«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


10. Шығармашылық тапсырма. 
Оқытушы  жұқпалы  ауру  тараған  жағдайдағы  жеке  бас  қауіпсіздігі  ережелерін 
құрастыруды сұрайды. 
Мүмкін болатын жауаптардың тізімі: 

  Азық-түлік  тағамдарын  жылумен  өңдеу,  ыдыс-аяқтарды  тұрмыстық  химия 
препараттарымен жуып, жақсылап шаю керек; 

  Тамақ алдында және дәретханаға барып-келген соң қолды жуу; 

  Жеміс-жидектерді қайнаған сумен жуу; 

  Суық  тиіп  ауырған  науқасқа  жеке  ыдыс-аяқ  беру  және  оны  залалсыздандырушы 
ерітінділермен жуып тұру керек; 

  Медицина қызметкерлерінің иммунизация туралы ұсыныстарын уақтылы орындап 
тұру қажет (екпе, анатоксин егу және т.б.); 

  Арнайы рұқсатнамасыз мекен-жайды тастап кетуге болмайды; 

  Мақта-дәкелік таңғыш тағып жүру; 

  Күн сайын мекемені залалсыздандырушы ерітінділермен тазалап тұру; 

  Қайнаған суды ғана ішу керек. 
Қоршаған ортаның  зиянды  факторларының әсерінің алдын алу  шараларын жеке 
атап өтсек: 
Ауа.  Үнемі  желдетіп  тұру  режимін  сақтаңыз.  Оқу  орындарында,  тұрғын  үйлерінде 
ауаның кварцтануы болады. 
Жабық  мекемелердегі  іс-шараларға  баруды  шектеңіз  (цирк,  кинотеатр,  дискотека). 
Жұқпаның нақты белгілері бар адамнан кем дегенде 1 метр қашықта болыңыз. 
Топырақ.  Жеке  гигиена  ережелерін  сақтаңыз.  Жұмыстан  кейін, көшедегі  ойыннан  соң, 
дәретханадан шыққан соң, тамақтанар алдында үнемі қолыңызды жуыңыз. 
Бұл  өткір  ішек  сүзегінен,  вирустық  инфекциялардан,  паразитті  және жұқпалы  тері 
ауруларынан сақтанудың алтын ережесі. 
Су.  Ішуге  тек  тексерілген  су  ғана  жарамды.  Ашық  су  қоймаларынан,  бұлақтан  және 
құдықтардан су ішу санитарлық талаптарға сай емес және ішуге жарамсыз деп есептеледі. 
Азық-түлік  тағамдары.  Азық-түліктің  сақталу  ережесі  мен  мерзімін  қатаң  сақтаңыз. 
Сатып алған кезде сапа сертификатын талап етіңіз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан 
азық-түлік алмаңыз. 
Айналамыздағы  заттар  –  ойыншықтар,  есік  тұтқалары,  сатының  жақтаулары,  ақша, 
ұялы  телефондар,  үй  жануарлары  және  құстар  жұқпаның  таралу  факторлары  болуы 
мүмкін.  Оларды  ұстағаннан  соң  қолды  сабынмен  мұқият  жуыңыз.  Үй  жануарлары  мен 

53 
 
құстары, тұрақты түрде жылына кем дегенде 1 рет ветеринарлық маманның бақылауынан 
өту керек. 
Қаңғыбас  жануарларды,  ауру  және  өлі  жануарлар  мен  құстарды  жалаңаш  қолмен 
ұстамаңыз. 
11. Қорытындыға арналған қосымша материалдар. 
Материалды қорыту үшін оқытушы бірнеше жаттығу өткізеді. 
«Шатасу» жаттығуы. 
Сөйлемдегі  сөздердің  орны  ауысып  кеткен.  Сөздерді  керекті  орнына  қойып,  сөйлемнің 
бастапқы қалпына келуіне көмектесіңіздер. 
1. Ауа-тамшы, арасында, жұқпа, аурулардың, ең, тұмау бұл, жұқпалы. 
2. Науқас, ошағы, болып саналады, жұқпаның, адам. 
3. Құқық, адам, ауруханалық, есептеледі, жұмыс істеуші, парақтарды, қолдануға. 
Кроссвордты шешу. 
 
1. Кір қолдан жұғатын ішек жұқпасы. 
2. Сапасыз азық-түлікті қолданудан болатын ауру. 
3. Жұқпалы аурумен ауырған науқастың барлық заттарын және пәтерін өңдеу. 
4. Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет тудыратын инъекция (укол) (орысша нұсқасы). 
5. Бауырды зақымдайтын вирустық ауру. 
6. Тұрғындардың жаппай жұқпалы аурумен ауыруы.
7. Қатты қышыну әсерін тудыратын жұқпалы тері ауруы (орысша нұсқасы). 
Жауаптары. 1. Дизентерия. 2. Ботулизм. 3. Дезинфекция. 4. Прививка (екпе). 5. Гепатит. 
6. Эпидемия. 7. Чесотка (қышыма). 
«Лото» жаттығуы. 
Оқытушы  еріктілерге  «Науқасты  күту  ережелері»  деген  тақырыпқа  сұрақтар  бар 
карточкалар  таратады.  Ойынның  ережесі  мынадай:  оқытушы  сұрақты  оқығанда,  оқушы 
дұрыс  жауапты  таңдап,  оны  өзінің  карточкасымен  жауып  қояды.  Егер  жауабын 
білмесеңіз, бұл сұрақты өткізіп жібересіз. 
«Науқасты күту ережелері» карточкасындағы сұрақтар: 
1. Науқас қандай азық-түліктермен тамақтануы керек? 
2. Науқастың таблеткалар мен микстураларды пайдалану жиілігі қандай болу керек? 
3. Науқастың қызуын күніне қанша рет өлшеп отыру керек? 
4. Науқастың бөлмесінде гигиеналық тәртіптің қандай ережелерін сақтау керек? 
Күніне 2-3 рет 
Қызуын 
өлшеген 
соң 
Аптасына  бір  рет 
шаңдарды сүрту 
Сапалы 
Күнделікті желдетіп 
тұру, ылғалмен 
сүрту 
Кез-келген 
азық-
түлікпен 
Сағат сайын 
Дәрігердің 
рұқсатымен 

54 
 
Жауаптар: 1. Сапалы. 2. Дәрігердің рұқсатымен. 3. Күніне 2-3 рет. 4. Күнделікті желдетіп 
тұру, ылғалмен сүрту. 
12. Сабақты қорытындылау. 
Сабақ  соңында  оқытушы  қорытынды  шығарып,  оқушылардан  сабақтың  қай  бөлігі 
қызықты болғанын сұрайды. 
Содан кейін оқытушы берілген жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытынды шығарады: 
Біздің  әлемімізде  шапшаң,  үнемі  күйзеліс  пен  айналамыздың  ластануынан  тұратын 
өмірімізде  денсаулық  мәселесі  өте  маңызды  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда,  бұрынғыға 
қарағанда денсаулығымызға көп көңіл бөлуіміз керек, ерте ме, кеш пе біз өте қарапайым 
шындықты  түсінеміз:  түрлі  аурулардан  емделіп,  оған  қаражат,  көп  уақыт  құртып, 
жүйкемізді жұқартқанша, деніміз сау болып жүрген жақсы. 
Модуль 5.  
Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат). 
Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде  (2 сағат). 
Мақсаты:  
Отбасының  адам  өміріндегі  рөлін  және  болашақ  отбасылық  қарым-қатынастарды 
жоспарлау жауапкершілік сезімін оқушылардың түсінігінде қалыптастыру. 
Міндеттері: 
Отбасының адам және қоғам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.  
- Отбасы институтына, ата-анаға және отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін, отбасы 
мүшелеріне қатысты жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. 
-  Ерте  некеге  тұру  мен  адам  құқықтарының  бұзылуы  арасындағы  өзара  байланысты 
көрсету. 
- Ата-ана жауапкершілігі түсінігін ашу.  
- Некеге тұру және ата-ана болу жауапкершілігін қалыптастыру. 
- Болашақ отбасын құру дағдысын қалыптастыру. 
Түйінді  сөздер:  отбасы;  отбасылық  құндылықтар;  отбасының  адам  өміріндегі  рөлі; 
отбасының  қоғамдағы  рөлі;  отбасы  құрылымы;  жауапкершілік,  құқық,  отбасы 
мүшелерінің  міндеті;  ерте  некеге  тұру;  гендерлік  теңдік;  адам  құқығының  бұзылуы; 
болашақ отбасы; жауапты, жыныстық өмір мәселелері; отбасы мүшелерін қолдау қызметі. 
Сабақты  жүргізу  әдістері:  эссе  жазу,  ми  шабуылы,  шағын-дәріс,  кіші  топпен  жұмыс, 
пікірталас, рөлдік ойын, синквейндер құрастыру. 
Жабдықтар  мен  материалдар:    флипчарт  (магнитті  тақта);  флипчартты  қағаз; 
маркерлер;  мультимедиапроектор;  «ашық  сырлар  парақтары»;  қағаз  парақтары  (А-4); 
мақұлдау парақтары; жағдайдың тақырыптары жазылған карточкалар. 
Дайындық жұмысы: мұғалім оқушыларға алдын ала осы сабаққа байланысты «Отбасы 
адамға  не  үшін  қажет?»  деген  тақырыпта  шығармашылық  тапсырма  жазу  үшін  эссе 
береді (7-10 сөйлем). 
Сабақ барысы 
1Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды. 
2. Жаттығу. 
Оқытушы  оқушылардан  «отбасы»  сөзі  оларда  қандай  ұқсастықтарды  тудыратындығын 
ойлануын  сұрайды.  Оқушылар  әр  қайсысы  тізбектеліп,  екіден  асырмай  ұқсастықтарды 
атайды. Ұқсастықтар қайталанбауы тиіс. 
Мәселен: жылу мен жайлылық; достық пен махаббат; қолдау көрсету мен қамқор болу; 
өзара түсіністік пен көмек және т.б.  

55 
 
3. Жаттығу.  «Отбасы туралы мақалдар мен мәтелдер». 
Оқытушы оқушылардан отбасы туралы мақалдар мен мәтелдерді еске түсіріп және 
айтып беруін сұрайды. Мысалы: 

  Отбасы жоқ адам тамырсыз ағашпен тең. 

  Шаңырағы бірдің отбасы берік. 

  Бірліксіз отбасында береке болмайды.  

  Отбасы – бақыттың тірегі.  

  Жақсы отбасыдан жақсы балалар өсіп шығады. 

  Махаббат пен кеңес бар жерде қайғы болмайды. 

  Отбасындағы татулық қазынадан да асыл. 

  Ұқыпты үйде – тоқшылық, жалқау үйде - жоқшылық.  

  Отбасында ауызбіршілік болмаса, береке болмайды. 

  Тату отбасына бақыт әрқашан жол табады. 

  Отбасында араздық болса, берекеге орын жоқ. 

  Бірлігі жарасқан отбасына бұлт төнбес.  

  Тұспалдаушылықтар мен жазғырулар – отбасындағы ақау. 

  Тату отбасына күннің суығы да ызғарын тигізе алмас.  

  Өз шаңырағыңда қабырғаң да көмекшің. 

  Тату отбасын мұң шалмас. 

  Отбасында келісім болса, ісің алға басар. 

  Төрт құбыласы түгел отбасының көңілі тоқ. 

  Жақсы отбасының ақылы артар. 

  Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 

  Әке – асқар тау, шеше – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. 

  Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.  

  Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 

  Ұлым – қолымдағы қуатым, қызым – асыл қазынам. 

  Әкеге қарап ұл өсер. 

  Ағайын тату болса – ат көп болар, абысын тату болса – ас көп болар.  

  Үйіңнің жылы не суықтығын – қыс түскенде білерсің, кімнің жақын, кімнің алыс 
екендігін – басыңа күн туғанда білерсің. 
4. «Адамға отбасы не үшін қажет?» эссесін талқылау. 
Оқытушы оқушылардан алдын ала тапсырылған «Отбасы адамға не үшін қажет?» 
тақырыбында жазылған эссені оқуын сұрайды.  
Талқылаудан кейін оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды. 
Отбасы адамға не үшін қажет деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен біз не үшін 
өмір  сүріп  жатқандығымыз  туралы  ойлануымыз  қажет.  Көп  адамдар  өмірде  барлық 
нәрсені  көру,  тырысып  бағу  қажеттігін  алға  тартады,  бәрін  көріп,  барлық  орындарда 
болып, ұмытылмас әсер алу керек дейді...  Бірақ бұл бәрі емес. Ең бастысы бұл өмірден 
елеусіз  өтпей,  ұрпағыңды  абыроймен  жалғастыратын  өзіңнің  бір  бөлшегіңді  –  ұлыңды, 
немереңді қалдыру,  яғни  артыңнан  із  тастау.  Жай  отбасын  құрып  қою  ғана  жеткіліксіз. 
Барлық  отбасы  мүшелерімен  жылы  қарым-қатынасты  сақтап,  балаларға  жақсы  тәлім-
тәрбие беру маңызды. Отбасы адам үшін үнемі тірегі мен сүйеуі болуы керек. Әрқашан, 
әр  түрлі  жағдайда  пайдалы  кеңес,  қолдау  мен  көмек  алу  үшін  отбасындағы  сенімді 
қарым-қатынастан жақсы ештеңе жоқ.   
Өкінішке орай, барлық отбасында өзара түсіністік әрқашан бола бермейді, туыстар 
кейде ортақ тіл табыса алмай әркім өзі жеке өмірімен өмір сүреді. Бұл мәселеден құтылу 
үшін біздің өміріміздегі отбасының ең басты мәнін-мағынасын ұғыну керек. Әрбір адамға 

56 
 
оның  жақындары  мен  туыстарынан  артық  ешкім,  ешқашан  оны  жақсы  көре 
алмайтындығын және бағалай алмайтындығын түсіну қажет.   
 
5. «Отбасының адам өмірі мен қоғамдағы рөлі» мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. Отбасы құрылымы.  
Мысал мазмұн. 
«Отанға  деген  махаббат  отбасынан  басталады»,  -  бұл  сөздерді  кезінде  философ 
Френсис  Бэкон  айтып  кеткен,  ол  қоғамда  отбасының  қалыптасуы  үдерістері  кезінде 
қандай үлкен рөл атқаратындығын көрсетіп отыр.     
Дәл отбасы – бұл біздің бірінші қоғамымыз болып табылады. Біз онда өміріміздің 
алғашқы  жылдарын  өтікземіз,  ол  кездері  өмірлік  құндылықтар  мен  басымдылықтары 
қалыптасады,  сондай-ақ,  әлеуметтік  мінез-құлық  нормалары  құрылады.  Нақ  отбасы 
мүшелерінің  өзі  адамның  әлеуметтенуінің  негізгі  бастама  нүктелерін  береді:  алдымен, 
бұл ата-аналар, сонан соң отбасының басқа да мүшелері.  
Отбасы  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының  маңызды  құраушысы  болып 
табылады,  бұл  қоғам  жаңғыруын  қамтамасыз  ететін  негізгі  әлеуметтік  институт.  Жай 
сөзбен  айтқанда  –  отбасы  біздің  өмірімізде  алғашқы  орындардың  бірін  алады  және 
отбасыдан қымбат, маңызды ешнәрсе жоқ.  
Отбасы  –  келесідей  тұрақты  ажырамас  белгілермен  сипатталатын 
қоғамның негізгі (базалық) ұяшығы: 

  еркек пен әйелдің одағымен; 

  некеге тұру еріктілігі; 

  отбасы мүшелерінің тұрмыстық ортақтықпен байланыстылығы; 

  некелік қарым-қатынасқа түсу; 

  балалардың  туылуына,  оларды  әлеуметтендіруге  және  тәрбиелеуге  ұмтылу.
 
Отбасы маңызды қоғамдық құндылықтарға жатады.   
Адам  өмірлік  кезең  сатыларында  оның  міндеттері  мен  отбасындағы  мәртебесі 
біртіндеп  өзгере  бастайды.  Ересек  адам  үшін  отбасы  -  оның  бірқатар  талаптарын 
қанағаттандырудың  көзі  және  оған  әр  түрлі  және  едәуір  қиындау  тапсырмалар  беретін 
шағын  ұжым  болып  табылады.  Сәби  үшін  отбасы  –  физикалық,  психикалық,  эмоциялы 
және интеллектуалды даму жағдайлары жиналатын орта.      
Отбасы – бұл тұрмыстық ортақтық пен өзара жауапкершілікпен байланысты  неке 
мен  қандық  туыстыққа  негізделген  адамдардың  бірігуі.  Отбасы  ғасырлар  бойы  үлкен 
құндылық ретінде құрметтеліп келді, әсіресе, адам қиын жағдайларда тіршілік ету үшін 
күресуде үлкен ұжымға мұқтаж болды.   
Заманауи қоғамдағы отбасы:   
1. Негізінде эмоциялы сезімі бар туыстас одақ – махаббат (алдымен жұбайлық, сонан соң 
ата-аналық,  ұл  перзенттік  немесе  қыз  перзенттік).  Эмоциялы  жақындыққа  негізделген 
отбасылық  қатынастар  қоғамның  ең  қорғансыз  мүшелеріне  –  қарттар  мен  балаларға 
қамқорлықтың жасалуына түрткі болады.  
2.  Отбасында  халық  жаңғыруының  маңызды  биологиялық  және  әлеуметтік  міндеттері 
атқарылады.   
3.  Отбасында  тәрбие  беру,  яғни  жаңа  ұрпаққа  тәжірибе,  белгілі  бір  тіректер  мен 
құндылықтарды  беру  жүзеге  асырылады.  Отбасылық  игі  дәстүрлер  –  қоғамның 
тұрақтылығы мен ізгілігінің көзі. 
 
 
 

57 
 
Отбасы құрылымы 
Отбасы құрылымы мен құрамының көптеген әр түрлі нұсқалары бар:    
-  «нуклеарлық отбасы» күйеуі, әйелі мен олардың балаларынан тұрады; 
-  «толысқан отбасы» -  ерлі-зайыптылар жұбы мен олардың балалары, оған қоса басқа 
ұрпақтың  туыстарынан,  ата-аналарынан  тұрады,  мысалы:  отбасының  құрылымын 
құрайтын  әжесі,  атасы,  ағасы,  жеңгесінен  тұрады  және  олар  бір-бірімен  тығыз  қарым-
қатынаста болады;
-  «аралас  отбасы»  ажырасқан  адамдардың  некесінің  салдарынан  түзілген  «қайта 
құрылған» отбасы болып табылады. Аралас отбасы өгей ата-ана немесе өгей балалардан 
тұрады, өйткені, әуелгі некенің балалары отбасыға жаңа мүше ретінде қосылады; 
-  «жалғызбасты ата-ананың отбасы» мұнда ажырасудың, жұбайының кетіп қалуы немесе 
қайтыс  болуынан,  я  болмаса  неке  қиылмағандықтан    шаруашылық  істерін  тек  бір  ғана 
ата-ана (анасы немесе әкесі) атқарады.   
Отбасы  құрылымының  сипаты  әлеуметтік-тарихи  жағдайлардың  сипатымен 
анықталады: қоғамдағы әйелдердің теңсіздігі оның отбасында да теңсіздікке тап болуына 
әкеледі.  Қоғамдағы  иерархиялық  (төмендегілердің  жоғарыдағыларға  бағынуы)  қатынас 
отбасында да иерархиялық қатынасты тудырады.   
Отбасы түрлері: 
партриархалды отбасы, мұнда отбасы мемлекетінің басшысы болып әкесі табылады; 
матриархалды, мұнда үлкен абырой мен ықпалға анасы ие; 
-  эгалитарлық  (тең  жұбайлық)  отбасы,  мұнда  айқын  белгіленген  отбасының  басшысы 
жоқ, әкесі мен анасының арасында билік жағдайға сай бөлінеді.  
 Отбасылық қарым-қатынастардың 2 түрін бөліп көрсетуге болады. 
1.  Авторитарлық  (жетекшілік),  мұнда  отбасындағы  барлық  жетекшілік  пен 
ұйымдастыру жұмыстары отбасының барлық мүшесінің қолына тапсырылған.   
2.  Екінші  –  демократиялық  (серіктесік),  мұнда  міндеттердің  теңдей  бөлінуін, 
отбасы мәселелерін шешуде бірдей қатысуды мақұлдайды, айтарлықтай ілгерілік бар.   
Соңғы  уақытта  жұбайлар  арасындағы  қатынаста  теңдікті  қалаушылар  көбейіп 
келеді.  
 
6. «Ми шабуылы». Отбасы құндылықтары туралы түсінік. 
Сұрақ: Отбасы құндылықтары деген не? Оларды атаңыздар. 
Оқушылар  жауап  береді,  олардың  жауаптары  тақтаға  жазылады.  Сонан  соң  оқытушы 
оқушыларды анықтама жасауға жинайды: 
Отбасы  құндылықтары  —  бұл,  барлық  отбасы  мүшелері  құрметтейтін,  бағалайтын 
маңызды, олардың қызығушылықтарының ортақ алаңы.  
Көбісі үшін отбасы құндылықтары шамамен бірдей: махаббат, ата-аналық ету, адалдық, 
сенім,  өзара  сыйластық,  қайырымдылық,  ата-аналармен  байланыс,  үй...  Бір  сөзбен 
айтқанда, онсыз отбасын отбасы деуге болмайтын барлық нәрселер. Отбасының өзі осы 
жағдайларды жинақтаушы элемент болып табылады, ол да құндылық!  
7. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы құндылықтарын саралау. 
Оқушылар  4-5  адамнан  тұратын  топтарға  бөлінеді.  Оқытушы  әрбір  топқа  тақтада 
жазылған отбасы құндылықтарын саралауын сұрайды. Сонан соң талқылау басталады. 

58 
 
Үлгі жауаптар: 

  Махаббат    

  Қатынастарда өтіріктің болмауы    

  Өзара түсіністік    

  Құрмет    

  Ортақ қызығушылықтар    

  Тұрақты жыныстық өмір    

  Балалар    

  Материалдық ауқаттылық    

  Туысқандар    

  Өзара сенім    

  Келісімге келе білу.   
8. «Ми шабуылы». Отбасы міндеттері. 
Сұрақ: Отбасы қандай міндеттерді атқарады? 
Оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды. 
9. «Отбасы міндеттері» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Отбасы – әр түрлі міндеттердің бірқатарын толықтай атқаратын күнделікті өмірде 
адамдар арасындағы қатынастың тұрақты жүйесі. 
Отбасы  міндеттері  –  оның  мүшелерінің  белгілі  бір  қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен тікелей байланысты отбасының тіршілік іс-әрекетінің аясы.  
Отбасы  мүшелерінің  қанша  қажеттілік  түрлерін  қанағаттандыра  алатын  болса, 
отбасында сонша міндеттер бола алады.  
Отбасының  репродуктивтік  міндеті  –  өмірдің  биологиялық  жаңғыруы, 
балалардың туылуының арқасында үздіксіздікті қолдау. Ол адамның ұрпағын жалғастыру 
үшін қажет.  
Отбасының  әлеуметтік-демографиялық  (халықтың  жаңғыруы)  міндеті.  Қоғам 
алдыңғы ұрпақтың санына қарағанда қазіргі ұрпақтың санының көп болуына терең көңіл 
бөлуде.  Бұл  адамның  адамгершілік-эмоциялы  қажеттілігі  де  болып  табылады.  Отбасы 
баласыз кеміс.  
Балалардың алғашқы әлеуметтену міндеті – қоғамдағы отбасына баланы жайлап 
кіріктіру, бұл қоғамға тән барлық заңдылықтармен оны таныстыру.  
Бала  туылған  күнінен  бастап,  әсіресе  алғашқы  туылған  жылдардан  бастап 
анасымен  және  әкесімен  жеткілікті  түрде  психоәлеуметтік  байланыста  болса  үйлесімді 
жеке  тұлға  болып  өседі.  Баланы  тәрбилеуде,  әсіресе,  туылған  сәтінен  бастап  оны  жеке 
қарым-қатынас  жасаудан  айырса,  онда  балада  физикалық  және  жүйкелік-психикалық 
дамуының  тежелуі  байқалады.  Ондай  балалар  қоғамдағы  өмірге  бейімделуде 
қиындықтарды сезінеді. 
Отбасының тәрбиелеуші міндеті  алдыңғысына жақын.   
Отбасы  махаббат  сезімін  ұластырады,  ата-аналар  мен  балаларда  сенім, 
бауырбасушылық  сезімдерін  қалыптастырады,  әсіресе,  отбасылық  қатынастардың 
эмоциялы негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, қарттар мен жас балаларға 
қамқор болу деген сияқты адамгершілік сезімдердің тәрбиеленуінде отбасының рөлі өте 
үлкен.    
Дұрыс  жынысық  тәрбиені  бәрінен  бұрын  отбасы  беруі  керек,  себебі,  дұрыс 
сексуалды бағдар – бұл репродукивті денсаулықты сақтаудың кепілі.  

59 
 
 Отбасы  балаға  эмоциялы  жайлылық  пен  қорғанушылық  сезімін  береді.  Тілдесу, 
қызметтік  іс-әрекет,  марапаттау,  жазалау,  тәртібін  бағалау  арқылы  әсер  ету  –  дұрыс 
тәрбиелеудің кепілі.    
Өкінішке орай, қазіргі уақытта отбасының тәрбие беру потенциалының төмендеп 
кеткендігін байқауға болады.  
Отбасының  демалыс  уақыты  міндеті  де  адамгершілік  тәрбие  беруге  септігін 
тигізеді. Демалыс уақыты – бұл балалардың дамуы үшін маңызды эмоциялы, тәрбиелеуші 
жағдай.  Ата-аналарымен  өтікізілетін  уақыт  балалардың  адамгершілік-эстетикалық, 
мәдени деңгейін көтеру үшін, олардың рухани дамуы үшін аса маңызды.  
Қоғамдық  тәрбие  қосымша  болып  табылады,  егер  отбасы  берекесіз  болса,  онда 
отбасы тәрбиесін де алмастырады:  
-  жанжалды  отбасы,  мұнда  отбасыішілік  жанжал  болады  (ата-аналар  арасында,  ата-
аналар мен балалары арасында және т.б.). 
-  ұйымдаспаған  отбасы,  мұнда  отбасыішілік  қатынастарда  қысым  байқалады; 
жұбайлардың  қоғамдық  талаптар  мен  ережелерге  жауап  беретін  құнды  бағдарларының 
бұзылуымен  жиі  толығып  отыратын  ортақ  өзара  түсіністік  пен  қызығушылықтардың 
болмауы. 
 Отбасындағы жағымсыз зардаптар мен берекесіздіктің балаға әсері – психикалық 
ақаулар,  қиын  мінез-құлық,  әлеуметтік  бейімделушіліктің  болмауы  және  девианттық 
тәртіп, бұлардың әсерінен тек отбасы ғана емес, қоғам да толығымен зардап шегеді.   
 
Экономикалық  және  шаруашылық-тұрмыстық  міндет  отбасының  биологиялық 
өмір сүруін (тамақ, тұратын жер, киім және т.б.) қамтамасыз етуден тұрады. Отбасындағы 
өмір  ең  алдымен  тұрмыстың  материалдық  қамтамасыз  етілуінен,  еңбекке  жарамсыз 
туыстарға  бірігіп  материалдық  қамқорлық  көрсетуден,  жасөспірімдерді  қолдаудан 
тұрады.   
Медициналық міндет немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау 
ең алдымен профилактикалық сипатпен көрсетіледі. Ол салауатты өмір салтын сақтаудан, 
зиянды  әдеттерден  бас  тартудан,  белсенді  демалыстан,  гигиеналық  дағдыларды 
меңгеруден  және  сауықтыру  іс-шараларын  жүргізуден  тұрады.  Отбасы  мүшелері 
денсаулық  мәселелері  туралы  ақпараттармен  қамтамасыз  етілуі,  уақытылы  көмек  пен 
кеңес алу үшін меджұмысшыларға барып, олардың тағайындалымдарын орындауы қажет.   
Жиынтықтағы  аталған  міндеттер  отбасылық  қатынастар  жүйесін  көрсетеді. 
Отбасы міндеттерінің қайсы-біреуін елемеу немесе орындаудан бас тарту отбасылық өмір 
салтын бұзады.  
10. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды топтарға бөледі. Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: бір 
бағанға - қоғам әдетте қыз балаларға беретін қасиеттерді, екінші бағанға – ұл балалардың 
қасиеттерін  жазу.    Каждой  группе  дается  задание  записать  в  один    столбик  качества,  
которые обычно приписываются   обществом девочкам, а в другой столбик – мальчикам. 
Сонан  соң  топтар  өз  жұмыстарын  таныстырады.  Оқытушы  талқылауды 
ұйымдастырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасайды.  

60 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет