жоғары бөлшекте жасайды. Бұл жағдайда доға төменгі көлденең
жиекте қыздырылады, содан кейін бөлшектердің қайырылған
жеріне және металдың ағып бара жатқан тамшысын жоғары көтере
отырып, жоғары жиекке жылжытылады. Электродтың тербелісті
қозғалысы спираль бойынша жүргізіледі.
Көлденең пісіру жіктерін түйіс жалғастарға қарағанда айқасқан
жалғастарды орындау үшін пайдаланған жеңіл, себебі табақшаның
көлденең жиегі металды төмен ағып кетуден сақтауға
қабілеттендіреді. Жиектері Х-үлгісінде дайындалған қашықтығы
үлкен көлденең жіктерді (бір жиектің екі симметриялы қиғашы,
әдетте жоғарғы) екі пісіруші осындай бөлікшедегі екіжақты жікті
пісіруді бір ауысымда аяқтай алатындай есеппен бөлікшелерге
бөледі.
Жіктерді төбелік күйде орындау бұл -
көп еңбекті қажет ететін
операция, себебі ауырлық күші металды электродтан пісіру
ваннасына жылжытуға кедергі келтіреді, ал балқыған металл
ваннада төменге қарай ағуға тырысады. Осының салдарынан пісіру
процесінде пісіру ваннасы көлемінің ауқымды болмауына қол
жеткізу керек. Бұл диаметрі кішкентай (3-4 мм) электродтарды
және төмен пісіру тоғын қолданумен қамтамасыз етіледі. Сапалы
жік алудың негізгі шарты электродты сұйық металл ваннасымен
кезең-кезеңімен тұйықтау арқылы ең қысқа доғаны сүйемелдеу
болып табылады. Осындай пісіру процесінде электродтың
тұйықталуы сәтінде металл тамшысы беткі созылу күшінің әсерімен
пісіру ваннасына тартылады, ал оны жойған сәтте доға өшеді және
тігіс металы қатаяды. Бұл ретте электродқа сонымен бір мезетте
қозғалыстың жіктің бойымен тербелісі хабарланады. Электродтың
бөлшектің бетіне иілуі пісіру бағытында 70-80°-ты құрауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: