ТАҚЫРЫП: α-Амин қышқылдарының биологиялық маңызды касиеттері. Пептидтер.
МАҚСАТЫ: α-Амин қышқылдарының құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттері туралы білімді пептидтердің түзілуінде қолдана білу
ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ: Білім алушының мүмкіндігі бар: α-Амин қышқылдарының құрылыстарына қарай реакцияға түсу қабілеттіліктерін салыстыруға.
α-Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді пайдалана отырып белоктарға, пептидтерге, α -амин қышқылдарына сапалық реакциялар жасау нәтижесіне қарай тұжырым жасай білуге.
Оқытушы ұсынған α-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілу схемасын жаза білуге.
α-Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесін біле отырып ортаның рНна қарай белок молекуласының зарядын анықтай білуге.
ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :
Тақырыптың сұрақтарын оқу ;
Типтік тапсырмаларды орындау;
Оқытушыдан кеңес алу;
Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА: Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.
Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.
БЕРІЛЕТІН материал: Тапсырмалар: Аланиннің а) СН3I, б) NaOH, в) HNO2, г) этанолмен реакцияларын жазыңдар. Түзілген өнімдерді атаңдар.
Бас миындағы нейропептидтің құрылысын - Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер. Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?
Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН~8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса?