Пісірудің өнімділігін (балқытып қаптауда) ұлғайту үшін доға
ұзындығының ұлғаюы жік енінің ұлғаюына қарағанда, оның
дөңестігінің ұлғаюын тудырып, пісірілген жіктің білікшесі өте
дөңес болып қалады.
Артқа қарай еңкейтіп пісіру кезінде пісірілген жіктің тар әрі биік
білікшесі қамтамасыз етіледі. Оған қоса, жанарғының бойлық
еңкейту бұрышын азайта отырып, пісірілген жік білікшесінің
биіктігін азайтып, оның енін ұлғайтуға болады.
Алға қарай еңкейтіп пісіру одан да тегіс және жалпақ пісірілген
жік білікшесінің алуын қамтамасыз етеді.
Пісіру жанарғысымен жұмыс істеу. Пісіру технологиясын
толықтай елестету үшін пісіру жанарғысымен жұмыс істеу әдіс-
тәсілдерін сипаттау керек. Бұдан әрі келтірілген ұсыныстар
анықтамалық болып табылады. Біліктігін арттыруына қарай әрбір
пісіруші жанарғыны жылжытудың өз әдіс-тәсілдерін жасап
шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: