«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


А.И.  Куприн  «Ор»  повесінде  төңкеріске  дейінгі  Россиядағы  жезөкшелер  үйіндегі 
әйелдердің  өмірі  туралы  жазған:  «...әйелдер...  көбісінің  дауысы  қарлыққан  немесе 
мыңқылдаған,  мұрындары  жартылай  ішіне  түсіп  кеткен».  «Адамның  барлық  жері 
ауырады: сүйектері сырқырайды, сіңірлері, миы... Дәрігерлер аурудан жазылуға болады 
дейді.  Қайдағы!  Ешқашан  жазылмайсың!  Адам  он,  жиырма,  отыз  жыл  шіриді.  Секунд 
сайын сал ауруына ұшырауы мүмкін, сондықтан оң жақ беті, оң қолы, оң аяғы өледі, адам 
емес  оның  жартысы  ғана  өмір  сүреді.  Жартылай  адам  -  жартылай  өлік.  Көбісі  есінен 
ауысады. Және әр адам түсінеді... Әр адам... Әрбір осындай науқас жей алатынын, ән сала 
алатынын,  сүйісе  алатынын,  тіпті  тыныс  алатынын  түсінеді,  -  ол  айналасындағыларды, 
жақындарын  –  әпкесін,  әйелін,  баласын  зақымдап  алатынына  сенімді  емес...  Барлық 
мерездердің балалары кемтар, жетілмеген, зобталған, көкжөтел, жарымес болып туылады. 
Міне, Коля, бұл аурудың көрінісі осы!» 
Н.Г. Гарина-Михайловскаяның 
«Матренаның  ақшасы»  әңгімесінде  шаруаның  отбасында  мерездің  пайда  болуы 
туралы  суреттеледі:  «...барлық  отбасы  жаман  аурумен  ауырып  жатты.  Қарт,  Корнейдің 
қайынатасы,  тірідей  шіруге  айналды.  Үлкен  томпақ  мұрны  ісінген,  үлкен  қызыл  көзі 
шарасынан шыққан – тегіс жара. Пештің үстінде жүре алмай отыратын. Үйдегі ауа, тіпті 
жазда  да  адам  төзгісіз  болатын.  Қарттың  Маркел  деген  інісі  болатын,  одан  тіпті  жаман 
мүңкиді: оған тіпті көшеде де жақындай алмайсың. 
Ал Маркелдің кішкентай, шіріген лашығында тағы да 7 адам болды, барлығын да жара 
басқан: сол сияқты мұрынсыз, саңырау, нақұрыстар. Олар осылай қорқынышты, хайуан 
төзгісіз жағдайда, бірақ санасы адамдікіндей, хайуаннан да нашар өмір сүріп жатты». 
Медицинаның заманауи жетістіктері ЖЖБЖ-ны тиімді емдеуге мүмкіндік береді. 
Барлығы  уақтылы  дәрігерге  көріну,  ұқыптылық  және  емдеу  курсының  аяқталуына 
байланысты. 
10.Топтардағы жұмыс.  
АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, берілу жолдары, тестілеу. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі де, әр топқа мына презентацияларды талқылап, 
дайындау тапсырылады: 
Бірінші  топ  –  АИТВ  және  ЖИТС  деген  не?  Зақымдауға  жеткілікті  мөлшерде  АИТВ 
жиналатын ағзаның биологиялық сұйықтығын атау. 
Екінші  топ  –  АИТВ-ның  берілу  жолдарын  және  жұқпаланбайтын  жолдарын  атау. 
Оқытушы  жағдайлар  бейнеленген  суреттерді  көрсетіп,  қандай  жағдайда  АИТВ 
жұғатынын талқылауды сұрайды. 

107 
 
 
 
Үшінші топ – АИТВ жұқтырған адамды қалай анықтауға болады? 
Топтардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады, содан кейін команданың бір өкілі 
шығып  презентация  жасайды.  Оқытушы  оқушылармен  бірге  топтық  жұмыстың 
қорытындысын шығарады. 
11.  «АИТВ.  Берілу  жолдары,  АИТВ-ға  тестілеу»  атты  мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұны. 
АИТВ/ЖИТС індеті – Жер шары үшін жаңалық емес. Ол миллиондаған адамдардың 
өмірін жалмау арқылы бүкіл әлемге жайылып келеді. 
Біз,  ұлттық  және  мемлекеттік  шекараларға  қарамастан  адамдардың  қарым-қатынасы 
қарқынды түрде артып жатқандықтан, қоғамдық қарым-қатынас қиындауы нәтижесінде, 
адамдағы  иммунодефицит  вирусы  (АИТВ)  әлемдік  өркениетке  қауіп  төндіретін  ең 
маңызды  мәселеге  айналған  заманда  өмір  сүріп  жатырмыз.  Зерттеушілердің  айтуынша 
ТМД мемлекеттері АИТВ таралу жылдамдығы бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. 
АИТВ-ны  жұқтыру  адамның  істеген  ісіне  байланысты,  егер  зақымдалу  қаупі  бар  іс-
әрекеттер жасаса, кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін. 
АИТВ  деген  не?  АИТВ  –  бұл  адамдағы  иммунитет  тапшылығы  вирусы.  Вирустар 
бактериялардан  әлдеқайда  кіші  жұқпа  агенттері  арқылы  көрсетіледі.  Вирустар  өмір 
сүруге  қажетті  маңызды  элементтен  айырылған,  сондықтан  олар  қожайынның 
жасушаларына еніп, оның өнімдерін пайдалануға мәжбүр. АИТВ өзінің тіршілік әрекетін 
қолдау  үшін  иммунды  жүйелер  жасушасын  –  осының  әсерінде  иммунитет  тапшылығы 
пайда болатын лимфоцитті пайдаланады. 
АИТВ тек адам ағзасында өмір сүретін вирустарға қатысты. Құрылымына байланысты 
олар жануарлар мен жәндіктердің ағзасында өмір сүре алмайды. Бұл вирусты «18» гайка 
кілтімен  салыстыруға  болады,  ол  кіші  өлшемді  гайкаларға  ілінбейді,  ал  үлкен  өлшемді 
гайкаларға тіпті де сыймайды. 
«АИТВ қайдан шықты?» деген сұрақ жиі қойылады. Қазіргі таңда АИТВ-ның пайда 
болуы  иммунитет  тапшылығы  вирусының  эволюциялық  дамуы  кезеңінде,  тұқымдық 
тосқауылдардан  өтіп,  адам  үшін ауру  тудырушыға  айналған  деуге  толық  негіз  бар.  Бұл 
оқиға  ХХ  ғасырдың  40-шы  жылдарының  соңы  мен  50-ші  жылдарының  басында  орын 
алды.  Ал  ЖИТС-пен  науқастану  жағдайы  бірінші  рет  1981  жылы  АҚШ-та  орын  алды. 
Иммунитет тапшылығы вирусын 1983 жылы Франциядағы Пастер институтының ғалымы 

108 
 
Люк  Монтанье  және  онымен  бір  уақытта,  оған  тәуелсіз  АҚШ-тық  ғалым  Роберт  Галло 
ашты, бұл жаңалықтары үшін екі ғалым да Нобель сыйлығын алды. Кейіннен АИТВ-мен 
ауырушылар  басқа  елдерде  де  бар  екендігі  тез  анықталды.  Әсіресе  зақымдалу  Африка 
елдерінде көп болып шықты. 
АИТВ-жұқпасы бірнеше сатыға бөлінеді: 
Бірінші сатысы – біріншілік АИТВ-жұқпасы. АИТВ адам ағзасына түскен соң, суық 
тиіп  аурудың  белгілері  пайда  болуы  мүмкін  (қызудың  көтерілуі,  тұмау,  жөтел, 
лимфатүйіндердің ұлғаюы). 2-3 аптадан соң өткір кезең  өтеді. Айта кету керек, 60-70% 
жағдайда  күшті  ауырсынуларсыз  басталады.  Аурудың  бұл  даму  сатысында  зақымдалу 
фактісі  анықталмауы  мүмкін.  Бірақ,  осы  уақыттан  бастап  жұқпаланған  адам,  өзі  де 
білместен басқаларға жұқтыра алады. 
Екінші сатысы – жасырын кезең – жұқпаның созылмалы және тұрақты түрде дамуы. 
Бұл  саты  АИТВ-жұқпасының  жасырын,  нышандарсыз  бағытымен  сипатталады.  Бұл 
сатыда  АИТВ-жұқпасын  тек  қанға  арнайы  зертханалық  бақылаулар  жүргізу  арқылы 
анықтауға  болады.  АИТВ  жұқтырған  адамдар  өздерін  дені  сау  сезінеді  және  жұмысқа 
толық  қабілеттілігін  сақтайды.  Нышандарсыз  сатының  орташа  ұзақтығы  10  жылды 
құрайды. 
Үшінші  саты  –  дамыған  АИТВ-жұқпасы.  Ағзаның  қорғаныш  күшін  төмендету 
мақсатында  әртүрлі  қосымша  аурудың  белгілері  пайда  болады:  лимфатикалық 
түйіндердің ұлғаюы, дене қызуының көтерілуі, ішек қызметінің бұзылуы, салмақ жоғалту 
және басқалары. Адам әлі де еңбекке қабілеттілігін сақтайды. 
Төртінші саты – ЖИТС. Бұл сатыда органдар мен жүйелердің зақымдалуы қайтымсыз 
сипатқа ие болады. 
ЖИТС  –  адамда  иммунитет  тапшылығынан  пайда  болатын,  АИТВ-жұқпасының 
соңғы сатысы болып есептелетін синдром. 
Алғашқы АИТВ-жұқпасы мен клиникалық белгілердің пайда болуына дейінгі орташа 
уақыт 10-15 жылды құрайды.  
Вирустың дамуын тежейтін және АИТВ-ның кесірінен пайда болған зақымдалуларды 
емдейтін дәрілер бар, бірақ АИТВ-жұқпасы толық емделмейді.
АИТВ-жұқпасы
Біріншілік АИТВ-жұқпасы
АИТВ-ның енуі
Жасырын кезең 
Созылмалы  және  тұрақты 
жұқпаның дамуы 
Жетілген АИТВ-жұқпасы 
Иммунитет  тапшылығы  (әр 
түрлі  екіншілік  жұқпаның 
белгілері) 
АИТВ-жұқпасының  соңғы 
сатысы 
Жүре 
пайда 
болған 
иммунитет 
тапшылығы 
синдромы (ЖИТС) 
АИТВ берілу жолдарының үш түрі болады: 

  Парентералды (қан немесе оның компоненттері арқылы) 

  Жыныстық 

  Вертикальды – анадан балаға өтуі 

109 
 
Сонымен,  АИТВ  адам  ағзасының  белгілі  бір  сұйықтықтарымен  және  белгілі  бір 
жағдайларда ғана беріледі. 
АИТВ берілуі мүмкін адам ағзасының сұйықтықтары: 

  Қан; 

  Шәует (семенная жидкость); 

  Қынаптағы бөлінулер; 

  Емшек сүті. 
АИТВ берілуінің парентералды жолы 
Есірткіні  күре  тамырға  салу  АИТВ  жұқтырудың  ең  қауіпті  түрінің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  көбіне  есірткі  тұтынушылардың  ортақ  ине  мен  шприцті  пайдалануына 
байланысты болып келеді, ал науқастың қаны сау адамның қанына келіп түскенде одан 
құтылу мүлде мүмкін болмайды. 
АИТВ келесі жағдайларда беріледі: 

  Стерилденбеген  (АИТВ  жұқтырылған)  хирургиялық  және  инъекциялық 
аспаптарды  пайдалану,  қандай  да  бір  дәрі  салу  үшін  ине  салу,  құлақ  тестіру, 
татуировка, пирсинг салдыру; 

  АИТВ жұқтырылған қан немесе оның құрамдас бөліктерін құйдыру, зақымдалған 
донордан мүшелер мен тіндерді орнату; 

  Қырыну үшін бөтен ұстараны пайдалану. 
Жыныстық жол 
Жыныстық қатынас кезіндегі АИТВ жұқтыру факторлары: 

  АИТВ жұқтырушымен қорғаныш құралдарынсыз жыныстық қатынасқа түсу; 

  Жыныстық жолмен берілетін жұқпаның бар болуы. 
Жыныстық  қатынас  кезінде  жұқпалану  мүмкіндігі  ерлерге  қарағанда  әйелдерде  жоғары 
болады.  Бұл  әйел  ағзасының  анатомо-физиологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты. 
Әйелдерде АИТВ-ға шалдығу қаупі жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың әсерінен 
ұлғая  түседі,  жатыр  мойнағының  қабынуы, жарақаттануы  немесе шырышты  қабатының 
қабынуы, етеккір кезінде, сонымен қатар қыздық перденің жыртылуы кезінде беріледі.
Алкоголь  мен  есірткі  қолдану  өз іс-әрекетіне  бақылауды  төмендетіп,  қауіпті жыныстық 
іс-әрекетке ұрындырады. 
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  АИТВ-ның  жыныстық  жолмен  берілуі  басым  болып  және  ол 
60% шамасын құрайды. 
Вертикальді жолы (анадан балаға өтуі) 
АИТВ-жұқпасының  науқастанған  анадан  балаға  берілуі  жүктілік  кезінде,  босану 
және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде беріледі. Жүктілік және босану кезінде арнайы 
антиретровирусты терапияны (АРВ – терапия) қабылдау АИТВ-ның берілуін 15-18%-ға 
төмендетеді. 
Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымының  ұсынуымен,  толғатқан  әйел  қанында 
вирус  көп  шоғырланған  жағдайда,  АИТВ-ның  балаға  берілу  қаупін  төмендету 
мақсатымен  босандыру  баланы  іштен  жарып  алу  отасы  арқылы  жүзеге  асады.  АИТВ 
жұқтырған аналардың балалары қолдан тамақтандыруға көшіріледі. 
Қандай жағдайларда АИТВ берілмейді? 
АИТВ мына жағдайларда берілмейды: 

  Қол  қысысқанда,  жанасқанда,  құшақтасқанда,  зақымдалмаған  тері  вирус  үшін 
нағыз бөгет болып табылады; 

  Гигиеналық бұйымдардан; 

  Тұрмыстық жолмен: киім, төсек, сүлгі арқылы; 

  Бассейндерде, ваннада, моншаларда; 

110 
 

  Жәндіктер шаққанда; 

  Сүйісу кезінде. 
АИТВ-ға қашан тексерілу қажет? 
АИТВ-нің анализін вирустан емес, ондағы антидене арқылы анықтайды. Антидененің 
жасалуы  үшін  3  ай  шамасында  (кейде  6  айға  дейін)  уақыт  керек.  Ерте  тексерілу,  тіпті 
ағзада  вирус  болған  жағдайда  да  теріс  нәтиже  беруі  мүмкін.  Сондықтан,  жұқтыру 
болмағанына көз жеткізу үшін, «қауіпті» жағдайдан немесе жыныстық қатынастан соң 3 
айдан кейін тексерілуден өту керек, бұл аралықта тек қауіпсіз іс-әрекет жасаңыз. 
Пайда болысымен дәрігерге қаралуыға тиіс болатын қорқынышты белгілер: 

  1 ай бойы ұдайы жөтел 

  Қысқа мерзімде салмақтың 10 пайызын жоғалту 

  1 айдан асқан дене қызуының көтерілуі 

  1 айдан асқан іш өту 
АИТВ-ға арналған тесттер. 
АИТВ жұқтырғаныңды білудің жалғыз тәсілі – тестілеуден өту. АИТВ-ға зерттеу 
жүргізу ерікті, анонимді және құпия түрде өтеді. Адам өзі қаламаса, ешкім оны АИТВ-ға 
қарсы  бақылаудан  өтуге  күштей  алмайды.  Бұл  дегеніміз,  АИТВ-ға  тексерілуді  адам  өзі 
шешу  керек.  Бақылаудан  өту  үшін,  ЖИТС-қа  қарсы  күрес  пен  алдын  алу  орталығында 
немесе  осындай  бақылау  жүргізетін  басқа  да  медициналық  мекемелерге  барып  қан 
тапсыру керек. 
АИТВ-ны  вирус  емес,  осы  вирустың  антиденесі  көрсетеді,  сондықтан, 
тексерілуден  ағза  көзге  көрінуге  жетерліктей  антиденелерді  бөліп  шығарған  кезде  ғана 
өту  керек.  Нақты  нәтиже  алу  үшін,  ереже  бойынша,  емделушіге  қайтадан  қан  тапсыру 
ұсынылады.  Қайта  қан  тапсыру,  қан  алу,  зертханаға  жіберілу,  тіркеу  кезінде  мүмкін 
болатын қателіктердің алдын алу үшін қажет. Егер бірінші және екінші тексерілулердің 
нәтижелері сәйкес келсе, анығырағы АИТВ антиденесіне жағымды нәтиже берсе, нақты 
өзіндік  ақуыздары  бар  АИТВ  антиденесі  анықталған  жерге  қорытынды  зерттеу 
жүргізіледі.  Егер  нәтижелер  бланкісінде  АИТВ  антиденесі  табылған  деп  көрсетілсе, 
нәтиже дұрыс және бұл адам АИТВ-ны жұқтырған деп есептеледі. 
Егер тест нәтижесі – теріс, АИТВ антиденесі анықталмаған болса: 

  Адам зақымданбаған немесе 

  Адам зақымдалған, бірақ заманауи әдістермен анықтау үшін, ағза әлі антидененің 
жетерліктей мөлшерін шығармады. Вирус ағзада бар, ал антидененің көрінетіндей 
мөлшері әлі пайда болмаған кезең – «терезе кезеңі» деп аталады. 
Тесттің теріс нәтижесіне сенімді болу үшін, 1 айдан соң тексерілуді қайталау қажет. 
Күмәнді  нәтиже  –  алынған  нәтижені  анық  түсіндіре  алмаушылық.  Бұл  жағдайда 
тексерілуді екі аптадан немесе 1 айдан соң қайталау қажет. 
12. «ЖЖБЖ-дан өзіңді қалай қорғау керек?» блиц-интеллектуалды ойыны. 
Оқытушы  әр  қатысушыға  доп  лақтырады.  Допты  қағып  алған  адам,  ЖЖБЖ-дан 
қорғану әдісін таңдайды. 
Бір қатысушы барлық айтылған қорғану әдістерін тақтаға немесе флипчартқа жазып 
тұрады. 
13.  «ЖЖБЖ  және  АИТВ-ның  алдын  алу  шаралары»  атты  мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. 

111 
 
Адамдар  арасында  ЖЖБЖ-ның  таралуы  адамның  мінез-құлқына  байланысты,  адам 
өзін  неғұрлым  қауіпті  ұстаған  сайын  ЖЖБЖ-мен  зақымдалу  қаупі  соғұрлым  арта 
түседі. 
Қорғанудың сенімді әдістерін қолдана отырып, адам өзін және жақынын ЖЖБЖ-дан 
қорғай алады. Қорғанудың сенімді әдістеріне: 

  Ең  тиімді  әдіс  -  ересек  жасқа  жеткенше  жыныстық  қатынастардан  бас  тарта 
тұру. 

  Егер сіз жыныстық белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз жолы – бұл бір ғана сенімді 
серіктеске  ие  болу.  Егер  серіктес  бұрынғы  өмірінде  қорғансыз  жыныстық 
байланыстар жасаса, оған бақылаудан өту керек. 

  Нұсқауларды  қатаң,  тұрақты  және  дұрыс  түрде  сақтай  отырып,  мүшеқап 
қолдану,  яғни,  тек  сенімсіз  серіктеспен  ғана  емес,  әрбір  жыныстық  қатынас 
кезінде қолдану қажет. 
Әңгіме  ЖЖБЖ/АИТВ  жұқтыру,  керексіз  жүктілік  жайлы  болса,  мүшеқап  қолдану 
қауіпсіз  жыныстық  қатынастың  ең  басты  түрі  болып  табылады.  Мүшеқапты  дұрыс 
қолдану кезінде ғана қорғаныс тиімді болады. 
Сапалы  мүшеқаптар  төзімді  латекстен  жасалады  және  арнайы  зертханалық 
тексерілулерден  өткізіледі.  Зертханалық  тексерулердің  көрсеткеніндей,  сапалы  латексті 
мүшеқаптар, АИТВ-ны қосқанда барлық микроағзаларға тосқауыл бола алады. 
Майлы жақпалар латексті құртады және мүшеқаптың жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін, 
сондықтан жақпа үшін сулы жақпаларды пайдаланған жөн. 
Мүшеқаптың  соңғы  жағында  ауаның  қалып  қоюы,  жыныстық  қатынас  кезінде  оның 
жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін. 
Мүшеқапты пайдалану ережелері: 

  Мүшеқап сатып аларда оның шығу мерзімі мен сыртқы қабатына назар аударыңыз. 

  Мүшеқапты  оның  сақталу  шарттары  сақталатын  жерден  алыңыз  (бұл  салқын, 
құрғақ және қараңғы орын болуы керек). 

  Мүшеқапты бүлдіріп алмау үшін, оны қолмен абайлап ашыңыз (тіспен, тырнақпен, 
қайшымен ашуға болмайды). 

  Мүшеқапты  қозған  жыныстық  мүшеге  кигізіңіз.  Майланған  жағы  сыртта  болуы 
тиіс. Ішкі жағы сулы жақпамен майланған. 

  Түп жағында (спермақабылдағышта) ауаның болмауын қадағалаңыз. Ол үшін киер 
алдында мүшеқаптың түбін екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз.

  Мүшеқап жыныстық мүшені ұзына бойы толық жауып тұруы керек.

  Ұрық  шашудан  кейін  (жыныстық  мүшенің  қозуы  сақталып  тұрғанда)  жыныстық 
мүшені  мүшеқаптың  тағулы  тұрған  күйінде  қынаптан  шығарып  алу  керек. 
Ішіндегісін серіктесіңізге құймаңыз. 

  Қолданылған мүшеқапты түйіндеп байлап, қағазға орап қоқысқа тастаңыз. 
Материалды пысықтауға арналған қосымша жаттығулар 
1. Топтардағы жұмыс. «ЖЖБЖ деген не?» 
Оқытушы  оқушыларды  екі  топқа  бөледі.  Әр  топ  команда  үшін  сұрақ  таңдайтын 
көшбасшыны белгілейді. Оқытушы топтарға дұрыс жауаптардың саналатындығы туралы 
ескертеді. 
Командалар  бір-біріне  бетпе-бет  отырады,  сұрақтары  бар  қорап  екі  топтың  ортасына 
қойылады. Топ көшбасшылары кезекпен қораптан бір сұрақтан алып, оны оқиды. Егер бір 
топ  жауап  бере  алмаса,  басқа  топ  жауап  береді.  Оқытушы  флипчартқа  командалардың 
нөмірі мен екі баған сызып, оған дұрыс берілген жауаптар үшін балл қойып отырады. 

112 
 
Әрбір дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады. Егер басқа командаға берілген сұраққа 
дұрыс  жауап  берсе  20  ұпай  қосылады  (10  ұпай  дұрыс  жауапқа,  қалған  10  ұпай  бонус 
есебінде). 
Егер екі команда да дұрыс жауап бере алмаса, оқытушы жауап береді. Соңында барлық 
баллдар есептеліп, көп балл жинаған команда ұтады. 
Бұл жаттығуды өткізу үшін, оқытушы төменде көрсетілген сұрақтар мен жауаптар 
кестесін пайдаланады. 
Кесте 
 Сұрақтар мен жауаптар 
Сұрақтар 
(қағаз парақтарында бір-бірлеп 
жазылған және қорапқа 
салынған)  
Жауаптар 
(есеп шығару және қабылданған жауаптарды түзеу 
үшін оқытушы оларды өзіне қалдырады)
ЖЖБЖ деген не?  
ЖЖБЖ – бұл жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар. 
ЖЖБЖ жыныстық қатынас кезінде ағазадағы 
сұйықтықтардың алмасу процессі жүргенде беріледі.  
ЖЖБЖ-да тағы қандай атау 
бар? 
Соз аурулары; жыныстық жолдармен берілетін аурулар. 
Бірнеше ЖЖБЖ-ды 
атаңыз? 
Мерез, гонорея, урогенитальді хламидиоз, трихомоноз, 
микоплазмоз, генитальді герпес, генитальді кандидоз, В 
және  С гепатиттері, генитальді үшкір кандиломлар және 
басқалар (барлығы аурудың 20 түрі). 
Барлық ЖЖБЖ-лар 
жазылады ма? 
Бәрі емес, бірақ көбісі. Герпес, АИТВ, В гепатиті сияқты 
вирусты ЖЖБЖ-ларды қоспағанда.  
ЖЖБЖ жұққанын бірден 
анықтауға бола ма? 
Әр қашан анықтауға болмайды, себебі, жұқтырғаннан кейін 
бірнеше уақыт аралығында инкубациялық кезең жүреді, 
ЖЖБЖ-ның алғашқы белгілері белгілі бір уақыт 
аралығынан кейін ғана білінеді. Кейде ЖЖБЖ-лар бірден 
білінбеуі мүмкін немесе белгілері аз байқылып өтеді.  
Хламидиоз ұзақ уақыт білінбейді, тек әйелдерде 
жүктіліктің әр түрлі патологиясы болғанда ғана білінуі 
мүмкін.  
ЖЖБЖ жұқтырылғанда 
қандай белгілер болуы 
мүмкін? 
Еркектер мен әйелдерде: 

  ауыз қуысының шырышты қабығында, тік ішек 
аймағында, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында 
және теріде жаралар, түйіндер мен көпіршіктердің 
болуы;

  зәр шығару кезінде ауыру мен ашу әсерлері болғанда; 

  жыныс мүшелерінде қышу, ісіну болады; 

  қалтырау, тері беттерінде бөртпелер, денеде сырқырау 
болады. 
Әйелдерде: 

  қынаптан жағымсыз иісі бар, түсініксіз бөлінуілер 
болады; 

  қарынның төменгі жағында ауыру әсері; 

  етеккір аралығы кезеңінде қынаптан қан тәріздес 
бөлінулер; 

  жыныстық қатынас кезінде қынаптың терең жағында 

113 
 
ауыру байқалады. 
Еркектерде: 

  зәр шығару каналдарынан бөлінулердің болуы. 
ЖЖБЖ не үшін қауіпті? 
Көптеген  ЖЖБЖ-ның  қоздырғыштары  адамның  бала 
табу  органдарын  зақымдап,  бедеулік,  импотенция, 
жатырдан  тыс  жүктіліктің  пайда  болуы,  түсік  тастау 
сияқты жағдайларға әкеліп соғады. Мерезді уақытында 
емдемесе,  соңы  ұрпақтан  ұрпаққа  беріледі,  орталық 
жүйке  жүйесін,  ішкі  мүшелердің  қиын  жағдайға 
өзгеруін  тудырады.  Кейбір  ЖЖБЖ-лар  қауіпті 
ісіктердің пайда болуына әсер етеді.  
ЖЖБЖ-лары  бар  адамдарда  АИТВ-ны  жұқтыру  қауіпі 
он есеге артады. 
Көптеген әйелдер мен еркектерде жыныстық жұқпалар 
анықталмай қала береді, себебі, кейде олар білінбейді, 
кейде  байқалмайды  да,  солай  адамдар  өзінде  аурудың 
бар  екендігін  сезбей,    ауырып,  басқа  адамдарға 
жұқтырып жүре береді.  
АИТВ/ЖИТС ЖЖБЖ-лар 
қатарына жатады ма? 
Иә, сондай-ақ жыныстық жолмен берілгендей, АИТВ 
қан арқылы және анасына балаға беріледі. 
Егер сіз ЖЖБЖ-ларды 
жұқтырып алдым деп 
ойласаңыз не істеу қажет? 
Дұрыс диагноз қойдыру үшін және толық емнің курсын 
алуға дәрігерге (венеролог) баруыңыз керек. 
Жыныстық серіктестерді де  хабардар ету қажет. 
Дәрігер сізге 10 күнге 
қабылдайтын дәрілерді жазып 
берді, бірақ ауру белгілері дәрі 
қабылдағаннан кейін бесінші 
күні жоғалып кетті. Сіз 
дәрілерді қабылдауды тоқтата 
аласыз ба?  
ЖОҚ, ЖЖБЖ-ның қоздырғыштарын өлтіру өте қиын. 
Сол себепті, дәрігер сізге жазған дәрілерді барлық 
емделу уақыты бойында қабылдауыңыз қажет.  
Не үшін ЖЖБЖ-лары бар 
адамдар АИТВ-ны жұқтыруға 
бейім болады? 
Көптеген ЖЖБЖ-лар шырышты қабықтың және 
терінің зақымдануы (жара, қабыну) арқылы білінеді, 
оның салдарынан АИТВ адам ағзасына оңай енеді.  
ЖЖБЖ-лары бар әйел өзінің 
баласына жұқтыруы мүмкін бе? 
ИӘ, бала жатыр ішінде (мерез), туылу барысында 
босану жолдары арқылы (гонорея), емшек сүтін ему 
арқылы (АИТВ) жұқтыруы мүмкін. 
ЖЖБЖ-ны емдеу кезеңінде 
жыныстық қатынасқа түсуге 
бола ма?  
ЖОҚ, өзіңнің серігіңе де жұғуы мүмкін (немесе өзің 
басқа да ЖЖБЖ-ды жұқтырып аласың), тіпті ЖЖБЖ-
дан ем ала отырып та. Сол себепті толыққан айыққанша 
жыныстық қатынастарға түсуге болмайды.  
Суды және сабынды қолдану 
ЖЖБЖ-дан қорғай ала ма?  
ЖОҚ, ЖЖБЖ қоздырғыштарын су да, сабын да кетіре 
алмайды. 
Контрацептивті дәрілер 
ЖЖБЖ-лардан қорғай ала ма? 
ЖОҚ, контрацептивті дәрілер ЖЖБЖ-лардан қорғай 
алмайды. Тек мүшеқапты қолдану ЖЖБЖ-лардың 
берілу қауіпін азайтуы мүмкін.  
ЖЖБЖ-ларды дәріханадан дәрі 
сатып алып, өзім емдеуіме бола 
ма? 
ЖОҚ, ЖЖБЖ-ны диагностикалау және емдеуді тек 
дәрігер жасауы керек.   
Емделіп 
болғаннан 
кейін 
ЖЖБЖ-ны  қайта  жұқтыру 
Иә, ЖЖБЖ-ларға қарсы иммунитеттер өндірілмейді. 

114 
 
мүмкін бе? 
Кейде  ЖЖБЖ-ның  белгілері 
емсіз  біраз  уақыт  аралығында 
өтіп кетеді? 
Иә. Бірақ, бұл аурудың өтіп кеткендігін білдірмейді. 
Бір  мезгілде  бірнеше  ЖЖБЖ-
ларды жұқтыру мүмкін бе? 
Иә. Көбіне солай болады. 
ЖЖБЖ 
тек 
жыныстық 
жолдармен беріле ме? 
Көбіне  солай.  Бірақ,  тұрмыстық  жолдармен  берілетін 
ЖЖБЖ-лар (мерез, гонорея) да бар және де қан арқылы 
жұғатын ЖЖБЖ-лар (АИТВ, гепатит В, С) да бар.  
Бір  серігіне  ғана  ЖЖБЖ-дан 
емделіп қою жеткілікті ме?  
Жоқ.  Егер  екеуі  де  емделмесе,  онда  қайта  жұқтыруы 
мүмкін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет