4
 
ТҮРЛІ КЕҢІСТІКТІ КҮЙДЕ ЖІКТІ ОРЫНДАУ 
ТӘСІЛДЕРІ 
Тік күйде пісіру кезінде балқытылаған металл төмен қарай ағуға 
талпынады, соныдықтан тік жіктер өте қысқа доғамен, ол ретте 
төменнен жоғары қарай да, жоғарыдан төмен қарай да орындалады. 
Төменнен жоғары қарай пісіру кезінде доға тік орналастырылған 
тілікшенің ең төменгі нүктесінен қыздырылады және сұйық металл 
ваннасы қалыптастырылғаннан кейін бастапқыда көлденең 
орналастырылған электрод біршама жоғары жылжытылады. Бұл 
ретте жіктің қатып қалған металы таяқша секілді қалыптасады, оған 
металдың келесі тамшылары ұсталып тұрады. Сұйық металдың 
ваннадан ағып кетуінің алдын алу үшін электродты жоғарыға және 
кезегімен екі жаққа жылжыта отырып, жіктің осінен көлденең 
тербелісті қозғалыс жасау қажет. Бұл сұйық металдың жылдам 
қатуын қамтамасыз етеді.
Жоғарыдан төмен қарай пісіру металдың қалыңдығы аз болған 
немесе көп қабатты пісіру процесінде жіктің бірінші қабатын салу 
кезінде қолданылады. Бұл жағдайда доға астына сұйық металдың 
ағуы тесіп өткен күйіктеспелердің қалыптасу мүмкіндігін азайтады. 
Мұндай пісіру процесінің басында доға электродтың көлденең 
орналасуы кезінде тілікшенің ең жоғары нүктесінде қыздырылады. 
Сұйық металл ваннасы қалыптастырылғаннан кейін электродты 
доға негізгі және балқытып жапсырылған металға бағытталатындай 
есеппен 15-20°-қа иіледі. Жік қалыптастыру шарттарын жақсарту 
үшін электродтың тербеліс амплитудасы үлкен болмауы тиіс, ал 
доға балқытылған металдың төменге ағып кетпеуі үшін өте қысқа 
болуы тиіс.
Жиегі Х-үлгісінде дайындалған қалыңдығы үлкен металдағы тік 
жіктер жоғары бөлігінен бастап орындалады. Егер екі пісіруші 
жұмыс істеп жатқан жағдайда олардың біреуі пісірілетін секцияның 
бірінші қабатын орындайды және бірден осыдан кейін бірлескен 
жерінің сыртқы жағынан жіктің тамырын кесіп алады. Одан кейін 
басқа пісіруші өз жағындағы барлық қабаттарды салып жатқанда 
бірінші пісіруші секцияның өз жағындағы барлық қабаттарын 
салады. Осындай кезекпен барлық келесі секцияларды пісіреді. 
Пісіруді алдыңғы ыстық қабат бойынша үзіліссіз орындайды.
Жіктерді көлденең (төменгі) күйде орындау кезінде сұйық 
металдың ағып кетуінің алдын алу үшін жиек қисығын әдетте бір 
67 


жоғары бөлшекте жасайды. Бұл жағдайда доға төменгі көлденең 
жиекте қыздырылады, содан кейін бөлшектердің қайырылған 
жеріне және металдың ағып бара жатқан тамшысын жоғары көтере 
отырып, жоғары жиекке жылжытылады. Электродтың тербелісті 
қозғалысы спираль бойынша жүргізіледі.
Көлденең пісіру жіктерін түйіс жалғастарға қарағанда айқасқан 
жалғастарды орындау үшін пайдаланған жеңіл, себебі табақшаның 
көлденең жиегі металды төмен ағып кетуден сақтауға 
қабілеттендіреді. Жиектері Х-үлгісінде дайындалған қашықтығы 
үлкен көлденең жіктерді (бір жиектің екі симметриялы қиғашы, 
әдетте жоғарғы) екі пісіруші осындай бөлікшедегі екіжақты жікті 
пісіруді бір ауысымда аяқтай алатындай есеппен бөлікшелерге 
бөледі.
Жіктерді төбелік күйде орындау бұл - 
көп еңбекті қажет ететін 
операция, себебі ауырлық күші металды электродтан пісіру 
ваннасына жылжытуға кедергі келтіреді, ал балқыған металл 
ваннада төменге қарай ағуға тырысады. Осының салдарынан пісіру 
процесінде пісіру ваннасы көлемінің ауқымды болмауына қол 
жеткізу керек. Бұл диаметрі кішкентай (3-4 мм) электродтарды 
және төмен пісіру тоғын қолданумен қамтамасыз етіледі. Сапалы 
жік алудың негізгі шарты электродты сұйық металл ваннасымен 
кезең-кезеңімен тұйықтау арқылы ең қысқа доғаны сүйемелдеу 
болып табылады. Осындай пісіру процесінде электродтың 
тұйықталуы сәтінде металл тамшысы беткі созылу күшінің әсерімен 
пісіру ваннасына тартылады, ал оны жойған сәтте доға өшеді және 
тігіс металы қатаяды. Бұл ретте электродқа сонымен бір мезетте 
қозғалыстың жіктің бойымен тербелісі хабарланады. Электродтың 
бөлшектің бетіне иілуі пісіру бағытында 70-80°-ты құрауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет