Дорожкина Л., Сауранбаева М.
«Валеология» пәніне репродуктивті
және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі
күшейтілген компонентті енгізу бойынша
оқытушыларға арналған әдістемелік құрал
(Шығыс Қазақстан облысының пилоттық
колледждеріне арналған)
Алматы 2014
2
Түсініктеме хат
Бұл әдістемелік құрал Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының
бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы
қорының Қазақстандағы офисының (ЮНФПА) қаржылық-техникалық қолдауымен
жасалынды және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ПРООН/ЮНИСЕФ/ЮНФПА-
ның 2011-2015 жж. арналған «Тұрғын халықтарға көрсетілетін қызметті көрсету мен
аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы аймақтық бәсекеге
қабілеттілікті арттыру» атты біріккен бағдарламасының аясындағы жүргізілген
жұмыстарының бір бөлігі болып табылады (Семей аймағының үлгісі бойынша).
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 12 жыл ішінде 15-19 жастағы жасөсіпірім-қыздар
арасында босану санының меншікті салмағы жалпы босану санынан 3%-ды құрайды.
Сондай-ақ, 2011 жылы облыста 15-19 жас аралығында жасөсіпірімдер арасында –
100,000 тұрғынға сәйкес шаққанда 8.5 және 25.4 мерезді және гонореяны жұқтырудың
жоғарғы саны тіркелген. Тек 2011 жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-
ны жұқтырудың 212 жағдайы тіркелген. 2011 жылға жалпы алғанда Республикада
жасөспірімдік жүктіліктің 22081 жағдайы тіркелген, яғни 1000-ға шаққанда 31
жүктілік. Белгілі болғандай, жұқпаның негізгі берілу жолы - жыныстық қатынас.
Жастар мен жасөспірімдердің ЖЖБЖ мен АИТВ-ны жұқтыруға бейімділігінің
негізгі себептері – ақпараттандырылудың жеткіліксіздігі, зиянды әдеттер, ата-ананың
жауапкершілігінің төмендігі, есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралуы, жыныстық
жолдармен берілетін жұқпалардан және қажетсіз жүктіліктен сақтану құралдары мен
репродуктивті және сексуалды денсаулық бойынша көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділіктің төмендігі.
Білім мекемелері жасөспірімдердегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыруда, сексуалды және репродуктивті денсаулық, қажетсіз жүктіліктің,
АИТВ мен жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпаларды жұқтыру мәселелері
бойынша ақпараттандыруды арттыруда жетекші рөл атқаруы керек.
Пилоттық коллеждерге ұсынылып отырған «Валеология» курсы бойынша оқу
бағдарламасы жалпы және репродуктивті денсаулықты нығайту мен сақтау мәселелері
жөніндегі заманауи, ең алдымен интерактивті оқыту әдістерін қарастырады.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен олардың репродуктивті
денсаулығын сақтау бойынша алынған білімдері Қазақстан Республикасының жас
ұрпақ азаматтарының денсаулығын сақтаудың берік негізін жасауға үндеу бола алады.
3
Мазмұны
Модуль 1.: Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат).
Сабақ 1.1.: Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ).
Сабақ 1. 2.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен демография. Репродуктивті
денсаулыққа әсер ететін факторлар (1сағ).
Модуль 2.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі
Сабақ 2.1.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі (1 сағат).
Модуль 3.: Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына әсері (2 сағат).
Cабақ 3.1.: Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар
қабылдау. Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік (1 сағат).
Сабақ 3.2.: Есірткі мен уытты заттектердің адамның репродуктивті денсаулығына
әсері (1 сағат).
Модуль 4.: Жұқпалы аурулар
Сабақ 4.1.: Жұқпалы аурулар (1 сағат).
Модуль 5.: Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат).
Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде (2 сағат).
Сабақ 5. 2. Қарым-қатынастар. Жауапты мінез-құлық (2 сағат).
Сабақ 5.3.: Репродуктивті жүйе және адам ұрпағының жалғасуы. Адамның өсуі,
дамуы, жетілуі және және жыныстық әуесі. Жасөспірімдердің физикалық,
жыныстық, интеллектуалдық, психикалық, психосексуалдық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері (4 сағат).
Модуль 6.: Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4
сағат).
Сабақ 6.1.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары.
Жыныстық қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы.
Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті
денсаулыққа тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-
ның алдын алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат).
Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат).
4
Модуль 1.
Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат).
Сабақ 1.1.
Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ).
Мақсаты:
Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды рөлін оқушылар санасында
қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларын
жасап шығару.
Міндеттері:
- Физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық туралы түсінік беру.
- Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру.
- Салауатты өмір салтына анықтама беру.
- Салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларының
қалыптасуына жағдай жасау.
Түйінді ұғымдар: денсаулық; физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық;
денсаулыққа әсер етуші факторлар; салауатты өмір салты; салауатты өмір салтын
негізгі құраушылар; денсаулықты сақтау мен нығайтудың әдістері; қоғамдық
денсаулық.
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топтардағы жұмыс,
шығармашылық жаттығу.
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магниттік тақта), флипчартты қағаз,
маркерлер, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер.
Сабақ барысы
1.
Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды.
2.
Бой сергіту. «Қошемет сөздер» ойыны.
Оқушылар жұп болып, бір-бірімен тілдеседі: бір-бірін атап шақырады.
Амандасып, бір-біріне қошемет сөздер айтады. Әр қайсысының алдында 3 минут
ішінде барынша көбірек оқушылармен сөйлесіп қалу тапсырмасы тұрады.
3.
«Ми шабуылы».
Сұрақ: Денсаулық деген не?
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады.
Сонан соң, оқытушы оқушыларды денсаулық тұжырымдамасын анықтауға
шақырады.
Сонымен қатар, оқытушы БДҰ-ның жарғысы бойынша, «денсаулық - аурулар мен
физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, жан-сезімдік және
әлеуметтік саулық жағдайы болып табылатындығын» хабарлайды. Бірақ, бұл
анықтама денсаулықты қауымдастық пен дербес деңгейде бағалу үшін қолданылуы
мүмкін емес. БДҰ-ның пікірінше, медико-санитарлық статистикада дербес
деңгейде денсаулықтағы пайда болатын ауытқушылықтар мен сырқаттардың
жоқтығы түсіндірілсе, қауымдастық деңгейінде – өлім-жітім, ауру мен мүгедектік
деңгейінің төмендеу барысы түсіндіріледі.
4.
«Физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулық түсінігі» атты
мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының
шағын-дәрісі.
Мысал мазмұн.
5
Денсаулықтың үш түрін бөліп көрсетеді: физикалық, психикалық және
өнегелі.
Физикалық денсаулық – бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері
қалыпты жұмыс жасауға негізделеген оның табиғи жағдайы. Егер барлық
ағза мүшелері мен жүйелері жақсы жұмыс атқарып тұрса, онда адамның
бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс дамып, қызмет жасауда.
Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты, ол ойлау
сапасымен және оның деңгейімен, эмоциялы тұрақтылық дәрежесімен, көңіл
мен есте сақтаудың және ерік-жігер қасиетінің дамуымен сипатталады.
Өнегелі денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын
моральдық қағидалармен, яғни белігі бір адамдардың қоғамындағы өмірмен
анықталады. Адамның өнегелі денсаулығының ең жақсы белгілері болып, ең
бастысы - еңбекке деген саналы көзқарас, мәдениет құндылықтарын
меңгеру, қалыпты өмір салтына кереғар болатын әдеттер мен дағдылардан
белсенді түрде бас тарту болып табылады.
5. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі.
1-3 топ адам денсаулығына әсер ететін жағымды факторларды атауға және
талқылауға тапсырма алады, ал 2-4 топтар – жағымсыз факторларды алады.
Сонан соң, әрбір топ өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.
Таныстыру жұмыстарын талқылап болған соң оқытушы оқушылармен бірге
қандай факторлардың денсаулыққа жағымды, қандайы жағымсыз әсер ететіндігі
туралы қорытынды жасайды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) сарапшылары негізгі төрт тобы
ретінде мынадай факторларды анықтағандығын оқытушы хабарлайды:
генетикалық факторлар
қоршаған ортаның жағдайы
медициналық қамтамасыз ету
адамдардың өмір салты мен жағдайы.
Денсаулықтың көрсеткіштеріне әр түрлі жағдайлардың әсер ету күші адамның
жасына, жынысына және индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Содан кейін қорытындыны кесте түрінде рәсімдеуге болады.
6. Ұжымдық жұмыс.
Оқушылар оқытушының жетекшілігімен кесте жасайды.
Адамның денсаулығына әсер етуші факторлар.
Факторлардың әсер ету
саласы
Денсаулықты нығайтушы
факторлар
Денсаулықты бұзушы
факторлар
6
Генетикалық
Дені сау тектілік.
Сырқаттың
туындауындағы
морфофункционалды
себептердің болмауы.
Тұқым қуалайтын аурулар
мен ағзадағы жағымсыз
өзгерістер.
Аурушылдыққа тұқым
қуалау бейімділігі.
Қоршаған ортаның
жағдайы
Жақсы тұрмыстық және
өндірістік жағдайлар,
қолайлы климаттық және
табиғат жағдайлары,
экологиялық қолайлы
тіршілік ету ортасы.
Зиянды тұрмыстық және
өндірістік жағдайлар,
қолайсыз табиғат және
климаттық жағдайлары,
экологиялық жағдайдың
бұзылуы.
Медициналық
қамтамасыз ету
Медициналық скрининг,
профилактикалық іс-
шаралардың жоғарғы
деңгейі, толыққанды және
уақытылы мединалық
көмек.
Денсаулық серпініне
тұрақты медициналық
бақылаудың болмауы,
алғашқы
профилактиканың төменгі
деңгейі, сапасыз
медициналық көрсетілетін
қызмет.
Өмір салты мен жағдайы Ұтымды
ұйымдастырылған
тіршілік әрекеті:
отырықшы тұрмыстық
салты, адекватты белсенді
қозғалыс, әлеуметтік өмір
салты.
Тіршілік әрекетінің
ұтымды тәртібінің
болмауы, миграциялық
(көші-қон) үдерістер, гипо
немесе гипердинамия.
7. Ми шабуылы.
Оқушыларға мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Салауатты өмір салты деген
не?
Оқушылардың жауаптары жинақталып, оқытушы жауаптарды салауаттты өмір
салты ұғымын анықтау үшін қорытындылайды.
Салаутатты өмір салты — денсаулықты нығайту мен сырқаттардың алдын
алуға бағытталған адамның өмір салты.
Оқытушы салауатты өмір салтын қалыптастырудың мына негізгі
ережелеріне оқушылардың көңілін аударады:
1. Салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстанушы болып адамның өзі табылады.
2.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізінде әлеуметтік, физикалық,
интеллектуалдық және психикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыруға
арналған адамның жеке-уәждемелік (мотивациялық) мақсаты жатыр.
3. Салауатты өмір салты денсаулықты, аурулардың алғашқы профилактикасы мен
денсаулықтағы өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыруда қамтамасыз
етудің ең тиімді тәсілі мен құралы болып табылады.
8. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі, әр топқа
салауатты өмір салтын негізгі құраушыларды атауын және оны талқылауын
ұсынады.
Оқушылардың жауаптары флипчартта жазылады.
Сонан соң әрбірі таныстыру жұмыстарын (презентация) жасайды, мысалы:
7
Салауатты өмір салтын құраушылар:
•
ерте балалық шақтан бастап жақсы әдеттер мен дағдыларды адам бойында
тәрбиелеу;
•
тіршілік етуі үшін қауіпсіз және қолайлы қоршаған орта;
•
темекіден, есірткілік, уытты заттарды тұтынудан, алкогольден бас тарту;
•
дұрыс тамақтану; сапалы өнімдерді тұтыну;
•
физиологиялық және жас ерекшеліктері ескерілген арнайы дене
жаттығуларынан тұратын физикалық белсенді өмір;
•
денсаулықты сақтау мен нығайтуға септігін тигізетін гигиеналық ережелерді
сақтау;
•
дәрігерлік көмекке дейінгі машықтарды білу;
•
шынығу.
Оқытушы адамның физиологиялық жағдайына оның психоэмоциялы жағдайы
үлкен әсерін тигізетіндігін хабарлайды. Сол себепті, кейде салауатты өмір
салтының келесідей аспектілерін қосымша бөліп көрсетеді:
•
эмоциялы көңіл-күй: психогигиена, өз жеке басының эмоцияларымен,
мәселелерімен күресе алу;
•
интеллектуалды көңіл-күй: жаңа жағдайлардағы ең қолайлы іс-әрекеттер үшін
жаңа ақпараттарды қолдану мен адамды тану қабілеті. Позитивті ойлау.
•
рухани көңіл-күй: шын мәнінде маңызды, конструктивті өмірлік мақсаттарды
құруға, оларға талпынып, қол жеткізуге қабілеттілік. Оптимизм.
•
«әлеуметтік көңіл-күй» — өзге адамдармен өзара әрекет жасауға қабілеттілік.
9. «Салауатты
өмір
салтын
құраушылар»
мультимедиалық
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.
Салауатты өмір салты жүйе тәрізді өзара байланысты және өзара ауыспалы үш
негізгі элеменеттерден, үш мәдениеттен құралады:
1. Тамақтану мәдениеті.
2. Қозғалыс мәдениеті.
3. Эмоция мәдениеті.
Тамақтану мәдениеті. Салауатты өмір салтында тамақтану анықтаушы,
жүйеқұрушы болып табылады, өйткені, ол қозғалыс белсенділігі мен
эмоциялы тұрақтылыққа жағымды әсер етеді. Дұрыс тамақтанғанда тағам
даму барысында өндіріліп шығарылатын тағамдық заттардың табиғи түрде
сіңірілу технологияларына сәйкестенуге ең жақсы жағдайды жасайды.
Қозғалыс мәдениеті. Табиғат аясындағы аэробты физикалық жаттығулардың
(жүру, іш киіммен жүгіру, суда жүзу, шаңғымен сырғанау, егістік-
бақшалардағы жұмыс және т.б.) сауықтырушы әсері бар. Оларға күн
сәулесі мен ауа ванналары, тазартушы және шынықтырушы су
процедуралары кіреді.
Эмоция мәдениеті. Жағымсыз эмоциялардың (қызғаныш, ашу, қорқыныш
және т.б.) қиратушы алып күші бар, жағымды эмоциялар (күлкі, қуаныш,
ризашылық сезімдері және т.б.) денсаулықты сақтай отырып, жетістікке
қол жеткізуге әсер етеді.
Академик Н.М. Амосов денсаулықтың жаңа парадигмасын нақты әрі конструктивті
түрде анықтады: "Денің сау болуы үшін өзіңнің тұрақты және айтарлықтай жеке күш-
жігерің қажет. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды».
10.
Қоғамдық денсаулық.
8
Қоғамдық денсаулық – жалпы қоғам мен қауымдастықтың денсаулығы; «қауымдық
және дербес, мемлекеттік пен жекеменшік ұйымдардың, қоғамның саналы таңдауы
мен ұйымдасқан күш-жігері арқылы денсаулықты нығайту мен өмірді ұзарту,
аурулардың алдын алу өнері мен ғылымы» ретінде анықталады. Қоғамдық денсаулық
профилактикасының әдістері – оқыту бағдарламаларын енгізу, саясатты, қызмет
көрсетуді жасап шығару, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізу. Қоғамдық денсаулық
түсінігі мен вакцина ұғымы тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласына үлкен
мемлекеттік бағдарламалардың жағымды әсер етуі кеңінен мойындалды. Бір жағынан,
XX ғасырда денсаулық сақтау саласындағы саясаттың нәтижесінде жас нәрестелер
мен балалардың арасындағы өлім-жітімнің, сонымен қатар, әлемнің көптеген
бөлігінде өмір сүру ұзақтығы тұрақты түрде өсе бастағандығы тіркелді. Мәселен,
американдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1900ж. бастап 30 жасқа, ал күллі
әлемде – алты жасқа артқандығы есептеліп отыр.
11.
Шығармашылық жұмыс.
Соңында оқушылар ұжымдаса отырып талқылаудан соң «Денсаулық кодексін»
жасап шығарып, рәсімдеп, көрнекі орынға іліп қояды.
Денсаулық кодексі (үлгі).
1. Есте сақта, денсаулық - бұл бәрі емес, бірақ денсаулық болмаса еш нәрсенің қадірі
жоқ!
2. Денсаулық – тек қана физикалық күш емес, сонымен бірге, жан-сезімдік
мейірімділік.
3. Денсаулық тек саған ғана емес, сен көмектесуге және қорғауға міндетті адамдарға
да қажет.
4. Денсаулық – бұл біздің қажеттіліктерімізді сенің саналы межеде қанағаттандыра
алу қабілетің.
5. Денсаулық – бұл біздің тәніміздің физикалық және гигиеналық мәдениеті: адам
тәнінен әдемі еш нәрсе жоқ.
7. Денсаулық – бұл адамның ішкі-жан сезімінің мәдениеті: сені қоршаған адамдарға
деген мейірімділік, үміт, сенім мен махаббат.
8. Денсаулық – бұл адамның әлеуметтік мәдениеті, адамдық қарым-қатынастар
мәдениеті.
9. Денсаулық – бұл адамға деген махаббат пен құрмет: олар сен қалағандай саған
қарым-қатынас жасасын десең, сен де олармен сондай қарым-қатынаста бол.
10. Денсаулық – бұл табиғатқа махаббатпен және ұқыппен қарау: табиғат аға да, әпке
де емес, ол адамзаттың анасы мен әкесі.
11. Денсаулық – бұл сенің өміріңнің салты мен стилі: өмір салты – денсаулықтың
қайнар көзі мен сенің қайғы-қасіретіңнің көзі – барлығы да саған және сенің өмір
салтыңа байланысты.
12. Денің сау болсын десең – дене жаттығуымен, таза ауамен және дұрыс тағамдармен
дос бол: бәрін де пайдалан, бірақ теріс, асыра қолданба.
19. Өз өміріңнің тәртібі мен стилін, салтын құр: сен оларды өмір бойы орындауың
қажет.
21. Сенің денсаулығыңның ең жақсы дәрігері – сен өзіңсің, бірақ дәрігердің
кеңестерін тыңдап, оларды орында, оларға құлақ түр және құрметпен қара.
Сау бол!
12.
Сабақ қорытындыларын шығару.
Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды: Бүгінгі сабақтан кейін сендер
өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар?
Сонан соң оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды:
9
Денсаулықты сақтаудың кепілі – салауатты өмір салты екендігін сеніммен
айтуға болады. Егер адам өмірді сүймесе, толыққанды рухани және
физикалық ұзақ өмір сүруге талпынбаса, онда ешбір қазіргі заманғы ғылым
да, дәрі-дәрмектер мен рецепттер де көмектесе алмайды. Денсаулықты
сақтау үшін қандайда бір ғажайыпқа сенудің қажеті жоқ. Ең бастысы
жоғары мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты қажет.
Модуль 1.
Сабақ 1. 2
Адамның репродуктивті денсаулығы мен демография. Репродуктивті
денсаулыққа әсер ететін факторлар (1сағ).
Мақсаты:
Адамның репродуктивті (өрбу, ұрпақ жаңғырту) денсаулығы мен демография
мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, сонымен қатар, бұл екі
ұғымның өзара байланысын түсіндіру.
Міндеттері:
1. Адамның репродуктивті денсаулығы туралы түсінік беру.
2. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру.
3. Елдегі адамның репродуктивті денсаулығы мен демографиялық жағдайдың
өзара байланысын көрсету.
Түйінді ұғымдар: репродуктивті денсаулық, репродуктивті кезең, сексуалды
денсаулық, демография, демографиялық жағдай, популяция (қауымдастық).
Сабақтарды жүргізу әдістері: жалпы пікірсайыс, ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші
топтардағы жұмыс.
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, тарату
материалдары, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер; интерактивті тақта
немесе экран.
Сабақ барысы
13.
Оқытушының кіріспе сөзі: сабақтың мақсаты мен тақырыбы хабарланады.
14.
Бой сергіту. «Жеміс салаты» ойыны. Оқушылар шеңбер жасап,
жемістердің атауы бойынша есептеледі: алма, алмұрт, қарала, шабдалы.
Алмаларға орын ауыстыруын сұраңыз, содан соң алмұрттарға және т.б.
15.
«Ми шабуылы». Репродуктивті денсаулық түсінігі.
Сұрақтар: Репродуктивті денсаулық деген не? Сексуалды денсаулық деген не?
Барлық оқушылардың жауаптарын флипчартқа жазу.
Содан соң, оқытушы оқушылармен бірге дұрыс жауаптарды талқылайды
және анықтамаларды түсіндіреді.
16.
«Репродуктивті және сексуалды денсаулық түсінігі» мультимедиалық
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.
Мысал мазмұн.
10
Кез-келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі - дені сау ұрпақ қалыптастыру
үшін репродуктивті денсаулықты қорғау болып табылады. Репродуктивті
денсаулықты қорғау адам өмірінің соңына дейін қамтамасыз етілуі қажет, сонымен
қатар ол этикалық және техникалық нормалардың ең жоғарғы мүмкіндіктеріне сай
келуі тиіс.
Өсіп келе жатқан ұрпақта аурудың пайда болуы ерекше алаңдатушылық
туғызады, 60%-дан астам қыз балалардың денсаулық жағдайында осындай немесе
басқа да ауытқушылықтар бар (Г.М. Савельеваның мәліметі бойынша).
Репродуктивті жүйені ерекшелей отырып жасөспірімдердің денсаулығына
айрықша көңіл аударылады. Бұл жастағы топтың денсаулық жағдайы
психобелсенді заттарды тұтыну есебінен психологиялық ауытқушылықтар,
эндокрин, ас қорыту, қан өндірілу жүйесінің бұзылуы, жаңа өспелердің (ісік) пайда
болуы, сонымен қатар, жарақаттар мен уланулар, ал қыз балаларда гинекологиялық
патологияның өсуі тіркелуде.
Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі, ҚР-ғы
демографиялық жағдайдағы дағдарыспен, жас әйелдерде репродуктивті күш-
қуаттың төмендеуімен, төмен репродуктивті нұсқама мен адекватсыз
репродуктивті мінез-құлықпен, жағымсыз медико-биологиялық аяның болуымен:
бастапқы аурушылық пен созылмалы патологияның жоғарғы деңгейі,
репродуктивті жүйенің бұзылу жиілігінің артуымен сипатталады. ҚР-да жасөспірім
қыздардың денсаулық жағдайының талдамасы үлкен жағымсыздықты көрсетеді,
олардың әрбір екіншісінде (46%) қандай да бір аурудың түрі бар. Жасөспірім
қыздардың жартысынан астамында репродуктивті жүйе бұзылған. Жасөспірімдер
арасында түсік жасату көрсеткіші жоғары, ал жасөспірімдердегі жүктілік
көрсеткіші жүктіліктің жалпы санымен алғанда 10% дейін құрайды.
Жасөспірімдердегі жүктіліктің салыстырмалы салмағы жалпы жүктілікті тоқтату
санының 5%-ын құрайды.
Жоғарғы сыныптың қыз балаларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша,
олардың 70%-нан астамы лаж жоқ жағдайда, жүктілікті тоқтатудың жалғыз жолы
контрацептивтерді қолданудан, ерте жастағы жыныстық байланыстардан бас тарту
емес, түсік жасату деп есептейді. Ерте кезден жасалынған жыныстық қатынастар
орынсыз жүктілікке әкеліп қана қоймай, жыныстық жолдармен берілетін
жұқпалардың (ЖЖБЖ) да жұқтырылу қауіпіне алып келеді.
Жас адамдардың мықты жыныстық және репродуктивті денсаулықпен
қамтамасыз етілуінің үлкен әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. Себебі, АИТВ-
жұқпасы, басқа ЖЖБЖ-лар, орынсыз жүктілік және денсаулыққа өте зиянды түсік
жасату сияқты жағдайлар отбасы мен қоғамға үлкен ауыртпалық болып табылады.
Әйтсе де, мұндай ауыртпалықты жеңілдетуге немесе мүлде болдырмауға болады.
Осылайша, мектептердегі жыныстық оқу-ағартуды қамтамасыз етуді, Мыңжылдық
декларациясында құрылған дамыту саласындағы Мақсаттарға (Мыңжылдықты
дамыту мақсаттары – МДМ) қол жеткізуде, әсіресе, 3 МДМ (гендерлік теңдік және
әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көбірек қамтамасыз ету), 5
МДМ (аналар өлімінің деңгейін қысқарту мен репродуктивті денсаулықтың
жалпыортақ мүмкіндіктеріне қол жеткізу) мен 6 МДМ-ді (АИТВ/ЖИТС-ке қарсы
күрес) қоса алғанда, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын
нығайтуда қолғабыс көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |