ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:
Әдіс - құрастырылған:
1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);
2) үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.
Сабақтың хронометражы
Мазмұны
|
Әдістемелік жабдықтар
|
Уақыты, мин
|
1.Кіріспе (ұйымдастыру кезеңі)
|
|
5
|
2.Оқытушыдан кеңес алу
|
Силлабус,
Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау
|
25
|
3.Студенттің жеке жұмыс жасауы
|
Ситуациялық есептер
(таратылатын материал)
|
20
|
Үзіліс 10 минут
|
4.Берілген тапсырмалардың нәтижелерін оқытушымен бірге талдау
|
|
15
|
5. Қиын тапсырманы талдау
|
Жаттығулар,
Тестік тапсырмалар
|
10
|
6.Жазбаша сұрау
|
Тестік тапсырмалар
|
20
|
7.Қорытындылау
|
|
5
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 239-248.
Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 230-254.
Қосымша:
Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.
Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.
Дополнительная
Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.
Ағылшын тілінде:
Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Сұрақтар:
1) Амин қышқылдарының бифункционалды химиялық қасиеттері.
-СООН тобының реакциялары:
а) Аспарагин, глутамин қышқылдарының мысалында амидтердің түзілуі
б) триптофан мен гистидиннің декарбоксилденуі.
2) -SH тобының реакциялары:
а) цистеиннің жұмсақ тотығуы. Бұл реакцияның биологиялық маңызы.
б) цистеиннің соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін қатаң тотығуы .
Студенттердің назарын декарбоксилденгенде биогенді аминдердің түзілетініне; дисульфидтік байланыстың түзілетініне аудару қажет.
3) -NH2 тобының реакциялары:
дезаминдену:
а) тотықсызданбай;
б) тотықтыра;
в) гидроксилдену.
4) Метиламин, аланиннің НСI мен тұз түзуі.
5) -ОН тобының реакциялары:
а) тотығуы;
б) күрделі эфирлердің түзілуі.
6) - амин қышқылдарына тән ерекше реакциялар:
а) биполярлы ионның түзілуі;
б) пептидтердің түзілуі. Номенклатура. Пептидтік топтардың электрондық және кеңістіктік құрылысы.
7) Трипептид глутатионның түзілуін жазу. Маңызы.
8) Пептидтердің қышқылдық-негіздік гидролизі.
Достарыңызбен бөлісу: |