гальваникалық элементтердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсініктерді қалыптастыру;
әр түрлі электродтардың электродты потенциалын есептей білуді және гальваникалық элементтердің ЭҚК-н анықтай білуді үйрету;
ағзадағы патологиялық өзгерістердің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін рН пен басқа физикалық-химиялық параметрлерді анықтау үшін қолданылатын электрохимиялық әдістерді қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
ОҚыту міндеттері:
I және II текті, тотығу-тотықсыздану электродты потенциалдардың құрылысы және олардың жұмыс істеу принципі жайлы түсініктерін кеңейту;
биологиялық сұйықтықтардың рН-н анықтауда потенциометрлік титрлеуді пайдалану мүмкіндігін көрсету;
ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын есептеу үшін интегралды және дифференциалды қисықтарды тұрғызу туралы ақпарат беру;
электродты потенциалдарды есептеу үшін Нернст және Нернст-Петерс теңдеулерін қолдануды үйрету;