«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


5. «Ми шабуылы». Дос. 
Оқушылар өздері үшін «Дос» түсінігі қандай мағына беретіндігі туралы сұрақтарға 
жауап береді.  
Олардың барлық сұрақтары жалпыланады. 
6.  Жаттығу. Дос туралы мақалдар мен мәтелдер. 
Оқытушы  оқушылардан  дос  туралы  қандай  мақалдар  мен  мәтелдер  білетіндігін, 
оларды еске түсіруін ұсынады.    
Сенімді бір дос, жүз қызметшіден артық.  
Бір-біріне арқа сүйеу – барлық істе батыл болу. 

75 
 
Достың қадірі басыңа күн туғанда білінер. 
Басыңа іс түспей, достың қадірін түсінбейсің. 
Досың үшін өлімге дайын болудан асқан махаббат жоқ. 
Досыңның үйінде ішкен су балдан да тәтті.  
Достық қамқорлық пен көмектің арқасында берік болады. 
Бейбітшілік үшін дос болсақ – соғысқа орын жоқ.  
Берік достықты балтамен  шапсаң да бұза алмайсың. 
Дос табу оңай, достықты сақтау қиын. 
Досыңның кім екенін білу үшін бір пұт тұзды бірге жеу керек. 
Дос деп танылдың ба, қиындықта көмектес. 
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық! 
Досың жоқ па ізде, таптың ба, достықты сақтауға тырыс. 
Жақсы дос оқыстан тап болмайды. 
7. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы  оқушыларды  4-5  адамнан  тұратын  топтарға  бөледі  және  адамдар 
арасында достықтың туындау себептерін талқылап, оны флипчартқа жазуды тапсырады.  
Сонан соң оқушылар өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.  
 8.   Пікірталас. Достық пен махаббат. 
Оқытушының сұрауы бойынша, бірнеше оқушы өздері алдын ала жазған «Достық 
және махаббат» тақырыбындағы эссе-шығармаларын оқиды.  
Сосын  шығарманы  талқылау  ұйымдастырылып,  оның  барысында  мына 
сұрақтарды талқылау ұсынылады: 
1.  Достықтың махаббаттан қандай айырмашылығы бар? 
2.  Махаббатсыз достықтың болуы мүмкін бе? 
3.  Достықсыз махаббат болуы мүмкін бе? 
  9.   «Достық» және «Махаббат» тақырыбына синквейндер құрастыру. 
Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Бір топ «Достық» тақырыбына, ал екінші 
топ – «махаббат» тақырыбына синквейндер құрастырады. 
Мысал жауаптар: 
Достық 
сенімді, берік 
құрметтеу, сену, көмектесу 
адамдардың риясыз, позитивті байланысы 
өзара қарым-қатынас 
Махаббат 
мықты, нәзік 
қадір тұту, құрметтеу, таңырқау 
күшті және адал сезім 
қатынастар 
 
10.  Оқытушы  оқушыларға  «Сенің  түсінігіңдегі  достық»  атты  сауалнаманы 
толтыруды ұсынады:  
1. Дос деген кім?  
2 .Достық деген не?  
3. Дос адамға не үшін қажет?  
4. Достық қандай міндеттерді қояды?  
5. Сендерде достар бар ма?  
6. Сендерді не біріктіреді?   

76 
 
7. Сендер өздеріңде қандай достардың болғанын қалайсыңдар?  
8. Сендер өз достарыңнан нені күтесіңдер?  
9. Сендер өз достарыңның бойындағы қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыңдар?  
10. Адамның қандай кемшіліктері достықпен келіспейді?  
11. Достықты іздейді ме әлде күтеді ме?  
12. Сендердің достық идеалдарың. 
 Оқытушы сауалнамаларды жинайды. 
 
11. Топтардағы жұмыс. Шешім қабылдауға арналған жағдайлар. 
Оқытушы  оқушыларды  3  топқа  бөледі.  Әр  топқа  карточка  беріледі,  онда  шешім 
қабылдауға арналған жағдайлар жазылған. 
1.    Бұл  топта  бірінші  рет  болып  тұрған  жасөсіпірімге  құрдастары  алкогольдік 
сусын ішіп көруге қатысуын ұсынады.  
2.        Құрбысы  қызға  гигиеналық  нормаларға  сәйкес  келмейтін  пирсинг  жасатуға 
көндіреді. 
3.    Болат  пен  Светаның  танысқанына  бірнеше  күн  болды.  Бозбала  бойжеткенге 
қала сыртындағы саяжайға барып, екеуі сонда демалуын ұсынады.  
Әр  топ  жағдайды  талқылауы  керек,  сонан  соң,  шешім  қабылдау  қадамдарын 
талқылап, ортақ шешім қабылдаулары қажет.  
Шешім қабылдау қадамдарын флипчартқа жазып, таныстыру қажет. 
 
Шешім қабылдау қадамдарының үлгі тізімдері: 
1. 
Жағдайды ойластырыңыз. 
2. 
Отбасылық және жеке тұлға құндылықтарын ескеріңіз. 
3. 
Мәдени құндылықтарды ескеріңіз. 
4. 
Досыңыздан, үлкендерден кеңес сұраңыз. 
5. 
Шешімнің барлық нұсқаларын ойластырыңыз. 
6. 
Шешімнің  әрбір  нұсқалары  қандай  салдар  мен  нәтижелерге  әкелетіндігі 
туралы жан-жақты ойластырыңыз. 
7. 
Ең жақсы нұсқаны таңдап, шешім қабылдаңыз. 
8. 
Қабылданған  шешімнің  орындалуына  жауапкершілікті  өз  мойныңызға 
алыңыз. 
12.  «Әсерлі  қарым-қатынас  дағдыларын  дамыту  және  сексуалды  қатынастар 
жағдайларының  мәселелерін  шешу»  атты  мультимедиалық  презентациясының 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс   
Мысал мазмұн. 
Әрбір  адамның  өмірінде  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  айтарлықтай  маңызға 
ие. Көпшілдік достармен, ата-анамен, ересектермен, мұғалімдермен тілдесуде, туындаған 
шиеленісті шешуде, сендіруде немесе «өз» көзқарастарын, т.б. қорғауда білінеді. 
Жасөспірімнің қанша досы, қанша қастасының бар болуы, сыныптастарының оған 
деген  көзқарасы,  жүретін  қызының  (жігітінің)  болуы,  я  болмауы,  алатын  бағалары,  бос 
уақытын  қалай  өткізетіндігі,  мектептегі  және  үйдегі  тәртібі  –  осы  қарым-қатынастың 
барлығы  жеткіншектің  көпшіл  болуы  мен  айналасындағы  адамдарды  түсіне  алуына 
байланысты.   
Қарым-қатынастың әсерлілігі өзіне сенімділікке, өзіндік танымға, өз сезімдері мен 
эмоцияларын басқара білуге және тағы да басқа көптеген қасиеттерге байланысты. 

77 
 
Әр  адамның  болашағы  оның  өз  қарым-қатынастарын  дұрыс  қоя  білуіне,  оны  қоршаған 
адамдармен әсерлі қатынас жасай алуына байланысты. 
Өз болашағыңа дайын және өзің нық сеніммен қадам жасау үшін не істеу қажет? 
1.  Конструктивті  қарым-қатынас  жасау  мен  позитивті  мінез-құлық  дағдыларына 
ие болу. 
2.  Тыңдауды, өз көзқарасыңды айтуды үйрену, келісімді шешімге келу және басқа 
адамдарды түсіне білу. 
3.  Өз әрекеттеріне жауапкершілікті алуды үйрену. 
4.  Сенімді  мінез-құлық  пен  топтық  қысымға  қарсы  тұру  дағдыларын  өзінде 
қалыптастыру. 
5.  Өзінің жеке сезімдері мен эмоцияларын басқара білу. 
6.  Өзінің  өмірлік  келешегін,  өмірлік  мақсаттарын,  жолдарын  және  оларға  қол 
жеткізу әдістерін ұғынуға талпыну. 
Мұндай  –  достық,  махаббат  сияқты  сезімдердің  қалыптасуының  негізі  қуаныш, 
нәзіктік, ләззәт және т.б. жағымды эмоциялар болып табылады. 
Достық деген керемет сезім әр түрлі қызығушылықтары бар адамдар арасында да 
пайда болады. Жасөспірім өз досынан түсіністік, ұқсастық пен бірге уайым бөлісу сияқты 
қасиеттерді іздейді. Дос – бұл тыңдап, сезіміне ортақ болып, жақсы кеңес беретін адам. 
 Жасөспірім шақтағы достық, әдетте, бір жынысты құрдастар, әсіресе сыныптастар 
арасында  басталады.  Жеткіншектің  қарым-қатынас  аясы  бұрынғыдан  да  кеңейе  түседі. 
Бұл кезеңде жасөсіпірмдердің таныстары мен достары көбейіп, тек қана өзара мейіріммен 
емес,  сонымен  қатар,  ортақ  қызығушылық,  қандайда  бір  ортақ  істермен  шұғылдануы, 
көңіл көтеру тәсілдері, бос уақытты өткізу орындарының ортақ болуы және компаниялар 
мен топтар құрыла бастайды.     
  Достық  қарым-қатынас  деп  өзара  түсіністік,  рухани  жақындық,  сыйластық,  бір-
біріне өзіне жасағандай қарым-қатынас жасау деп түсінеді, оның жан-дүниесінде өзіндік, 
шынайы «Мені» қалыптаса бастайды.  
 Біз  бәріміз  де  сүюге  және  сүйікті  болуға  ұмтыламыз.  Махаббат  –  бұл  үнемі  біз 
ойлайтын  құбылыс,  оны  ақындар  барлық  ғасырларда  жырлайды,  әншілер  әніне  қосып 
айтады, режиссерлер фильм түсіреді. Махаббат хикаялары әрбір адамның жанында, әрбір 
жүректе болатын ішектерді қозғай түседі. Махаббат барлық адам сезімдерінің ішіндегі ең 
жұмбағы  болып  табылады.  Махаббат  тақырыбы  мазмұны  жағынан  бай,  әр  қилы  және 
сарқылмайтын,  қайталанбас  көріністер.  Бұл  түсініктің  көп  мағыналылығы  және  көп 
түрлілігі  таусылмас.  Отанға  махаббат.  Анаға  махабат.  Әке  махаббаты.  Бозбалалық 
махаббат. Музыкаға махаббат. Өз ісіне махаббат. Өмірге махаббат.  
Үлкен  жеткіншек  кезеңде,  әдетте  ұзаққа  бармайтын,  зор  эмоциялық  тебіреніспен 
қатар жүретін романтикалық махаббат пайда болуы мүмкін.  
Жеткіншектердегі  романтикалық  және  ғашықтық  қарым-қатынастар  әлі  де 
сексуалдылықпен байланысты емес. Жеткіншектерде сексуалдылық жыныстық жетілудің 
белгілері  ретінде  бозбалалық  шақта  пайда  болады,  бірақ  та  әлеуметтік  ересектікке 
жеткендігін білдірмейді.  
Жоғары  эмоциямен  тілдесуі,  құрдастарымен  қарым-қатынас  кезіндегі  жоғары 
мәнділік, әлеуметтік  тәжірибенің  жетіспеушілігі  жеткіншектердің жеке  тұлғаға қатысты 
әуестігі  психологиялық  қылықтарындағы  мәселелермен  тығыз  байланысты  екендігін 
көрсетеді. 
Алғашқы  махаббат  –  бұл  шаттыққа,  романтикаларға,  уайымдарға  және 
күйзелістерге  толы  алғашқы  жарқын  сезім.  Жеткіншектердің  бұл  сезімге  берілетіндігі 
сондай, олар тіпті физикалық жақындық пен некеге баруға да дайын тұрады. Бірақ, бұл 
бар болғаны ерлер мен әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас қиындықтарын танып-
білуге кедергі келтіреді. 

78 
 
Психологтардың  пайымдауынша,  адамдар  әуестік,  ғашықтық  және  махаббат 
сезімдерін  бір-бірінен  ажырата  білу  керек.  Әуестік,  ғашықтық,  махаббат  сезімдерін 
ажыратудағы ең жақсы көмекші – ол уақыт. Ғашықтық – күшті сезім, кейде дәл осы адам 
өмірлік  серік  бола  алатындай  сезіледі,  бірақ  біршама  уақыт  өткен  соң  жай  ғана  жақсы 
достар болып қала береді. Сол себепті де ата-аналар әрқашан да «асығыстық жасамауға!» 
кеңес береді және олардың осы кеңесі ақылға қонымды болады. 
Өзіңнің  достыққа  бейімділігің  мен  басқа  адамдарды  жақсы  көре  білетіндігіңді 
көрсетудің әртүрлі әдістері бар. Достық пен махаббат адамдардың өзін жақсы сезінуіне 
көмектеседі.  Кемтарлық  немесе  денсаулық  жағдайы  достық  және  басқа  да  қарым-
қатынастардың немесе махаббаттың дамуына кедергі бола алмайды. 
Махаббат,  достық,  көңіл  көтеру  және  сексуалды  тартымдылық  әртүрлі  эмоция 
тудырады.  Тығыз  қарым-қатынас  кейде  сексуалды  қарым-қатынасқа  айналуы  мүмкін. 
Қарым-қатынас  жақсы  және  жаман  болуы  мүмкін.  Гендерлік  рөлдер  жеке  қарым-
қатынастарға  әсер  етеді,  ал  гендерлік  теңдік  жақсы  қарым-қатынастың  бөлігі  болып 
табылады.  Қарым-қатынастағы  зұлымдық  пен  зорлық  гендерлік  рөлдер  мен 
стереотиптерге  тығыз  байланысты.  Күштеп  жасалған  қарым-қатынас  жаман  қарым-
қатынастың  бір  мысалы  болып  табылады.  Махаббат,  серіктестік,  гендерлік  теңдік,  бір-
біріне  қамқорлық  және  өзара  сыйластық  отбасы  және  жақсы  қарым-қатынастың  тиімді 
жұмыс істеуіне үлкен үлес қосады. 
Адамның  жыныстық  немесе  сексуалды  тәртібі  әлеуметтік  тәртіптің  бірден  бір 
нұсқасы болып табылады. Биологиялық бақылау тұрғысынан алып қарағанда тірі ағзаның 
жыныстық мінез-құлығының басты мақсаты - ұрпақ өрбіту. 
Жеткіншектер  үшін  жыныстық  мінез-құлықты  тағы  екі  маңызды  түрге  бөлуге 
болады: 
  
1. Жыныстық құмарлықты қанағаттандыру. 
2. Өзін-өзі қанағаттандырудың сексуалды тәсілі. 
Сексуалды  мінез-құлыққа  қатысты  ұтымды  шешім  қабылдауда  әр  түрлі 
тосқауылдар  болуы  мүмкін.  Эмоциялар  сексуалды  мінез-құлыққа  байланысты  шешім 
қабылдауда  бірден-бір  әсер  етуші  фактор  болып  есептеледі.  Ішімдік  пен  есірткі  де 
жауапты  шешім  қабылдауға  кедергі  болады.  Сексуалды  тәртіп  бойынша  шешім 
қабылдауда  болуы  мүмкін  зардаптардың  бәрін  есепке  алу  қажет.  Сексуалды  тәртіп 
туралы  шешім  жеткіншектің  денсаулығына,  болашағы  мен  өмірлік  жоспарларына  әсер 
етуі мүмкін.  
Сексуалды мінез-құлықтың зардаптары өзіне де, басқаларға да бірдей әсер етеді, 
оның  салдары  заңнамалық  салдарға,  қажетсіз  жүктілік  немесе  ЖЖБЖ-ға,  оның  ішінде 
АИТВ-ға әкеліп соқтыруы мүмкін.  
Ұлттық  Заңнама  жастардың  нені  істеуге  болатынын  және  нені  істеуге 
болмайтынын анықтап бере алады. Жыныстық пен репродуктивті денсаулыққа қатысты, 
адам құқығын реттейтін (мысалы, CEDAW, КПР) жыныстық байланысқа және т.б. рұқсат 
етілген жас шамасында медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз етуге 
байланысты  Ұлттық  Заңнама  бұрмаланған  жағдайда  алға  тартатын  пайдалы  құжаттар 
болып саналатын Халықаралық конвенциялар мен Келісімдер бар.  
Көптеген  елдерде  озбырлық  қарым-қатынасқа  тыйым  салатын  заңдар  бар. 
Адамдарға  зорлық  қарым-қатынасты  анықтау  дағдыларын  үйретуге  болады.  Адамдар 
зорлық-зомбылық туралы хабарлама жасау керек. Әдетте, адамдарға зорлық-зомбылыққа 
апаратын іс-әрекеттерге тыйым салатын құқықтық механизмдер бар. 

79 
 
Күйзеліс  жағдайларында  отбасы  мүшелері  шағымдана  алатын  қолдау  көрсету 
қызметтері  жұмыс  істейді.  Отбасылар,  егер  де  оның  мүшелері  бір-бірін  қолдап,  өзара 
сыйластықта болса, күйзелістерді жеңіп шыға алады.
 
13. Топтардағы жұмыс.  Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері. 
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Әр  топ  талқылауға  және  бозбалалар  мен  бойжеткендердің  сексуалды  қатынасқа 
түсуінің уәждемелерінің тізімін құрау тапсырмаларын алады. 
Мысал тізім: 
• 
күшті сексуалдық әуестік; 
• 
махаббат; 
• 
тәжірибенің жинақталуы; 
• 
көңіл көтеру; 
• 
әуесқойлық; 
• 
серігін ұстап қалуға ұмтылу
• 
өзін-өзі тану; 
• 
балалы болу тілегі; 
• 
отбасын құру мақсаты; 
• 
«бәрі сияқты болу» тілегі; 
• 
мәжбүрлеу; 
• 
ақша табу тілегі. 
14. Пікірталас. Отбасыішілік қарым-қатынас. 
Оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды талқылауды ұсынады: 
1.Сексуалды өмір мен жыныстық қатынастардың мәселелері отбасына қандай әсерлерін 
тигізуі мүмкін (мысалы, АИТВ-оң статусын, қажетсіз жүктілікті мойындау, бір жынысты 
сексуалды қатынасқа түсу)? 
 2.  Егер  отбасының  жас  мүшесі  өзінің  АИТВ-оң  статусын  немесе  жүктілігін 
хабарлағанада, келісімді некеден бас тартқанда немесе өзінің сексуалды бағдарын ашық 
айтқанда отбасы мүшелерінің рөлі өзгеруі мүмкін бе? 
15.  «Ми шабуылы». Адам құқығы. 
Оқытушы  оқушыларға  «құрмет»,  «шыдамдылық»,  «келісім»  түсініктеріне 
анықтама берулерін сұрайды. 
Оқушылардың  жауаптары  жалпыланады,  оқытушы  шыдамдылық,  келісім  және 
құрмет деген  құндылықтар  жақсы  қарым-қатынасты  ұстаудың негізгі  кілттері  болып 
табылатындығына қорытынды жасайды. Әрбір адам құрметке лайық. 
Сонан  соң,  оқушыларға  «ырымшылдық»,  «қате  түсінушілік»,  «стигматизация», 
«шыдамсыздық»,  «дәмешілдік»,  «бас  тарту»  және  «буллинг»  терминдеріне  түсінік  беру 
тапсырмасы тапсырылады. 
Оқушылардың  жауаптарын  қорытындылай  келе  оқытушы  мынадай  шешімге 
келеді:  біреуді  денсаулығының  жағдайына,  терісінің  түсіне,  пайда  болуына,  сексуалды 
бағдарына немесе басқа да айырмашылықтарына қарап, солардың негізінде дәмешілдікке 
немесе  буллинге  итермелеу  адамның  құқығын  бұзу  және  қорлаушы  мінез-құлық, 
құрметсіздік таныту болып табылады. 
Айырмашылықтың  негізіндегі  стигматизация  мен  дискриминация  адам  құқығын 
бұзу болып табылады. Әрбір адам дәмешілдікке (домогательство) немесе буллингке тап 
болғандарды қорғауға міндетті.  

80 
 
Әр адам қате түсініктер мен сабырсыздыққа қарсы шығуы қажет. Дискриминация 
жеке адамдарға, қауымға және қоғамға жағымсыз әсерін тигізеді. Әдетте дискриминация 
мен  стигматизацияға  тап  болған  адамдарға  көмек  көрсетудің  құқықтық  механизмдері 
болады. Көптеген елдерде дискриминация мен стигматизацияға тиым салатын заңдар бар. 
16. Сабақ соңында оқушыларға «ашық сыр парақтарын» толтыру ұсынылады: 
1.  Барлық сабақ бойында Сіздер қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер? 
2.   Сабақта Сіздерге ұсынылған ақпараттар Сіздерге қажетті деп есептейсіздер ме? 
3.  Материал түсінікті, ұғымды баяндалды ма? 
4.   Осы сабақты Сіздер Жеке тұлғаны қалыптастыруда «бір қадам алға» басушылық деп 
есептейсіздер ме? 
5.   Адамдармен әсерлі қарым-қатынас жасауды құру жоспарында Сіздерде сенімділік пен 
оптимизм арта түсті ме? 
Модуль 5.  
Адамның адамгершілік-жыныстық дамуы (8 сағат). 
Сабақ 5.3 
Репродуктивті жүйе және адам ұрпағының жалғасуы. Адамның өсуі, дамуы, жетілуі 
және және жыныстық әуесі. Жасөспірімдердің физикалық, жыныстық, 
интеллектуалдық, психикалық, психосексуалдық және әлеуметтік дамуының 
ерекшеліктері (4 сағат). 
Мақсаты:  Адамның  репродуктивті  жүйесінің  физиологиясын  және  анатомиясын, 
жасөспірімідердің жыныстық жетілу кезеңдерінің ерекшеліктерін үйрену.   
Міндеттері: 
9. Еркектер мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің анатомиясы және 
физиологиясымен, ұрықтану үдерістерімен таныстыру . 
10. Жыныстық жетілу кезеңдерінде жасөспірімдерде болатын өзгерістерге 
түсіністіктің қалыптасуына көмектесу.  
11. Жасөспірімдің жасында жеке бас гигиенасының ережелерін жасау. Өзін-өзі 
бағалау, шешім қабылдау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау 
дағдыларын жасап шығары және сол дағдыларды күнделікті өмірде жүзеге асыру.   
12. Сексуалдылыққа, оның даму кезеңдеріне және сексуалдық мінез-құлыққа 
формаларына түсінік беру. Жасөспірім жасында сексуалдық қатынастар туралы 
білім, мақсат, құныдылықтарды қалыптастыру.      
Түйінді  сөздер:  репродуктивті  жүйе,  жыныстық  мүшелер,  жыныстық  жетілу  кезеңі, 
ұрықтану, дене гигиенасы, сексуалдылық. 
Сабақ жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын дәріс, топтармен жұмыс, ұжымдық жұмыс, 
сергіту, пікірталас. 
Жабдықтар мен материалдар: 
Флипчарт,  маркерлер,  А4  қағазы,  мультимедиапроектор,  «Ер  адамдардың 
Репродуктивті  жүйесінің  Анатомиясы  мен  Физиологиясы»  атты  тарату  материалдары, 
«Әйелдердің  Репродуктивті  жүйесінің  Анатомиясы  мен  Физиологиясы»  атты  тарату 
материалдары.  

81 
 
Сабақ барысы 
44. Оқытушы  кіріспе  сөзінде  сабақтың  тақырыбын,  міндеттері  мен  мақсатын 
хабарлайды. 
45. Сергіту. «Жел соғады» жаттығуы. 
Жүргізуші  шеңберге  тұрып,  «Жел  кімде  ...  ,  соған  қарап  соғады»  деп, 
қатысушыларға  сәйкес  келетін  киімнің  бір  белігісін  атайды.  Ойынның  шарты  –  аты 
аталған  киімнің  элеменетін  ұстап  қалу.  Егер  аты  аталған  киімнің  белгісі  бірнеше 
адамда  болса,  онда  бірнеше  адамды  да  ұстауға  болады.  Мысалы,  «Жел  жолақ 
свитерлері  бар  адамдарға  соғады».  Барлығы  жолақ  свитерлері  бар  адамдарды  ұстап 
қалулары керек. Кім соңынан ұстайды, сол жүргізуші болады.    
46. Кіші топтардағы жұмыс.
 
Еркектер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің 
анатомиясы. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. 
Топтар талқылауға және келесідей сұрақтарға жауап беруге тапсырмалар алады:
Бірінші  топ  –  қай  мүшелер  еркектердің  жыныстық  жүйесіне  жатады,  олар  қандай 
қызметтерді атқарады?  
Екінші  топ  -  қай  мүшелер  әйелдердің  жыныстық  жүйесіне  жатады,  олар  қандай 
қызметтерді атқарады?    
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Сонан соң оқытушы тақтаға 
«Ер  адамдардың  репродуктивті  жүйесінің  анатомиясы»  және  «Әйел  адамдардың 
репродуктивті жүйесінің анатомиясы» деген суреттерді іледі де, жыныс мүшелерінің 
атаулары  жазылған  карточканы  оқушыларға  көрсетіп,  сонан  соң  оны  тақтадағы 
суреттен көрсетуін сұрайды.  
Талқылап  болғаннан  соң  оқытушы  оқушылармен  бірге  қорытынды  шығарып, 
адамның  репродуктивті  жүйесінің  анатомиясы  мен  физиологиясы  туралы  айтып 
береді.  
47. «Еркектің және әйелдің репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен 
физиологиясы» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен 
өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
 
Мысал мазмұн. 
Жасөсіпірімдер  (БДҰ-ның  мәліметі  бойынша,  10  мен  19  жас  аралығы 
жасөсіпірімдік    жас  болып  табылады)  эмоциялық,  физикалық,  әлеуметтік  және 
интеллектуалдық аяда балалықтан ересектікке өту кезеңіне байланысты ауыр өзгерістерді 
бастан кешеді. Бұл кезең жыныстық жетілу кезеңі деп аталады.   
Репродуктивтік жүйенің не екендігін еске түсірейік? 
Репродуктивтік жүйе 
бұл мүшелердің көбеюіне жауап беретін ағза мүшелерінің жүйесі. 
Біз алдында эндокриндік және жүйке жүйесін, олардың репродукцияға қатысты өзара 
байланысын талқылап өткен болатынбыз. Бүгін біз репродукциялық жүйенің негізгі 
бөлігі болып табылатын жыныстық жүйе туралы сөйлесетін боламыз.     

82 
 
Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын 
қарастырайық.  
Анатомия – құрылым туралы ілім, физиология – бұл адам ағзасының тіршілік іс-әрекеті 
туралы, оның жеке мүшелерінің және мүшелер жүйесінің іс-әрекеті туралы ілім.
 
Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің мүшелерінің мақсаты келесідей міндеттерді 
атқаруы болып табылады: 

 
Сперма (шәует) (еркектердің жыныстық жасушалары)  мен қорғаныш (ұрықтық) 
сұйықтығын бөліп шығару, ұстап тұру және тасымалдау.   

 
Секс жасау барысында әйелдің репродуктивті трактіне сперманы (шәует) тастау.   

 
Еркектердің репродуктивтік жүйесін ұстап тұруға жауап беретін еркектердің жыныстық 
гормондарын өндіру және бөліп шығару.    
 
Мужская половая система – еркектердің жыныс жүйесі 
Мочевой пузырь – несеп қуығы 
Мочеиспускательный канал – несеп шығару жолы 
Мужской половой член – еркектің жыныс мүшесі 
Семенный пузырек – ұрықтық қуықша 
Предстательная железа – қуық асты безі 
Семявыводящий проток – ұрық шығарушы түтік  
Придаток семенника – атабез қосалқысы  
Семенник – атабез   

83 
 
Әйелдердің репродуктивтік жүйесінен айырмашылығы – еркектердің репродуктивтік 
жүйесінің көп бөлігі дененің сыртында орналасқан. Сыртқы жыныстық мүшелерге қаса 
(пенис), ұма (мошонка) және атабез мүшелері жатады.   

 
Қаса (жыныс мүшесі) бұл 3 бөліктен құралған еркектік мүше: қарынның қабырғасына 
жабысқан тамырдан; денеден немесе өзектен тұрады; және қасаның ұшындағы конус 
тәріздес болатын кішкене бастан тұрады. Еркектің жыныс мүшесінің басы – шеткі мүше 
ұшы деп аталатын бос тері қабатымен жабылған мүшеден тұрады. Бұл тері кейде шеткі 
мүше ұшын кесіп тастау (сүндеттеу) арқылы деп аталатын процедура арқылы алынып 
тасталынады. Үрпінің тесігі – ұрықтық сұйықтық пен несепті тасымалдайтын түтікше-
қасаның ұшында орналасқан. Сондай-ақ, қасада көптеген сезімтал жүйке ұштықтары бар. 
Қаса тітіркенгенде үлкейіп, едәуір маңызды тығыздыққа ие болады. Бұл жыныстық 
міндеттердің атқарылуында маңызды рөл атқаратын қызмет эрекция деп те аталады. 
Жыныстық мүше көмегімен жыныстық жасушалар әйелдердің қынабына енеді.  

 
Ұма (мошонка) бұл қасаның артында ілулі тұратын бос қалташа. Ол атабезден және 
көптеген қан жүретін тамырларынан тұрады. Ұма атабездер үшін қатысты «ахуалды 
қадағалау жүйесі» болып қызмет атқарады. Шәуеттің дұрыс бөлінуі үшін атабездің 
температурасы дене температурасынан төмен болуы қажет. Ұманың қабырғасындағы 
арнайы бұлшықеттер жылыну қажет болғанда атабезді денеге жақындатып, 
температураны төмендету үшін денеден алыстатып ширатып және босаңсытады.   

Атабездер (яички) бұл зәйтүн көлемімен шамалас ұштары құрылымдармен бекітілген 
ұмада жататын  ұрық арқаншалары. Көп ер адамдарда екі атабез болады. Атабездің 
ішінде ұрықтық каналдар деп аталатын көптеген ирек түтікшелер бар. Бұл түтікшелер 
сперматозоидтардың түзілуіне жауап береді.  Атабездердің негізіг қызметі – 
с
перматогенез (сперматозоидтардың түзілуі), атап айтқанда еркектік жыныс 
жасушаларының түзілуі. Олар 15-16 жасқа бет алғанда жетіледі. Белгіленгендей, болашақ 
нәрестенің жынысы 
сперматозоидтардың
ерекелігіне байланысты: оның генінде (тегәнде) 
сақталатын Yхромосомаларының болуы баланың туылуына себеп болады,  Х-
хромосомалар – қыз баланың дүниеге келуіне әсерін тигізеді.   

Атабез қосалқысы  (ұрықтың қосалқылары) – әр атабездің артқы жағында орналасқан 
ұзын иілген түтікше. Ол атабезде түзілетін шәуетті тасымалдап,  
сперматозоидтарды 
сақтап тұрады. Атабез қосалықлары да шәуеттің түзілуне жауапты, себебі – атабезден 
бөлінетін шәует жетілмеген және ұрықтануға қабілетсіз болып келеді. Сексуалды 
тітіркену уақытында, жиырылу нәтижесінде шәует ұрық шығарылатын түтікшелерден 
өтеді. 
 

Ұрық шығаратын түтіктер бұл тура несеп қуығы артындагы атабез қосалқысынан 
жамбас қуысына баратын ұзын бұлшықетті түтікше. Ұрық шығаратын түтіктер шәует 
шашуға дайындық кезінде жетілген шәуетті несеп немесе шәуетті дене сыртына үрпі-
түтікке тасымалдайды.   

Үрпі (несеп шығарушы канал) – бұл несепті несеп қуығынан дене сыртына шығаратын 
түтікше. Ер адамдарда ол қосымша еркектік оргазм сәтінде (шәует шашу) ұрықтың 
сұйықтық шығару қызметін орындайды. Секс кезінде қаса тітіркенгенде несеп ағыны үрпі 
ішінде бөгеледі де, оргазм кезінде ұрық сұйықтықтары ақтарылады.   

84 
 

Ұрықтық қуықшалар  – бұл несеп қуығының соңында ұрық шығарушы түтіктерге 
бекітілген қалташалар. Ұрықтық қуықша сперматозоидқа қоғалыс мүмкіндігін беретін 
қуат көзі болып табылатын қантқа қаныққан сұйықтық (фруктоза) өндіреді.   

Қуықасты безі  тік шектің алдыңғы жағында және несеп қуығынан төмен орналасқан, 
үлкендігі грек жаңғағындай көлемді құрылым. Қуықасты бездің сұйықтығы да шәуетті 
қоректендіруге септігін тигізеді.   

Үрпі баданалық бездер (бульбоуретальные железы) бұл атбас бұршақ тәріздес үрпінің 
жан-жағында, қуықасты безден кішкене төменде орналасқан бездер. Бұл бездер тура 
үрпіге барып түсетін мөлдір сұйықтықты бөліп шығарады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет