Электродтың пісіру кезіндегі көлденең тербелісі оның үш
диаметрінен аспайтын амплитудада жүргізілуі тиіс. Білікше
қалыптастыру процесінде балқып қапталған қабат балқыған күйде
болуы тиіс. Егер элекродты өте алыс жылжытса немесе оның
қайтып келуін бөгейтін болса пісіру ваннасы металының сууы және
кристалдануы мүмкін. Бұл металда қожды қоспа бар пісіру жігінің
пайда болуына әкеліп соқтырады және оның сыртқы келбетін
нашарлатады.
Пісіру кезінде пісіру ваннасын мұқият қадағалау, оның ені мен
металдың балқу тереңдігін бақылау қажет, сондай-ақ электродты
өте жылдам жылжытпау керек. Әрбір жылжытудың соңында
электродты бір сәтке тоқтатқан дұрыс. Көлденең тербелістердің
амплитудасы балқытып қапталған білікшенің талап етілетін енінен
біршама кіші болуы тиіс.
2.3.
Достарыңызбен бөлісу: