В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы» пәні бойынша №2 Аралық бақылау сұрақтары 2021-2022 оқу жылына арналған


Гомеопатиялық инфузиялар мен қайнатпалар



бет12/36
Дата01.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#133765
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
1РК ответы

Гомеопатиялық инфузиялар мен қайнатпалар.

Гомеопатиялық тұнба мен қайнатпалар – бұл дәрілік ӛсімдік шикізатынан алынған сулы сығындылар. Оларды әртүрлі дәрілік түрде гомеопатиялық дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданады. Кептірілген шикізаттармен олардың сұйылтуларынан алынған тұнба мен қайнатпаларды инъекцияға, кӛз тамшы, түйіршіктер, суппозиторияларға арналған гомеопатиялық ерітінділерді жасау үшін қолданады. Жас дәрілік ӛсімдік шикізатынан және олардың сұйылтуларынан алынған тұнбалар инъекцияға арналған гомеопатиялық ерітінділерді дайындау үшін қолданады, ал қайнатпалармен олардың сұйылтуларын инъекциялық ерітінділер мен кӛз тамшыларын дайындау үшін қолданады. Тұнба мен қайнатпалар жататын дәрілік түрдің жалпы және жеке фармакопеялық мақалаларда, дәрілік ӛсімдік шикізатының аты, экстракция режимі мен сұйылту (потенция) дәрежесі кӛрсетілу керек. Тұнба мен қайнатпаларды дайындау үшін гомеопатияда рұқсат етілген және НҚ талаптарына сай келетін, жас және кептірілген дәрілік ӛсімдік шикізатын қолданады. Шикізатты тұндыру алдында НҚ бойынша бӛлшектің ӛлшемі кӛрсетілмеген жағдайда оны ұсақтайды:
- жапырақтары, гүлдері, шӛптері – 4 мм – ден кӛп емес;
- бүршіктері, қабықтары, тамырлары, тамырсабақтары, пиязшықтары – 3 мм – ден кӛп емес;
- жемістері мен тұқымдары- 2 мм – ден кӛп емес. Тұндыру үшін инфундирлі аппараттар, фарфорлы (инфундирка), шыны, эмальденген, таттанбайтын болаттан жасалған стакандар қолданылады. Фарфорлы инфундирлі аппаратқа шикізатты салар алдында 15 минут 90 0 С температурада аппаратты қыздырады. Экстракциялау процесі кезінде сулы сығындыларды жиі араластырады. Ереже бойынша гомеопатиялық сулы сығындылармен оның сұйылтуларына консерванттар қосылмайды. Әртүрлі дәрілік ӛсімдік шикізатынан алынған сулы сығындыларды дайындаудың ерекше жағдайында жеке НҚ-да кӛрсетіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет