В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы» пәні бойынша №2 Аралық бақылау сұрақтары 2021-2022 оқу жылына арналған


Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылту (потенцирлеу)



бет14/36
Дата01.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#133765
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
1РК ответы

Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылту (потенцирлеу).

Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар (потенция) – гомеопатиялық тритурациялар, түйіршіктер және т.б. дәрілік түрлерді дайындау үшін, ішке және сыртқа қолданатын дәрілік препарат ретінде пайдалануға болатын сұйық дәрілік түрлер.
Сұйылтуларды алады:
- гомеопатиялық ерітінділерді сұйылту және потенцирлеу арқылы;
- тритурациядан сәйкес келетін еріткіштермен потенцирлеп;
- бастапқы тұндырмадан сұйылту және потенцирлеу арқылы. Гомеопатиялық ерітінді мен сұйылтулар сәйкес келетін еріткіште сұйық біркелкі жүйе болып табылады. Еріткіш ретінде пайдаланылады: тазартылған және инъекцияға арналған су, әртүрлі концентрациядағы этанол, глицирин.
Егер жеке мақалада кӛрсетімесе ерітінділерді қыздырмау қажет. Ерітінділердің концентрациясы (1:10) ондық (D1) – жүздік (С1) қатынаста, яғни дәрілік заттың 1 бӛлігі 10 немесе 100 мас. бӛлікте ерітінді 41 кӛрсетіледі. Гомеопатиялық сұйылтулар дайындау кезінде санитарлық режим бойынша ереже сақтау керек.
Сұйылтуды дайындау процесінің мәні - негізгі субстанция мен сулы – этанолды ерітіндінің кезекті ретімен ондық немесе жүздік сұйылту қатынасын әр сұйылту соңында шайқап- сілкуінде. Сұйылту барлық негізгі (бастапқа ) заттар ортадан бӛлінген дәрежеге дейін жалғасады, бірақ бұл кезде дәрілік белсенділік жақсы байқалады. Сұйылтудың 2 тәсілі пайдаланады.
1. С.Ганеман тәсілі (кӛп сыйымдылықта дайындау) .Кезекті пробиркалармен қажеттіеріткіш (ең басты 43 % этанол) 9 г (ондық) немесе 99 г (жүздік) мӛлшерін дайындайды. Міндетті түрде пробиркалар тығынына сұйылтуларды кӛрсетеді. Бірінші пробиркаға 1 г дәрілік зат салынады. D2 (С2) белгісі кӛрсетілген құтыға D1 (С1) ерітіндісінен 1 г сұйылтуы немесе бастапқы тұндырма құйылады. Сосын таза пипеткамен 1 г алдынғы сұйылтудан алып келесі пробиркаға құяды, әр флакондағы тамшыны келесі флаконға ауыстыру алдында кӛп рет (10-30 рет, 1 минут бойы) сілкиді. Ганеман тәсілі бойынша сұйылту үшін ара қашықтық потенция кӛбінесе қолданбаса да, әр потенцияға жеке ыдыс қажет.
2. С.Н. Корсаков тәсілі (бір сыйымдылықта дайындай). Дала жағдайында жасалатын сұйылтуларды бір флаконда дайындау тәсілін ӛңдеп, ұсынған. Бұл тәсілде дәрілік зат ерітіндісін флоконнан жылдам құйып алады. Флаконда 1 тамшы қалады деп жорамалдаған. Сосын қажетті еріткіш кӛлемі қосылады (9 немесе 99 тамшы). Егер шынының адгезивті қасиетіне және сұйықтың беттік керілуіне жӛндеу жасаса, бұл тәсілдің дәлдігі тӛмен.
Корсаков тәсілі бойынша сұйылту кезінде флакон «К» әріпімен белгіленуі керек. Ганеман әдісі бойынша сұйылту кезінде 43 % этанол қолданылады; Корсаков әдісі бойынша – 62 % этанол қолданылады. Массасы 3 г -нан тӛмен сұйық сұйылту дайындау кезінде тамшылармен жұмыс істелінеді. Улы және күшті әсер ететін заттары бар сұйылтулар мен 42 ерітінділерді тамшымен дозалау үшін тек стандартты каплемер қолдану қажет. Флакон кӛлемі 1/3 – 1/2 есе сұйылтатын сұйықтықтан кӛп болуы керек. Препарат пен сұйылтудың аты тығында және құтыда (С немесе D) кӛрсетіледі.
Флакон – тамшылатқыштың престелінген шыны тығынында стандартты ӛлшемде этикетка жапсырылады
Ерітілген заттың атауы
х г – 1 тамшы
1,0 г – у тамшы
Сұйылтуларды күн сәулесінен қорғалған бӛлмелерде дайындайды. Әрбір сұйылтуды 10 – реттен кем емес үстіден астыға қарай сілкиді. Сулы ерітінді дайындау үшін ФМ сәйкес 1 масса бӛлігінде дәрілік зат алады, 9 немесе 99 массалық бӛлікте тазаланған сумен потенцирлей отырып ерітеді және ерітіндіні сүзеді. Осындай жолмен дайындалған ерітінділер келесі потенциялар алуға пайдаланатын С1 немесе D1 сұйылтуларға сәйкес келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет