В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет25/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
2- 
тарау 
Қапталған металдық электродпен қолмен доғалы пісіру сұлбасы 
2.1-суретте көрсетілген. Бұл жағдайда доғаны қоздыру электродтың 
ұшының пісірілетін металға жанасуы арқылы электр пісіру 
тізбегінің қысқа мерзімді тұйықталуы кезінде орын алады. 
Электродты балқытуға қарай пісіру процесінде оны қажетті пішін 
алу және жікті кесу үшін жалғастың бойына және жіктің 
көлденеңіне бір мезгілде жылжыта отырып, бұйымға тақайды.
Электр доғасын қоздыру әр жолы пісіру процесі басталғанға 
дейін, ал содан кейін – ол үзілген кезде пісіру процесінде 
жүргізіледі. Пісіру доғасы электродтың тұғыры тиген кезде қозады, 
одан кейін электрод бұйымның бетінен жылдам алынады. Бұл 
ретте, егер саңылау тым үлкен болмаса тоқтың пайда болуы және 
доға бағанын орнату бірден орын алады. Электродтың бұйымға 
жанасуы қысқа мерзімді болуы тиіс, себебі олай болмаған жағдайда 
ол бұйымға балқып жабысып қалады («жабысып қалады»). 
«Жабысып қалған» электродты оны қатты оңға және солға бұрай 
отырып, жұлып алған жөн.
Доғаны қыздыру электродтың пісіріліп отырған металға жеңіл 
түрде бүйірімен жанаса отырып және келесіде оны бұйымның 
бетінен 2-4 мм бұру сериясымен қайтымды-ілгерілеме қозғалыспен 
(2.2-сурет) 
не болмаса электродтың тұғырымен тырналау 
қозғалысымен (2.2-сурет, б) жүргізіледі.
Доғаны қоздырғаннан кейін электрод қысқа мерзімге, яғни 
пісіру жігі қалыптасқанға және негізгі металдың балқуы орын 
алмағанға дейін балқудың бастапқы нүктесінде ұсталуы тиіс. 
ДОҒАЛЫ ПІСІРУДІҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН 
ТЕХНИКАСЫ 
ПІСІРУ
ДОҒАСЫН
 
ҚОЗДЫРУ
 
ТӘСІЛДЕРІ
 
 
59 


2.1-сурет. Қапталған металдық электродпен қолмен доғалы пісіру сұлбасы: 
1
— қож қабыршағы; 
2
— жік; 
3
— сұйық қож кабықшасы; 
4
— газ қорғануы; 
5
—электродты 
металл тамшысы; 
6
— электрод; 
7
— электрод қаптамасы; 
8
— доға; 
9
— пісіру ваннасы; 
10
— негізгі металл 
(2.3-сурет). Электродтың балқуымен бір мезгілде доғаның тиімді 
ұзындығын сүйемелдей отырып, оны бір қалыпты пісіру ваннасына 
салу қажет. Доғаның тиімді ұзындығының көрсеткіштері кенет 
шытынаған дыбыс, металл тамшыларының доға аралығы арқылы 
бір тегіс жылжуы және металдың аз ғана шашырауы болып 
табылады.
Доғаның ұзындығы пісірудің сапасына айтарлықтай әсер етеді. 
Қысқа доға жоғары сапалы тігіс алуды қамтамасыз ете отырып
тұрақты түрде және асықпай жанады, 
а б
 
2.2-сурет. Доғаны тұтандыру тәсілдері: 
а
— электродты бұйымға бүйірімен тигізе отырып; 
б
— электродтың тұғырымен тырналау 
қозғалысымен 
60 


2.3-сурет. Доғаны қыздыру сұлбасы және пісіру жігін қалыптастыруды бастау: 
1 — 
электрод; 2 — доға; 3 — балқыған металл
себебі электродтың балқытылған металы доға аралығынан жылдам 
өтеді және қышқылдануға және азоттануға сирек ұшырайды. 
Алайда өте қысқа доғаны пайдалана отырып пісірушінің жоғары 
біліктілігін талап етеді. Ұзын доға өзіне тән шыжылдаумен 
тұрақсыз түрде жанады. Бұл ретте балқудың тереңдігі жеткіліксіз
электродтың балқыған металы шашырайды және көбірек 
қышқылданады және азотталады. Жік қалыпсыз болып шығады, ал 
жік металының құрамында тотық көп болады.
Егер пісіру процесінде қандай да бір себеппен пісіру доғасы 
сөніп қалатын болса, пісірудің басын жақсы балқуын және сыртқы 
түрінің жақсы болуын қамтамасыз ететін, оны қайтып жағатын 
арнайы техниканы қолданады. Қайталап тұтандырған кезде 
кратердің алдыңғы жиегіндегі доғаны қоздырады, содан кейін 
барлық кратер арқылы жаңа ғана балқытылған металға қарсы 
орналастырылған жиекке, содан кейін тағы да жүргізіліп отырған 
пісірудің бағыты бойынша алға жылжытқан (2.4-сурет) жөн. Егер 
электродты доғаны қайталап тұтандырған кезде артқа жеткіліксіз 
2.4-сурет. Пісіру доғасын қайта тұтандыру 
сұлбасы: 
1
доғаны қыздыру
2
— доғаны кратердің 
қарсы жиегіне жылжыту; 
3
— доғаны кратердің 
алдыңғы жиегіне жылжыту 
61 


түрде әкететін болса, басталған және соңғы пісіру бөлікшелері 
арасында шұңқыр қалады. Егер қайтадан тұтандырған кезде 
электродты артқа қатты әкетсе, онда пісірілген білікше бетінде биік 
томпақ қалыптасады. 
Пісіру процесінде электродқа мынадай қозғалыстар беріледі:

оның осі бойынша пісіру ваннасына қарай ілгерілемелі қозғалу. 
Бұл ретте доға ұзындығының тұрақтылығын сақтау үшін 
электрод 
қозғалысының 
жылдамдығы 
оның 
балқу 
жылдамдығына сәйкес келуі тиіс;

пісіру жылдамдығымен пісірілетін жік желісінің бойымен 
қозғалу. Осы қозғалыстың жылдамдығы пісіру тоғына, 
электродтың диаметріне, оның балқу жылдамдығына, жік түріне 
және басқа да факторларға байланысты; 

жіптік білікшеге қарағанда кеңдеу жік алу мақсатында, яғни
кеңейтілген тігіс қалыптасуы үшін пісіру жігін көлденеңдей 
қозғалу; 
Пісіру жылдамдығы өте жылдам болған кезде аздап дөңестелген 
және ірі қабыршақтары бар жіңішке балқытып қапталған білікше 
шығады. Электродты өте ақырын жылжытқан кезде өте дөңестелген 
пісіру білікшесі және шеттері балқытып қапталған тегіс емес 
пішінді жік шығады.
Электродтың пісіру кезіндегі ию бұрыштары 2.5-суретте 
көрсетілген.
Пісіру түрлі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін: солдан оңға, 
оңнан солға, өзінен және өзіне қарай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет