Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы.
Әйелдің репродуктивті жүйесі әйелді жаңа өмір жасап және аналық қуанышқа бөлейтін
мүмкіндіктерге ие болатын таңқалаларлық механизм.
Әйелдердің жыныстық жүйесі ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен құралады. Сыртқы
жыныстық мүшелері жиынтығы сарпай (вульва) деп аталады.
Яичник – анабез
Матка – жатыр
Шейка матики – жатыр мойнағы
Прямая кишка – тік ішек
Влагалище – қынап
Мочевой пузырь – несеп қуығы
Малая половая губа – кіші жыныстық ернеу
Большая половая губа – үлкен жыныстық ернеу
85
Ішкі жыныстық мүшелерге мыналар жатады:
•
Анабездер – пішперде қуысының төменгі бөлігінде орналасқан, байламдармен бекітілген
жұп мүше. Ұзындығы 3 см-ге дейін болатын анабездер бадам дәнінің пішінін еске
түсіреді. Анабезде ұрық жасушаларының жетілу процесстері жүреді.
•
Жатыр (фаллопиев) түтікшелері немес ұрық түтігі. Олардың ұшында түтікке жетілген
анабез түсетін құйғы тәріздес кеңею үрдісі болатын қызмет бар. Түтіктер ішінде
ұрықтануға дайын ұрықтың жасушаларды жатырша түтігіне жіберетін кірпікшелер
орналасқан. Ұрықтық жасушаның ұрықтану процессі түтікшеде болады. Жатыр
түтікшелері екінші ұшымен ұрықтың жасушалар бағытталған жатырдың жоғарғы жағына
ашылады. Жатыр жасушаларының ұрықтануы жатырға енеді де, онда олар қалыпты
дамып, тулығанша болады..
•
Жатыр — үлкендігі ересек адамынң жұдырығындай алмұрт тәріздес мүше. Ол ішперде
қуысының ортасында, несеп қуығының артында орналасқан. Жатырдың қалың бұлшықет
қабырғалары болады. Жатыр қуысының ішікі беті қан жүретін тамырлардың қалың торы
өтетін сілемейлі қабықшамен төселген. Жатыр қуысы қынапқа өтетін қалың бұлшықетті
сақина арқылы өтетін қынап каналымен байланысады. Ол жатыр мойнағы (мойыны) деп
аталады. Қалыпты жағдайда ұрықталған жасуша жатырша түтігінен жатырға өтеді және
іштегі нәрестеге дейін жетіліп, бұлшықетке жабыстырылады. Жатырда іштегі нәрестенің
қалыпты өсіп туылғанша болады.
•
Жатыр мойны жартылай қынап шығып тұратын цилиндир пішіндес (әлі
босанбағандарда ол конус типтес болады) мүше. Мойнының ортасында жатыр каналы –
ұршық тектес канал бар. Осы каналдың ішкі аңқа деп аталатын жоғарғы ұшы жатыр
қуысына ашылады. Сыртқы аңқа деп аталатын төменгі саңылауы қынапқа ашылады.
Цервикалды канал ұынап пен жатыр қуысын байланыстырады. Цервикалды каналдың
сілемейлі бездерінің шығаратын тұтқырлық сілемейі «сілемейлі тығын» жасайды. Жатыр
мойнының сілемейлі «биологиялық қоқыстың» (өлі жасушалардың денелері, бактериялар,
т.б.) жатыр қуысына барар жолындағы тосқауыл болады. Қынап жатыр мойны каналымен
бірге босану кезінде іштегі нәресте өтетін туылу жолдарын құрайды.
•
Қынап — бұл жатырдан басталып шығу жолы әйел денесінің сыртында болатын жуан
бұлшықетті түтік. Қынап жыныстық қатынас кезінде ұрықты қабылдаушы болып
табылады, сонымен қатар, баланың жатырда дамуы аяқталған соң шығатын туылу
каналы, жолы міндетін атқарады.
Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне мыналар жатады:
•
Үлкен жыныстық ернеулер — бұл іштің төменгі шетінен артқа өтетін, ішінде май ткані
және венлық өрімдері бар екі терілік іркістер орналасқан. Ересек әйелдерде олар түкпен
жабылған. Үлкен жыныстық ернеулер әйелдің қынабына микробтар мен басқа да
денелердің түсіп кетуінен қорғау міндетін орындайды.
86
•
Кіші жыныстық ернеулер үлкен жыныстық ернеулердің ортасында орналасқан, әдетте
солардың арасында жасырынған болады. Олар түксіз, алқызыл түсті, екі жұқа тері
іркістері болып көрінеді. Алдыңғы (жоғарғы) байланыс нүткелерінің жанында, әдетте
үлкендігі көкбұршақтай сезімтал мүше – шұртекей орналасқан.
•
Шүртекей әйелдердің көпшілігде ол тері іркістерімен көмкеріле жабық тұрады.
Шүртекейде нервілік ұштар өте көп. Шүртекейден төмен жерде несеп шығаратын
каналдың (үрпінің) сыртқы тесігі орналасқан. Әйелдерде ол тек несеп қуығынан несеп
шығару үшін қызмет етеді. Шүртекейдің төбесінде іштің төменгі жағында май
тканьдерінен тұратын шағын жуандау болады. Ол ересек әйелдерде түкпен жабылған. Ол
ұма немесе «венерин бугорок» деген атауға ие.
•
Қыздық перде — бұл тесігі бар жұқа жарғақ сілмейлі қабыршақты іркіс (складка). Ол
түрлі пішіндерде: сақина, жарты ай, шашақ, т.б. тәріздес болып келеді, ішкі және сыртқы
жыныс мүшелерінің ортасында қынапқа кіретін жолды жауып тұрады. Ереже бойынша
алғашқы жыныстық байланыс кезінде бір қалыппен ауырсыну сезімі мен аздап қанау
болады, солай ол жыртылады.
•
Әйелдердің репродуктивтік жүйесіне жататын көкірегінің алдыңғы жа,ында
орналасқан терілік жұп құрылымдары – сүт бездері бар. Бездің орта шенінде
айналасы реңделген тері (ареола) дөңгелегі – емшек ұштары бар. Без, сүт жолдары
бар безді тін бөлшектерінен және майлы тіннен құралады. Жолдар бір-бірімен
байланыса отырып, сүт безінің емшек ұшына ашылатын шығу түтіктерін құрайды.
Етеккір циклы, овуляция мен ұрық жасушаларының ұрықтануы.
Етеккір циклы – бұл бала көтеру мен жүкітілікке дайындайтын әйелдің жыныстық
жүйесінің жалғасып отыратын циклдік өзгерістері. Ол өзіне бірнеше процесстерді
жатқызады: фолликулдың жетілуі, овуляция – ұрық жасушаларының анабезден шығуы,
оның жатыр қуысына өтуі, эндометрияның жуандауы және оның ажыратылуы, сырт көзге
жатрдың қан ағуы болып көрінетін етеккір ( жай сөзбен – айлық деп те атайды).
Алғашқы етеккір (менархе) әдетте, қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңінде 10-15
жас аралығында көрінеді. Алғашқы уақытта етеккір ереже бойынша ретсіз, 2 айдан 3-6
айға дейін жоғалып кетіп қайта пайда болады. Тұрақты етеккір циклы бойжеткеннің
жыныстық жетілу шамасына байланысты 1-1,5 жылда реттеледі.
15 жастан кейін етеккірдің болмауы физикалық өсудің бұзылуының белгісі, сондықтан
бұл жағдай гинекологке көрінуі үшін нақты себеп болады.
Етеккір циклының ұзақтығы етеккірдің келген бірінші күнінен бастап келесі
етеккірдің бірінші дейінгі аралық болып есептелінеді, қалыпта 28±7 күн, әдетте 28 күн –
бір ай болып есептеледі. Жатырдағы қан ағу процессі 3 күннен 6 күнге дейін созылады.
Шартты түрде етеккір циклы 14±3 күн деп ортасын анықтайды, ал оның екі жартысын
немесе фазаларын бірінші және екінші деп белгілейді.
Бірінші фаза кезінде фолликулынталандырушы гормон гипофиза – ФЫГ-ның (ФСГ)
әсерінен анабезде ұрық жасушалары бар ондаған фолликулдар (жетіліп келе жатқан
ұрық жасушасы бар қалташа) жетіле бастайды. Кей біреуінің ұзындығы 14 мм-ге
жеткенде, қалғандарының өсуі тоқтайды да, біреуі ғана өсуін жалғастырады. Ол
доминантты фолликул деп аталады.
Бірінші фаза кезеңінде ана без эстрогендерді (әйелдердің жыныстық гормондары) бөліп
шығарады. Олардың әсерінен жатыр қуысындағы ішкі қабаты жуандап ол ұрықтанған
ұрық жасушаларын қабылдауға дайындалады.
Анабез жатырда өтіп жататын процесстерді есептеп етеккір циклінің бірінші фазасын
фолликулярлы фаза деп атайды.
87
Етеккір циклының ортасында (14 пен 28 күн аралық циклында) лютеиндеуші гормон
гипофизі – ЛГ әсерінен доминантты фолликул жарылып, жетілген ұрық жасушалары
алдымен жатыр қуысына, сонан соң жатыр түтікшесін түседі. Бұл процесс овуляция деп
аталады. Қалыпты жағдайда овуляция бір етеккірлік циклыда бір рет болады.
Етеккір циклы кезінде аналық без фолликулдарының дамуы
Желтое тело – сары дене
Овуляция – овуляция
Яйцеклетка – ұрық жасушасы
Первичные фолликулы – алғашқы фолликулдар
Доминантный фолликул – доминантты фолликулдар
Егер осы кезеңде ұрық жасушалары сперматозоидпен кездессе, барлық
сперматозоидтардың ішінен біреуі ғана ұрық жасушасының ішіне ене алады,
жасушалардың өзектері (ядро) бірігеді де ұрықтану басталады. Сонан соң ұрықтанған
ұрық жасушалары жатыр түтікшесінің ішінен жатыр қуысына жылжиды.
Жатыр түтігінде ұрықтанған ұрық жасушалары бөліне бастайды. Овуляция сәтінен 8-ші
күнге таяғанда ол ұрыққа айналады да жатыр қусына түсіп, ішкі қабатқа бекітіледі. Бұл
процесс имплантация деп аталады. Осылай жүктілік басталады.
Егер ұрық жасушасы еркектік жыныстық жасушаларын кездестірмесе, онда ол 12-24 күн
ішінде бұзылып, етеккір қанымен немесе жатырдың сілемейлі қабығымен жыныстық
жолдар арқылы ағзадан шығып кетеді. Әдетте етеккірлік цикл кезеңінде бір фолликул
жетіледі.
Сол уақытта жарылған фолликул басылып, оның қуысында шамалы ұйыған қан қалады
да жарылған орны қайта жабылады. Лютеиндеуші гормон гипофиздің әсерімен анабезде
«сары дене» атты уақытша эндокриндік без пайда болады.
Сары дене әдетте, 14 күн қызмет етеді, нақты айтқанда, етеккір циклының барлығы
екінші жартысын жүктілікті бір қалыпта ұстайтын прогестерон гормонын жасап
шығарады. Егер ұрықтаун процессі болмаған жағадйда, сары дене кері даму сатысына
түседі де прогестеронның қандағы деңгейі төмендейді. Осыған байланысты жатырда ішкі
88
қабаттың ажыратылуы – етеккірлік процесс өтеді, ал анабезде жаңа фолликулдың
жыныстық жетілуі басталады.
Анабезде сары дененің пайда болуына байланысты етеккір циклының екінші фазасы
лютеинді фазой деп аталады.
Етеккірдің басталуымен жаңа цикл пайда болып, жоғарыда қарастырылған процесстер
қайталанады.
Жыныстық жүйенің қызметін байланысты әйел өмірінде бірнеше кезең
анықталған. Оларды білу маңызды, себебі, әр кезеңде өзіне тәне әйелдік ағзаның
өзгерістер болып жатады. Бұл өзгерістер заманауи әйелден белгілі мінез-құлық
ережелерін сақтауды талап етеді.
Нәрестелік пен балалық шақ кезеңі 7-8 жасқа дейін жалғасады да біз тікелей сөз ететін
жыныстық жетілу кезеңі басталады.
Жыныстық жетілу кезеңі.
Уақыты бойынша 10 жылға дейін созылады, оны жас шекарасы 7(8) – 17(18) жас аралығы
болып есептелінеді. Осы уақыт бойы репродуктивтік жүйенің жетілуінен тыс әйелдік
ағзаның физикалық дамуы аяқталады: бойдың, түтік сүйектерінің өсуі аяқталады. Дене
бітімі аймағыны және әйелдік тип бойынша майлы тін бұлшықет тінінің орнығуы
қалыптасады. Жетілу процессі - ұзақ та күрделі процесс.
Жыныстық кемелдену кезеңі және репродуктивті кезең.
16(18) жастан 45 жасқа дейін 30 жылға созылады, тұрақты етеккірлік цикл мен ағзаның
тәжірибелік үнемі жүкті болуға дайын болуымен сипатталады. Бала көтеруге қолайлы дас
23-25 аралығы болып есептеледі. Дәл осы жасқа дейін қаңқалыө өсу аяқталады – сүйектің
өсу аймақтары жабылады да шын мәнінде кальций қажеттілігі төмендейді (өсіп келе
жатқан іштегі нәресте осы минералға мұқтаж екені жасырын емес қой, ал оны ол өз
анасынан алады).
Климактериялық кезең.
Әйелдің өміріндегі анабездің гормоналды қызметінің бірте-бірте таусылып, бала көтеру
қабілеті төмендеп, етеккірдің келуі азайып, орта есеппен 51 жас шамасында тоқтатылу
кезеңі. Осы кезеңнің жас шегі 45-69 жас. Соған байланысты жыныстық гормондардың
деңгейінің төмендеуіне байланысты ағзаның майлы, көмірсулар мен минералдарының
алмасуында өзгерістер болады.
48. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі.
Топтар келесідей сұрақтарға жауап беруге және талқылауға тапсырма алады:
Бірінше топ – қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер
мен мәселелерді атап шығу.
Екінші топ – ер балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер мен
мәселелерді атап шығу.
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартта жазылып, топтық жұмыстар
таныстырылады.
Таныстырудан кейін оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды қойып, пікірталас
жүргізеді:
•
Жасалынған тізімдерде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
•
Жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық және эмоциялы
өзгерістерді жеңу үшін бір жыныс өкілі екінші жыныс өкіліне қарағанда
көбірек дайын деп ойлайсыздар ма?
Оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарады.
89
49. «Ер балалар мен қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері» атты
мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының
шағын-дәрісі.
Мысал мазмұн.
Жыныстық жетілу – өте қиын процесс, ағзаның ересектікке апаратын физикалық,
психикалық және әлеуметтік қайта құрылуы.
Сөзшең, ақкөңіл және ашық бала аяқ астынан тік мінезді, күйгелек, дөрекі болып
кететінін жиі бақылауға болады. Бұл әдетте 10-15 жастағы балаларда кездеседі. Оның
мінез-құлқы ғана емес, сыртқы түрі де өзгереді. Олар тез өседі, арықтайды, ебедейсіз
болады, кейде бет терісін безеу басып кетеді. Жасөспірім шақта ағзада не болады?
Жасөспірім шақта балалық шақтан ересектікке өту әрекеті болады. Бұл кезеңде ағзада
жылдам гормондық қайта құрылу әрекеттері басталады: ішкі секреция бездерінің
тіршілігі күшейеді.
Дененің, барлық мүшелер мен тіндердің жылдам өсуі байқалады, бірақ дененің
әртүрлі бөлігінің өсу жылдамдығы әртүрлі болады. Бәрінен де көп байқалатыны - аяқ пен
қолдың өсуі. Дененің жеке бөліктерінің өсуінің әркелкілігі қозғалыстың уақытша
бұзылуына әкеледі – ебедейсіздік, оралымсыздық, шығыңқылық тудырады. 15-16 жастан
кейін бұл құбылыс жайлап жоғала бастайды.
Жасөспірімдердегі физикалық дамудың сыртқы көрінісіне ұзындық, дене салмағы
және көкірек қуысының маңайы жатады. Сонымен қатар, мүсіннің жағдайы,
бұлшықеттердің даму сатысы, бұлшық ет тонусы, тері астындағы май жасушаларының
дамуының үлкен маңызы бар.
Жасөспірім кезеңде дененің үйлесімділігі мен сыртқы бейнесінің жеке ерекшеліктері
біржола анықталады. Бұл кезеңде, ұлдарда ерте жастағы дөңгелек пішіндер жойылып,
арқа мен көкірек бұлшық еттерінің сұлбасы қалыптасады, тері асты майы қабатының
көлемі азаяды, дене мен аяқ-қол бұлшықеттерінің дамуына қатысты, бір уақытта бұлшық
еттердің салмағы айқын түрде ұлғая бастайды.
Қыздарда бұлшықет дамуы мен өсуімен қатар, тері асты майы қабаты бірқалыпты
ұлғаяды, оларда дененің жоғарғы жағы айқын үлкейеді, бөксесі жалпақтанады, бұдан
қыздың пішіні жұмыр бола бастайды.
Бұл жастағы адамның физикалық дамуына маңызды болып табылатын мұрагерлік
жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, сыртқы факторлар, экологиялық жағдай, тамақтану
мен демалыс режимі, физикалық және ақыл-ой еңбегінің ауысуы, белсенді қимыл және
басқалары әсер етеді.
Сіздердің құрдастарыңыз тартымды көрінгісі келгендіктен, сыртқы келбетіне көп
назар аударады, бұл кейде шектен де шығып кетіп жатады. Әлі жасөспірімдік даму
басталмаған 15 жасар ұл бала өзінің сыныбындағы қыздан 15 см кіші болуы мүмкін, ал 14
жасар қыз бала 165 см ұзындық пен 65 кг салмаққа тартуы да мүмкін. Осы себепті
көптеген жасөспірімдер ұялшақ және жасқаншақ болуы мүмкін, сондықтан физикалық
ерекшеліктер терең назар аудару мен зерттеуді қажет етеді. Жасөспірім қандай жолмен
болса да осы кемшіліктерден құтылуға тырысады, себебі осы бір жағымсыз, физикалық
стандарттан шеттеп қалу, оны құрдастарының әжуасына, мазағына қалдыруы мүмкін.
Сырт келбетіне деген мұндай көзқарастардың шоғырлану себебі, жасөспірім өзін жеке
тұлға деп сезінбейтіндігінен туындайды, сондықтан «Мен қалай көрінемін?», «Мені
басқалар қалай көреді?» деген сұрақтарды «Мен өзімнен не көрсете аламын?» деген
сұрақпен шатастырады.
Жасөспірім қыздар сүт бездерінің дамуын қатты сезеді, оны бақылап қана қоймай,
өзіндегі параметрлерді құрбыларынан және таныстарынан көру арқылы салыстырады.
90
(Ұлдар да құрбы қыздарының сүт бездерінің өсуін байқайды және кейде оларды
сыныптастарыныкімен салыстырып отырады; осы себептен қыздарда олардың өлшемдері
қысқа деген ыңғайсыз сезім туғызады).
Жасөспірім ұлдар мен олардың жолдастары ержету деп бойы өсу, бұлшықеттердің
ұлғаюы, сақалдың өсуі және дауыс тембрінің төмендеуін ұғады. Физикалық жағынан жай
дамыған жасөспірімдерге бұлшық етінің жетіспеушілігінен киім шешінетін жерде денесін
жалаңаштап, құрдастарының алдында мазаққа қалу қорқынышы белгілі. Көп жағдайда
бұл құбылыстарға байланысты физикалық және психикалық қамығулар жайлап
жоғалады, бірақ ерте жастағыларға бұл мәселелердің аса жоғары маңызы бар. Соңына
келгенде, әркімнің өз денесіне қатысты уайымдары толықтай орынды, себебі жастар
арасындағы қоғамда физикалық тартымдылық пен әлеуметтік статус тікелей байланысты.
Жасөспірім кезеңде ата-анаға аз тәуелді болу қажеттілігі пайда болады.
Жасөспірімдер ата-анасына қарағанда құрбы-құрдастарымен көбірек тілдеседі немесе
тәуелсіздікке жету үшін өзінің жүйесін құра бастайды. Жасөспірімдер мен ата-ананың
арасы алшақтай бастайды және жасөспірім тарапынан қарсылыққа да апаруы мүмкін.
Ұл балалардың жыныстық жетілуі.
Жыныстық жетілу кезеңінде бала ағзасында физиологиялық, сонымен қатар психо-
эмоциялы өзгерістер қатар жүреді. Дауыс ырғағы өзгереді. Дауыс кейде шайқалады,
сөздің немесе сөйлемнің ортасында өзінің биіктігін өзгертеді. Бұлардың себебі - дауыс
тізбегі мен көмекей шеміршегі өсунен немесе өзгерунен көрінеді. Ұма, аталықбез және
жыныс мүшесінің өлшемі ұлғаяды, жыныс мүшесінің айналасына түк өсе бастайды.
Қолтық асты бойында да түк өсе бастайды. Аяқтағы түктер түнереді және ұзара бастайды,
еріннің жоғарғы жағында және иекте қатты түк – болашақ мұрт пен сақал пайда бола
бастайды. Әдетте бұдан 20 жыл өткен соң көкірекке де түк өсе бастайды.
Қыздардағы алғашқы етеккір сияқты, ұлдардағы поллюцияның пайда болуы,
ересек сперматозоидтардың пайда болу процессі басталғанының айғағы. Олар 14-15 жас
аралығында байқалады және әдетте айына 1-2 рет болып тұрады. Поллюция бұл көбінесе
ұйқыда жатқанда ұрықтың еріксіз сыртқа шығуы.
Ұл балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары
10-11 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің өсуі;
11-12 жас – простатаның ұлғаюы, көмейдің өсуі;
12-13 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің айтарлықтай өсуі; қасада түктің өсуі;
13-14 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің бұдан былайғы өсуі, емшек облысының
тығыздалуы, дауыстың өзгеруінің басталуы;
14-15 жас – қолтықта түктің өсуі, дауыстың бұдан былайғы өзгеруі, бетте түктің пайда
болуы, ұманың пигменттелуі, алғашқы шәует шашу;
15-16 жас – сперматозоидтардың жетілуі;
16-17 жас – қасаның еркектерше түктенуі (түктің тігінен өсуі), барлық дененің түктенуі;
17-21 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.
Жыныстық жетілу кезінде ұлдар тез өседі. Осы кезеңде олардың бойы 20 см-ге ұзарады.
Бұл «бой шабысы» деп жиі аталады. Өте қысқа уақыттың ішінде бала 5-8 см-ге өсіп,
біршама уақытқа дейін оның денесі тек қол мен аяқтан тұратын секілденеді. Оның
қимылы дөрекі бола түседі, оған әлі үйренбеген денесін басқару қиынға түседі. Дененің
әртүрлі бөліктерінің тез, әркелкі өсуі, жасөспірімде ебедейсіздік пен абыржу туғызады.
Сонымен қатар қаңқаның еркек пішініне айналуы басталады: бұлшық еттер белсенді
дамиды, көкірек жасушаларының кеңеюі жүреді. Ұлдар салмақ қосады, сол себепті тері
асты майының қабаты кішірейеді. Жыныстық жетілудің барлық кезеңінде аталатын ішкі
91
секреция бездерінің күшейген тіршілік әрекеті, тері және май секрециясының
жоғарылағаны туралы ескертеді.
Қыздардың жыныстық жетілуі.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің репродуктивті жүйесінің басқа
жүйелерден айырмашылығы - ол ағза қайта жаңғыруға дайын болған 16-17 жасында
функционалдық белсенділіктің ең жоғарғы шегіне жетуі.
Әйел ағзасының тіршілігінде жыныстық жетілу маңызды кезең болып саналады.
Жыныстық жетілу кезеңіндегі қызды – сәбге де, бірақ әйелге де жатқызбайды. Ол кезең
жаспен есептегенде 7(8)-17(18) жас аралығындағы 10 жылды қамтиды. Жасөспірім
қыздарда сыртқы келбетінің өзгеруі басталады. Дене тез өседі, аяқтар айқын түрде
ұзарады. 13 жастан кейін дене басым түрде өседі. Бұл жастағы қыздар әдетте арық болып,
ата-анасының мазасыздануын тудырады. Шамамен 14 жастан бастап, бойдың өсуі сияқты
болмаса да, дене салмағы арта бастайды. Салмақтың артуы, эстрогендердің шығарылу
көзі болып есептелетін, жамбас, бөксе, іштегі (әйел тұрпатты) тері асты майының қабаты
дамиды. Бұл кезеңдегі дамуда қыздар ұлдарды қуып жетеді.
Қыз балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары
9-10 жас – жамбас сүйегінің өсуі, бөксенің дөңгеленуі, сүт бездерінің мардымсыз
көтерілуі;
10-11 жас – емшек бездерінің күмбез тәрізденуі («гүлшанақ» сатысы), шатта түктің пайда
болуы;
11-12 жас – сыртқы және ішкі жыныстық мүшелердің ұлғаюы, қынап эпителийінің
өзгеруі;
12-13 жас – емшек безіндегі без талшықтарының және оның айналасының дамуы,
емшектердің пигменттелуі, алғашқы етеккірдің пайда болуы;
13-14 жас – қолтықта түктердің өсуі, тұрақсыз етеккір;
14-15 жас – бөксе мен жамбас формасының өзгеруі;
15-16 жас – безеулердің пайда болуы, тұрақты етеккір;
16-17 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.
Қыздар жыныстық жетілу кезіндегі ағзада болып жатқан өзгерістерді түсінгені маңызды,
ол етеккір жайлы ақпараттарға қанық болу керек; ол пайда болғанда, болуы мүмкін
сырқаттарда не істеу керек екенін білуі керек.
Бозбала қыздар ағзасындағы етеккір кезеңінде болатын процесстердің мәнін түсінуі
керек. Қыздардың ағзасында болып жатқандарды түсіну, бозбалаларға қыздарға –
болашақ әйелдер мен аналарға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына жәрдемдеседі.
50. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі.
Топтар жасөспірім шақтағы жеке гигиена талаптарын құрастыру туралы тапсырма алады.
Бірінші топ – қыздарға арналған.
Екінші топ – ұлдарға арналған.
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады және топтық жұмыстар
презентацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |