«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Жасөспірім  шақтағы  гигиенаның  ерекшеліктері.  Жеке  өмір  және



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


51. «Жасөспірім  шақтағы  гигиенаның  ерекшеліктері.  Жеке  өмір  және 
физикалық  қол  сұғылмаушылық»  атты  мультимедиалық  презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн 
Жасөспірім шақтағы гигиенаның ерекшеліктері. 

92 
 
Жеке гигиена – адам денсаулығының сақталуы мен күшеюіне үлес қосатын гигиеналық 
ережелер  жиынтығы.  Жалпы  гигиеналық  талаптар  барлық  жастағы  адамдарға  қатысты: 
ақыл-ой  мен  физикалық  еңбектердің  дұрыс  алмасып  келуі,  физикалық  жаттығулармен 
айналысу,  тамақтануды  реттеу,  еңбек  пен  белсенді  демалыстың  алмасуы,  толыққанды 
ұйқы. Жеке гигиенаға, сонымен қатар, денені, төсек-орындарды, киім, тұратын орынды, 
ас дайындау кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтау жатады. 
Жасөспірім  шақта  сабақ  орындау,  ұйқы,  демалыс,  тамақтану  режимдерін  тиімді 
құрастыру өте маңызды. 
Жыныстық жетілу кезінде бұлшықеттерді қатайтуға арналған жаттығулар жасау маңызды 
орын  алады.  Қаңқаның  майысуын  (омыртқа  жотасының  және  жамбастың)  болдырмау 
үшін,  бұл  қыздарда  босану  кезінде  жағымсыз  әсер  етеді,  мектептегі  оқушылардың 
мүсінінің дұрыс қалыптасуын қадағалау қажет. 
Жасөспірім  жаста  ми  зорланып  жұмыс  істейді,  сол  себептен  ұйқы  уақытында  және  8-9 
сағаттан  кем  болмау  керек.  Бір  уақытта  ұйықтап,  бір  уақытта  тұру  қажет.  Бала  өз 
төсегінде жату керек. Төсек тым жұмсақ, жылы болмау керек, түнгі киім бос және жеңіл 
болуы шарт – бұл әсіресе, жыныстық мүшенің зақымдалуына әкеліп соғу мүмкіндігі бар 
тар ішкиім киетін ер балаларға қатысты. 
Дененің  тазалығына  әрқашан  мән  беріп  жүру  керек.  Себебі,  жасөспірім  шақта  қолтық 
астында  және  жыныстық  мүшелердің  аумағында  орналасқан  тер  бездері  белсенді 
функциялана бастайды. Бөлініп шыққан тер бактериялармен бірігіп, айналаға жағымсыз 
иіс тудырады. Ұйықтар алдында сумен жуынып алған дұрыс. Күнде кешкісін аяқты жуып 
тұру  ағзаны  шынықтырады,  тек  аяқты  ыстық  сумен  емес,  жылы  сумен  сабындап  жуып 
тұру керек. 
Тағы бір мәселе – жасөспірімдік безеу – беттегі май бездерінің белсенділігі, терідегі ұсақ 
тесіктерді  бітеп  тастайтын  тері  майын  бөліп  шығарады.  Тері  майы  бактериялармен 
біріккенде,  тері  қабынып,  безеулер  пайда  болады.  Бұл  жағдайда  ең  маңыздысы  –  жеке 
гигиенаны  сақтау.  Бетті  күніне  кем  дегенде  екі  рет  жуып  тұру  керек,  безеуді  сығуға 
болмайды,  әйтпесе  жұқпалы  ауру  жұғуы  мүмкін.  Сулық,  лосьондар,  безеуге  қарсы 
кремдер  пайдалануға  болады.  Егер  безеу  жоғалмаса,  дерматологқа  немесе  косметолог 
мамандарға көрінуге болады. 
Жасөспірім  шақта  үй  тапсырмасын  орындау  ұзақтығы  2,5-3  сағаттан  аспау  керек. 
Сабақты орындап болғаннан кейін 3 сағаттан кем емес уақыт таза ауада болу ұсынылады 
(серуендеу, физикалық жаттығулар). 
Тамақтану режимі үлкен мағынаға ие. Балалар күніне арасына 4 сағат салып, күніне 4 рет 
тұрақты түрде тамақтанып тұру қажет. 
Тамақ әртүрлі және жас ағзаға қажетті барлық заттардан тұру керек. 
Қаңқаның  жылдам  дамуы  (қатаюы),  сүт  тістердің  орнына  үлкен  азу  тістердің  шығуына 
және  ақыл  тіс  деп  аталатын  тістің  пайда  болуына  –  жеміс-жидектерде  болатын 
дәрумендер мен тұздар қажет, сонымен қатар тағам жетерліктей калориялы болуы керек. 
Ішектің  жұмысына  баса  назар  аудару  қажет.  Әдеттегі  созылмалы  іш  қатулар  кіші 
жамбастағы қан айналымын тоқыратып қоюы мүмкін. Жас қыздарда іш қатудың әсерінен 
етеккір  бұзылады,  ақ  етеккір  пайда  болады  (жыныстық  мүшедегі  бөлінуер).  Іштің 
қатуымен  балалық  шақтан  бастап  күресу  керек.  Белгілі  бір  уақыттарда  ішекті  босатып 
тұруды үйрену керек. 
Ұйықтар  алдында  міндетті  түрде  тісті  тазалау  керек.  Түні  бойы  тістің  арасындағы 
қалдықтар ыдырайды, соның нәтижесінде тісті құртатын микробтар көбейеді. 
Ағзаны шыңдау үшін сумен жуыну ұсынылады. Аптасына бір-екі рет ванна немесе душ 
қабылдап, күн сайын тер мен кір көп жиналатын жерлерді (тізені, жыныстық мүшелерді, 
қолтықты және т.б.), бет пен мойынды айтпасақ та болады, жуып тұру қажет. 

93 
 
Жасөспірімдер  кейде  шаршағыштық,  жаттығу  кезінде  жүректің  шаншуы  туралы 
шағымдар  айтады.  Физикалық  жаттығулардың  дұрыс  жинақталған  кешені  жүрек 
бұлшықетінің жұмысын жақсартып, әлгіндей жағдайларды болдырмайды. 
Оқу  жылындағы  ұйықтау  мен  тамақтану  режимі  каникул  уақытында  да  сақталуы  тиіс. 
Демалыс  пассивті  болмай  (компьютердің  алдында  аз  отыру),  белсенді,  алуан  түрлі 
(туризм, саяхаттау, ойындар) болуы шарт. Режимнің дұрыс құрылуы – қалыпты өсу мен 
ағзаның дамуының тамаша кепілі. 
Ерлердің жыныстық мүшесінің гигиенасы ерте жастан бастап жыныстық мүше 
мен  оның  айналасын  тұрақты  түрде  жуып  тұруға  негізделеді.  Жыныстық  мүшенің 
қабынуы  мен  іріңді  бөлінулер  болған  жағдай  міндетті  түрде  уролог-дәрігерге  көріну 
керек.  5  жастан  кейін  көп  адамда  жыныстық  мүшенің  ұшы  жыныстық  мүшенің  басын 
ашуға  мүмкіндік  береді,  ол  шырышпен,  дәреттің  тамшысымен  қоректенетін 
микробтардың жиналатын жері болып есептеледі. Жуу күнделікті жылы сумен сабындап, 
құрғату әрекеттері арқылы жүргізіледі. Жасөспірім жаста ер бала жыныстық мүшесін өзі 
күтуді әдетке айналдыру керек. Жасөспірімге поллюцияның пайда болатындығы туралы 
ескертіп,  оны  бұған  психологиялық  түрде  дайындау  қажет.  Поллюциядан  кейін 
жыныстық мүшені міндетті түрде жылы сумен жуу керек. 
Жыныстық мүшені таза ұстау бала мен  ересектердің өмір бойғы әдетіне айналуы 
тиіс. 
Етеккір кезіндегі гигиена ерекшеліктері. 
Етеккір кезінде міндетті түрде дене мен жыныстық мүшенің сыртқы жағының тазалығын 
сақтау  керек.  Денеге  тамған  қан  оны  ластайды  және  микробтар  үшін  жақсы  тамақтану 
орны болып табылады. Қынап пен жатырға түссе, ісіп қызару процессін туғызады. 
Бойжеткен етеккір кезінде күніне 2-3 рет, алдын ала қолын жуып, жылы қайнаған сумен 
сабындап жуынып тұру қажет. Сыртқы жыныстық мүшелер, анус аймағын, бұтаралықты 
ағып тұрған сумен алдынан артына қарай бағытта жуу керек, сосын таза жұмсақ матамен 
құрғатып сүрту керек. 
Етеккір  күндерінде  ванна  қабылдауға  және  өзенде  немесе  теңізде  шомылуға  болмайды. 
Мұндай  жағдайда  душ  қабылдау  ұсынылады.  Ішкі  киімді  жиі  ауыстырып  отыру  қажет. 
Дәріханалардан  гигиеналық  пакеттер,  төсемелер  сатып  алуға  болады,  оларды 
бөлінулердің көлеміне байланысты әр 3-6 сағатта ауыстырып отыру қажет. 
Етеккір  кезінде  бойжеткендер,  аса  көп  күш  жұмсау  мен  қатты  шаршаудан  бас  тартып 
қарапайым өмір салтын ұстануларына болады. Бірақ кейбір шектеулер бәрібір қажет-ақ. 
Сонымен,  етеккір  күндерінде  ұзақ  уақытқа  мүмкіндігінше  ауыр  заттарды  көтеру, 
тасымалдау  сияқты  ауыр  физикалық  жұмыстарды  істеуге  болмайды.  Мұндай  күндерде 
көп  физикалық  әрекеттерді  талап  ететін  спорт  түрлерімен  (ескек  есу,  жүзу,  ат  үстінде 
жүру,  снарядтардағы  гимнастика,  коньки  тебу,  волейбол,  теннис  ойнау)  айналысуға 
тыйым салынады. 
Етеккір  кезінде  қатты  тоңудан,  әсіресе дененің  төменгі жағы  мен  аяқтарға  суық  өтуден 
сақтану  керек,  себебі,  бұл  етеккірдің  күшеюін,  ауырсыну,  жалпы  әлсіздік  тудыруына 
әкелуі мүмкін. 
Бұл  кезеңде  ащы  тағамдар,  ақжелкек,  уксус,  бұрыш,  қыша  қолдануға,  сонымен  қатар 
алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайды, себебі олар жыныстық мүшедегі қан кернеуінің 
көбеюінен етеккірдегі қан ағу күшеюі мүмкін. Несеп қуығы мен ішектің толып кетуінен 
сақтану  керек,  себебі  бұл  жағымсыз  әсерлер  шақыруы  мүмкін  (ауырсыну,    етеккір 
кезіндегі қан ағуды тежелуі және басқалары). 
Жыныстық  өмірдің  басталуында,алғашқы  жыныстық  байланыстан  соң  2-3  күн  қыздық 
перденің  жыртылуы  жазылғанша  физикалық  жақындықты  тежеу  керек.  Үдемелі 

94 
 
инфекция мен қан ағу қаупіне байланысты етеккір күндерінде де жыныстық қатынастан 
бас тарта тұрған дұрыс.  
Төсемелерді пайдаланып болғаннан кейін оларды өртеп жіберу керек немесе газетке орап 
қоқыс шелекке тастау қажет. Мұны ұқыпты түрде істеу қажет. Интимді заттардың бөтен 
адамдардың көзіне түсуі жағымсыз әсер етеді. 
Іш киімнің сапасына көңіл бөлу керек, етеккір күндерінде және басқа уақытта да капрон 
немесе нейлоннан жасалған іш киімдерді кимген жөн, бұл әсіресе суық, ылғалды күндері 
зиян. Мақтадан жасалған, тоқылған іш киімдерді қолданған жөн. 
Бойжеткенге  етеккір  күнтізбесін  жүргізген  дұрыс,  оған  етеккір  келген  мерзімді,  оның 
ұзақтығын және қан ағу көлемі туралы (шамалы, көп, өте көп) деректерді енгізіп отыру 
керек.  Сонымен  қатар,  етеккірдегі  ауырсынулар  мен  оның  қарқындылығын  да  белгілеп 
қойған жөн. 
Етеккір  аяқталған  соң  қыз  жыныстық  мүшесін  күту  ережелерін  сақтап,  күніне  екі  рет 
қолды  жуып  алған  соң  жылы  сумен  сабындап  жуып  отыру  қажет.  Іш  киім  күн  сайын 
ауыстырылып тұруы тиіс. 
52. Топтық пікірсайыс. 
Оқытушы оқушылар талқылауы үшін бір жағдайды ұсынады. 
Қызы  анасымен  құпия  бөлісті  –  оған  сыныптасы  ұнап  қалыпты,  ол  да  қызды 
ұнатады екен. Бүгін олар мектептен қайтқанда, бала оның портфелін үйге дейін көтеріп 
келіпті. Кешкі тамақ уақытында анасы бұл оқиғаны әкесі мен әжесіне айта бастады. Қыз 
қызарып  кетіп,  көзіне  жас  толып,  басқа  бөлмеге  қаша  жөнелді.  Анасы  сол  уақытта 
артынан барып, не болғанын сұрады. Қызы оны құпиясын айтып қойғаны үшін айыптай 
бастады. Анасы қызынан кешірім сұрап, оны тыныштандырды да бірге бөлмеге қайтып 
оралды. 
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: 
-  Анасыныкі неге дұрыс болмады? 
-  Анасы қызының қандай құқығын бұзды? 
Жеке өмір деген не? 
Мектептегі  жеке  өмір  туралы  мысал  келтіріңіздер.  (мысалы,  сенің  портфелің,  сенің 
заттарың және т.б.) 
Қорытынды: Жеке өмірге қол сұқпау құқығы бірнеше құқықтар жиынтығынан тұрады. 
Оны тастардың үйіндісімен салыстыруға болады – олар үлкен немесе кіші болуы мүмкін, 
олардың  біразы  бөлініп,  біразы  қосылып  қалуы  мүмкін.  Бірақ  адамды  өмірінің  қол 
сұғылмайтын бөліктеріне байланысты құқығынан айыру, тіпті қоғамдық қорғау үшін де 
еске  түсіруге  болады,  егер  тасты  біртіндеп  тасый  берсе,  тастардың  үйіндісі  де  елеусіз 
жоғалып кетеді. 
Дербес өмірге қол сұқпаушылық жеке өмір сияқты отбасылық өмірді де еске түсіреді. 
Жеке  өмірдің  элементтері:  бедел,  стиль,  тұрмыс  салты,  қажеттіліктер,  бейімділіктер, 
әуестену және т.б. 
Отбасылық өмірдің элементтері: жұбайлық қарым-қатынас, отбасылық құқық, отбасылық 
міндеттер,  отбасындағы  тәртіп,  балалармен  қарым-қатынас,  отбасылық  дәстүрлер  мен 
мерекелер. 
Осыған  байланысты,  дербес  өмір  –  бұл  адамның  өзі  қаламаса,  ешкімді  кіргізбеуі  тиіс 
кеңістік. 

95 
 
53. Топтық жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөліп, келесі жағдайларды талқылауды ұсынады. 
Бір қыз күнделік арнады. Бір күні ол күнделікті өткен күзде Астана қаласына барғандары 
туралы құрбы қыздарына оқып беру үшін сыныпқа алып келді.  Күнделіктің бар екендігі 
байқаусызда  тағы  бір  сыныптас  қызы  біліп  қойды.  Ол  тағы  бір  қызды  көндіріп,  екеуі 
Сәния деп аталатын қыздың сөмкесінен жайлап ұрлап алды. Күнделіктің жоғалғандығы 
көп ұзамай байқалды, бірақ кімнің алғаны белгісіз. Басқа күні сабаққа келген Сәния екі 
сыныптас  қызының  бір  партада  отырып  алып,  құпия  түрде  бірдеме  көріп  отырғанын 
байқады.  Кейін  сыныптың  барлығы  жиналған  соң,  бір  қыз  қатты  дауыспен  мынаны 
хабарлады:  барлығың  тыңдаңдар,  біздің  Сәния  түрі  Джастин  Биберге  ұқсайтын  тамаша 
математик ханзаданы армандайды екен. 
Сұрақтар: Бұл хат сізді қандай сезімге бөледі? 
1-топ бұл жағдайды Сәнияның көзімен қарап шығу. Сәнияның халін жазып және оған бұл 
қиын жағдайдан шығудың лайықты жолын айтыңдар. 
2-топ  бұл  жағдайды  Сәнияның  сыныптастары  көзімен  қарап  шығу.  Сыныптастардың 
қыздың ісіне қатысты қарым-қатынасының бірнеше нұсқасын жазып шығыңдар, болған 
жағдайға  өз  көзқарастарыңызды  білдіріп,  қызға  бұл  жағдайдан  шығудың  жолын 
айтыңдар. 
3-топ  бұл  жағдайды  ата-аналардың  көзімен  қарап  шығу.  Сәнияға  бұл  жағымсыз 
жағдайдан құтылу үшін қалай көмектесуге болады, балалардың құпия күнделік арнауына 
қалай қарайтыныңызды жеткізіңіз. 
Оқытушы талқылаудың қорытындысын шығарады. 
Әрбір адамның талап етуіне және қолдануына болды: 
-  Физикалық дербестікті 
-  Өзі туралы жеке ақпараттарды қорғауына 
-  Жеке әңгімелерде сақтауға 
-  Үйін қорғауға 
Адам  мемлекет  пен  қоғамның  бір  бөлігі  болып  табылады,  дегенмен  ең  үлкен  бағалысы 
болып дербес жеке өмірі саналады. 
Әрбір  адамның  ұнататын,  ұнатпайтын  әдеттері  болады.  Құпиялар,  армандар,  тілектер 
және  басқалары  бір  сөзбен  айтқанда  –  жеке  өмір  болып  табылады.  Бөтендердің 
әңгімелерін,  хаттарын  оқуға  болмайтынын  бәріміз  білеміз.  Әр  қайсысымыздың  жабық 
күйінде  қалуын  қалайтын  жеке  өміріміз  болады.  Бұл  сіздің  жан  дүниеңіздегі,  үйдегі, 
отбасындағы  жағдайлар  болуы  мүмкін.  Адам  жеке  және  отбасылық  құпия  сақтауға 
құқылы. 
54. Пікірталас. 
Оқытушы  қатысушыларға  бұл  жаттығуды  орындауда  қате  жауап  беруден  қорқудың 
қажеті жоқтығын түсіндіреді. Әр қатысушыға бір карточкадан тарату керек. Карточкаға 
«секс»,  «сексуалдылық»  және  «сексуалды  мінез-құлық»  терминдеріне  жеке  түсінігін 
жазбаша немесе сурет салу арқылы жеке жеткізуін сұраңыз. 
Содан  кейін  әрбір  қатысушы  карточкасын  оқып  немесе  көрсетіп,  тақтаға  немесе 
флипчартқа жапсырып қояды. Әрбір қатысушы жоғарыда айтылған терминдер туралы өз 
ойларын дауыстап айтып береді. 
Келесі сұрақтар оқушылармен бірге талқыланады: 

  Бұл жаттығуды аралас жынысты топта орындау кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
Неліктен? 

  Ерлер мен әйелдердің эмоционалды ерекшеліктері бар ма? Қандай? 

  Бойжеткендер мен бозбалалар тартымды көріну үшін өздерін қалай ұстайды? 

  «Сексуалды қыз», «сексуалды жігіт» деп жиі айтылады. Бұл нені білдіреді? 

96 
 

  Некеге дейінгі жыныстық қатынасқа қалай қарайсыз? 

  Жыныстық  қатынасқа  бармай-ақ  біреуге  махаббатыңызды  білдіре  аласыз  ба? 
Қалай? 
Оқытушы  пікірталастың  қорытындысын  шығарып,  жоғарыдағы  терминдерге  түсінік 
береді. 
55. «Сексуалдық түсінігі, оның даму сатысы мен сексуалды мінез-құлықтардың 
түрлері. Жасөспірімдерде сексуалды қатынастар туралы білім, құндылықтар 
және оны орнатуды қалыптастыру» атты мультимедиалық презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн 
Сіздің көптеген құрдастарыңыз жыныстық қатынас туралы барлығын білетініне сенімді, 
бірақ әдеттегідей олар толық емес, күмәнді және дұрыс жеткізілмеген ақпараттарға ие. 
Сексуалдылық адамның бүкіл өмірінде өзгеріп және дамып отырады. Жасөспірім кезеңде 
сексуалдылықтың  дамуының  мәні  зор,  бұл  айналасындағыларға  жеке  және  әлеуметтік 
қарым-қатынас құруға ерік береді. 
Сексуалдылық пен секс – бір нәрсе емес. 
Секс – ағылшын тілінен аударғанда «жыныс» дегенді білдіреді. 
Секс  (латынша  sexus  –  жыныс;  синонимі  –  жыныстық  қатынас)  –  жыныстық 
құштарлықты қанағаттандыру мақсатында дене, психикалық және әлеуметтік процесстер 
мен қарым-қатынастар жиынтығы. 
Сексуалдылық  –  туылған  сәттен  бастап  адамның  бүкіл  өміріне  қатысты,  өмірдің 
көптеген аясын қамтитын өзіне тән ерекшелігі. Сексуалдылық адам болмысының табиғи 
және  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Сексуалдылық  адамның  өзіне,  өзіндік  және 
қарама-қарсы жыныспен қалай қарым-қатынас жасайтындығымен анықталады. 
Сексуалдылық  –  құштарлықты  білдіру  құралы,  белгілі  бір  жынысқа  ғана  қатысты,  әр 
адамның өзін және өзгелерді тану мүмкіндігі. 
Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымы  сексуалдылықты  «қарым-қатынас  жасауға, 
нәзіктік  және  махаббатты  білдіргісі  келуінен  туындайтын  физикалық,  психологиялық 
және әлеуметтік энергиясы» деп түсіндіреді. 
Сексуалдылықтың  астында  сексуалды  құмарлық,  сексуалды  реакция,  сексуалды 
белсенділік және т.б. жатады. 
Сексуалдылық мыналарды қамтиды: 

  Адамның жеке тұлға ретінде сезінуі 

  Адамның өзін болашақ еркек немесе әйел ретінде сезінуі 

  Репродуктивті денсаулық, қайта жаңғырту (бала туу) 

  Сезім, ой, тәртіп 
Сексуалдылықтың  пайда  болуы  әртүрлі,  еркек  пен  әйелдің  физиологиялық  және 
психологиялық  шарттасуы,  өмір  бойы  меңгеретін  және  дамытатын  гормональды 
ерекшеліктері, жыныстық рөлдерінің алмасуы (достық, махаббат, бала біту және босану, 
отбасындағы қарым-қатынас және басқалары). 
Сексуалдылық – адам өмірінің бір бөлігі. 
Негізгі  құндылықтары  –  таңдау,  абырой,  алуан  түрлілік,  теңдік  және  құрмет. 
Сексуалдылық контекст сонымен қатар мыналарды білдіреді: 
таңдау:  таңдау  еркіндігі,  сексуалдылықтың  пайда  болуы,  мәжбүрсіз  бір-бірі 
туралы ақпараттарға, қызметтерге, құрметке ие болу құқығы
абырой: әрбір адам жасына, нәсіліне, классына, жыныстық қажеттіліктерге және 
бағдарлауға,  ұнатуға,  салт-дәстүріне  және  басқа  да  анықтаушы  статус-факторларға 
қарамастан бағалы; 

97 
 
теңдік:  ер  мен  әйел  тең,  бірдей  құрметке  ие  және  жыныстық  денсаулығына 
қатысты барлық ақпараттарға, қызметтерге бірдей мүмкіндігі бар; 
құрмет: барлық ерлер мен әйелдер құрметке ие болу құқығына ие. 
Сексуалды мінез-құлық – адамның белгілі бір жынысқа қатысты қажеттіліктерді 
бағалау  әрекеті.  Бұл  негізінен  сыртқы  ерекшеліктерге  (шаш  үлгісі,  косметикаларды 
қолдану,  бояну  және  т.б.),  киімге,  өзін  ұстау  мәнеріне,  тілді  пайдаланудағы  қылықтар 
жүйесіне байланысты құрылған мінез-құлық. Жыныстық танымдардан құралған аталған 
ерекшеліктерді  пайдалану,  өзінің  жыныстық  иеліктерін  көрсету  болып  табылады. 
Сексуалды  мінез-құлық  негізінде  әулетті  жалғастыру  инстинкті  жатады.  Қоғамның 
көрсеткен жыныстық тәрбиесі, жыныстық және жас аралық айырмашылыққа ие. Ерлерге 
рұқсат  етілген  нәрсе  әйелдерге  рұқсат  етілмейді,  және  керісінше  де  болады.  Бұндай 
екіжақты  норма  «екіжақты  стандарт»  деп  аталады.  Жыныстық  мінез-құлыққа  жас 
нормалары  да  әсер  етеді.  Балаларға  жарамды  нәрсе  жасөспірімдерге  жарамсыз  және 
басқалары. 
Жыныстық  қарым-қатынас  балаларда  ерте  жастан  басталады,  ьірақ  сексуалды 
құмарлық  жыныстық  жетілу  кезеңінен  басталады.  Дәл  осы  уақытта,  ер  мен  әйелді 
айыратын қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Дәл осы уақыт кезеңінде жастар 
нақты сексуалды соққы мен физиологиялық қажеттіліктер сезіне бастайды. Бұл көбірек 
ер  балаларға  қатысты.  Жасөспірім  кезеңдегі  қыздарда  сексуалды  ояну  көмескі  және 
негізінен эмоцияларға, романтикалық жағдайларға байланысты болады. 
Физиологиялық  қажеттіліктердің  оянуы  жастық  шақта,  атап  айтқанда 
бозбалаларда пайда болады, бұдан бозбалада ересектерге мінезінің қиындығын көрінетін 
тынымсыздық қалыптасады. Жасөспірімдердің көңіл-күйі ауыспалы болып кетеді. Оларға 
бір  нәрсеге  ұзақ  уақытқа  назар  аудару  қиын  болады.  Көбіне  олардың  мектеп 
тапсырмалары  да  орындалмай  қалады.  Жастар  әдетте  көп  уақытын  достарымен  бірге 
белсенді ойындарға жұмсауға қызығады. 
Психо-сексуалды  ересектікке  жеткен  бозбала  мен  бойжеткен,  өзгелердің  ішінен 
махаббат пен достық үшін әлдекімді таңдап ала алады.
Жасөспірімдік  кезең  –  бұл,  кезекті  жақын  қарым-қатынасқа  дайындалу  уақыты. 
Жасөспірімдер  өз  эмоцияларын  басқаруды  үйренеді.  Олар  сүйе  білу  және  сүйікті  бола 
білу, басқа адамдармен жақын қарым-қатынаста болу мүмкіндіктерін дамытады. 
56. Топтық жұмыс. «Сексуалдылықтың даму сатылары» 
Оқытушы үш флипчартқа уақыт сызықтарын (өмір сүру ұзақтығының сызығын) салады, 0 
ден 100ге дейін үстемемен, беске дейін өсу ретімен жазады. Содан кейін оқушыларды үш 
топқа  бөліп,  алдын  ала  дайындалған,  сексуалды  дамудың  негізгі  сатылары  жазылған 
карточкаларды таратады: 
o  Сексуалдық реакцияның көрінуі басталады 
o  Жыныстың жатыр ішінде жіктелуі 
o  Жыныстық ерекшеліктер/даралықтар түсінігін көрсетеді 
o  Тұқымдық рөл түсінігін көрсетеді 
o  Балалар қайдан пайда болатынына қызыға бастайды 
o  Романтикалық қызығушылық туа бастайды 
o  Жыныстық жетілудің алғашқы физикалық белгілері пайда бола бастайды 
o  Шәует түзіле бастайды (ұл балаларда) 
o  Етеккір басталады (қыздарда) 
o  Романтикалық қарым-қатынас басталады 
o  Секспен алғашқы рет айналысып көреді 
o  Некеге тұру 

98 
 
o  Бала туу 
o  Менопауза 
o  Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормондарының деңгейі төмендейді) 
Оқытушы  оқушыларға  мынаны  түсіндіреді,  аталған  әрекет  қай  жаста  болады  деп 
есептесе  карточканы  сол  кесілген  жерге  орналастыру  керек.  0ден  100ге  дейінгі  сан 
туылған  сәттен  бастап  өлгенге  дейінгі  адамның  жасын  көрсетеді.  Карточкалар  уақыт 
сызығына  орналастыра  салысымен,  оқытушы  оқушылардан  карточкалардың  қойылу 
жағдайына қалай қарайтындығын сұрайды. 
Қатысушылар  талқылап  болған  соң,  оқытушы  оларға  дұрыс  жауаптарын  беріп, 
карточкаларды негізі тұратын орнына қойып шығады. 
Содан кейін оқытушы келесі сұрақтарды талқылауға береді: 
o  Сексуалды даму қай уақыт аралығында көп өтеді? 
o  Жасөспірім қай жаста сексуалды білім алады? 
o  Қандай да бір карточкалардың орналасу жағдайына таң қалдыңыз ба? Қайсысына? 
Неге? 
57. «Ер мен әйелдің сексуалды және әлеуметтік дамуының негізгі сатылары» 
атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының 
шағын-дәрісі. 
Сексуалды  және  әлеуметтік  дамудың  белгілі  бір  қырлары  адам  өмірінің  әр  түрлі 
кезеңдерінде басталады. Бірнеше жыл көлемінде жүретін негізгі сатылары: 

  Жүктілік  кезінде  ананың  ағзасының  ішінде  құрсақтағы  жыныстың  жіктелуі 
жүреді. 

  Нәресте  өзінің  жыныстық  мүшесін  бірінші  рет  зерттейді  және 
ынталандырады.  6  айдан  1  жасқа  дейін  өтеді.  Нәрестелер  өзінің  ағза/денесін 
зерттеуді бастайды. 

  Биологиялық  дербестік  түсінігін  көрсетеді.  2  жаста  өтеді.  Балалар  өзінің 
биологиялық жынысын біледі. 

Тұқымдық  рөл  түсінігін  көрсетеді. 3тен  5  жас  аралығында  өтеді.  Балалар 
қоғамдағы ер мен әйел қалай істеу керек екені туралы ақпараттарға назар аудара 
бастайды. 

  Балалар  қайдан  пайда  болады  деген  сұраққа  қызыға  бастайды.  3тен  5  жас 
аралығында өтеді. 

  Романтикалық қызығушылықтар туындай бастайды. Мәдениетке байланысты 
болса да 5тен 12 жас аралығында өтеді. Бұл сатыда балалар жынысқа байланысты 
сексуалды қарым-қатынастардың алғашқы белгілерін көрсете бастайды. 

  Жыныстық жетілудің алғашқы белгілері көріне бастайды (балалық шақтан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет