«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата22.11.2019
өлшемі1,79 Mb.
#52298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістеме валеалогия WEB


 
 Шағын топтардағы жұмыс. 
     Оқытушы оқушыларды 3-4 адамнан тұратын шағын топтарға бөледі. Әр 
топқа  карточкалардан  немесе  таза  парақтардан  таратып,  жыныстық 
қатынастан  бас  тарту  себептерін  ұсынады.  Осыдан  кейін  оқытушы:  «Сіз 
«Жоқ» деп жауап беріп қойдыңыз делік, бірақ сіздің әр жауабыңызға әлдекім 
дәлел  тауып  немесе  наразылық  білдіріп,  сізді  «Иә»  деп  айтқызғысы  келеді. 
Келіңіз  серіктесіңізді  ренжітпей  өз  ұстанымыңызды  жақтап  шығуды 
үйренейік».  Оқытушы  оқушыларға  парақтың  сәйкес  тұстарын  жыныстық 
қатынасқа итермелеу дәлелдерін жазып шығу ұсынылады. 
Қатысушылар беруі мүмкін жауаптар: 

36 
 
Бас тарту себептері                                    Жыныстық қатынасқа итермелеу                                                                          
үшін кім не айтады 
________________________________________________________________
 
 
Жүкті болу қаупі 
 
АИТВ және басқа ЖЖБЖ-ды жұқтыру қорқынышы 
Ата-ананың құптамауы 
Жыныстық қатынасқа дайын еместік 
Мас серіктеспен қаламаймын 
 
Бірінші реттен жүкті болу мүмкін емес 
Мен ауру еместігіме сенімдімін 
 
Сенің ата-анаң білмей қалады 
Барлығы осыны істейді. Сен солардан қаласың ба? 
Кел бірге ішейік. Бұл сенің көңіл-күйіңді өзгертеді 
Мәжбүрлеуді қаламаймын 
 
 
Осы адамды жақсы көретініңізге сенімді емессіз 
________________________________________________________________ 
Өмірде барынша көп кездесетін, болуы мүмкін жағдайларды қамту керек. 
Жыныстық  өмірді  бастауды  саналы  түрде  шегеру  ақылға  қонымды  екеніне 
жастардың көзін жеткізуге көмектесу керек. 
 
27.
«Жүрекше» ойыны
        
  Оқытушы  оқушыларға  жыныстық  қатынассыз  махаббат  сезімдерін  білдіру 
формаларын ойлап тауып, атауларын ұсынады. 
Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздан қырқып жасалған «жүрекшелер» таратылады 
және  әр  қайсысы  осы  жүрекшеге  өз  ұсынысын  жазады.  Осыдан  кейін  барлық 
жүрекшелер  флипчартқа  жапсырылады,  оған  жазылған  ұсыныстар  дауыстап 
оқылады  да,  жалпы  бірге  талқыланады.  Жауаптардың  мүмкін  нұсқалары:  гүлдер, 
өлеңдер, кездесулер, сүйісу, би кешіне бару, кинофильмдер көру, т.б. 
 
28.
Ұжымдық жұмыс.
   
    Оқытушы  тақтаға  мына  сөйлемді  жазады:  «Қауіпсіз  жыныстық  қатынас 
дегеніміз  –  бұл  ...».  Оқушыларға  сөйлемді  аяқтап,  өз  нұсқаларын  таратылған  қағаз 
парақтарына  жазып  шығу  ұсынылады.  Осыдан  кейін  оқушылар  өз  парақтарын 
бүктеп,  ортаға  «тренинг  шеңберіне»  тастайды.  Оқытушы  жауапты  араластырып 
оқуышыларға  бір-бірден,  бірақ  енді  басқа  оқушының  жауаптарын  алуды  сұрайды. 
Оқушылар таңдап алынған жауаптар нұсқаларын оқып шығады. 
    Қауіпсіз жыныстық қатынас – бұл тек қана мүшеқапты пайдалану емес, бұл ең 
алдымен  жыныстық  қарым-қатынасты  шегеріп,  жыныстық  серіктеске  деген 
адалдықты сақтап қалу екеніне назар аударыңыз. 
 
29. 
Топтардағы жұмыс. 
   
Оқытушы  оқушыларды  екі  топқа  бөледі  және  талқылауға  «Қауіпті  жыныстық 
байланысты  тәжірибелейтін  жастар  қандай  тәуекелге  барады?»,  «Қорғанбаған 

37 
 
жыныстық  қатынасты  тәжірибелейтін  бойжеткендер  қандай  тәуекелге  барады?»  - 
деген сұрақтарды таратады. Мұндай топтық жұмыс, жыныстық тәртіптің тәуекелді 
дәрежесін ұғынуға көмектесу үшін өткізіледі. 
Әр  топтың  жұмыс  нәтижелері  тыңдалып,  жауаптар  толықтырылып,  оқытушы 
қорытынды жасайды. 
АИТВ, ЖЖБЖ-ды жұқтырудан басқа, осындай қарым-қатынастың салдары бедеулікке, 
түсікке  әкеліп  соқтыратын  жыныс  жүйесінің  қабыну  аурулары,  сонымен  қатар,  екі 
серіктестің  екеуі  де  жауапкершілік  артатын  қаламаған  жүктіліктің  болуы  мүмкін 
екеніне жіті назар аудару қажет.
30.
Жекеше жұмыс. «Келісемін – келіспеймін» жаттығуы. 
Оқытушы  әр  оқушыға  «Тәуекелді  таразылау»  кестесін  таратып,  оны  толтыруды 
сұрайды.  Сұрақ  алу  нәтижесі  бойынша  оқушы  өз  бетімен  мына  сұраққа  жауап  бере 
алады: «Мен өзімді жауапты адаммын деп есептей аламын ба?». 
 
Егер де сіз жасалған мақұлдаулармен келіссеңіз «Иә» деген қатарға белгі қоясыз, егер де 
жауап беруге қиналсаңыз «Жоқ» және «?» қатарын белгілейсіз. 
«Иә» - 3 ұпай, «Жоқ» - 2 ұпай, «?» - 1 ұпай. 
 
 
Иә 
Жоқ 

Мақұлдау 
 
 
 
  Мен өз денсаулығымның қамын ойлаймын (мысалы, тартаймын, 
сірткі қабылдамаймын) 
 
 
 
  Мен  АИТВ  мен  ЖЖБЖ-дың  қалай  таралуын  және  өзімді 
ұқпадан қалай қорғау керек екенін білемін 
 
 
 
  Менің өмірімнің осы кезеңінде жыныстық қатынас болмайды. 
 
 
 
  гер де мен ауырып қалған жағдайда маған екпелер қажет болса, 
ен тек бір-ақ рет қолданатын шприцтерді қолданамын 
 
 
 
5. Мен  жыныстық  қатынаспен  айналысуды  шешсем,  онда 
мен мүшеқапты қолданамын 
 
 
 
6. Мен  жыныстық  қатынаспен  айналысуды  шешсем,  онда 
менде тек жалғыз серіктес болады 
 
 
 
7. Егер  де  мен  АИТВ  немесе  ЖЖБЖ-ды  жұқтырған 
болсам, мен ата-анама айтқан болар едім. 
 
 
 
8. Мен  залалсыздандырылмаған  аспаптарды,  татуаж, 
пирсинг, т.б. пайдаланбаймын 
Жалпы көрсеткіш____________ұпай 
Жауапкершілік көрсеткіштері: 
21-24 ұпай  – өте жауапты 
18-20 ұпай  – жеткілікті 
14-17 ұпай – белгілі дәрежеде жауапты 
10-13 ұпай  – аса жауапты емес 
10 ұпайдан кем – сіз тәуекелге барудасыз! 

38 
 
31.  Тәжірибелік  дағдыларды  қалыптастыру  –  әртүрлі  өмірлік  жағдайларда 
«Жоқ» деп айта алу мүмкіншілігі. 
 
 
      Оқытушы оқушыларға, олардың ойы бойынша жақсылыққа апармайтын, істегісі 
келмеген  қандай  да  бір  істі  достарының  орындалуын  өтінгенін  және  бұл  жағдайда 
өздерінің қандай сезімде болғанын естеріне түсіруін ұсынады. Оқытушы осы туралы 
бірнеше  оқушыдан  өз  қалауы  бойынша  айтып  беруін  сұрайды.  Осыдан  кейін  ол 
оқушыларға  осындай  мәселелі  жағдайға  тап  болмау  үшін  не  істеу  керек?  –  деген 
сұрақ қояды. 
    Оқытушы  оқушылардың  назарын  осындай  жағымсыз  жағдайлардан  құтылып 
шығу  жолдарын  табуға  тырысатынына  көңілін  аудару  керек.  «Жоқ»  деп  айта  алу 
мүмкіншілігіне ие болу өте маңызды екеніне көздерін жеткізеді. 
«Тиімді бас тартудың» бес қадамы ұсынылады: 
1 қадам – Жағдайға қатысты сұрақтар беріңіз («Не..?», «Неге..?» және т.б.) 
2 қадам – Осы жағдайдың қауіпін анықтаңыз («Бұл...») 
3  қадам  –  Салдары  қандай  болуы  мүмкін  екенін  анықтаңыз  («Егер  осылай       
жасасам...») 
4 қадам – Балама ұсыныңыз («Неге бізге осының орнына...») 
5  қадам  –  Кейінірек  тұр,  бірақ  сыртыңнан  есікті  жаппа.  («Егер  сен  өз  ойыңды 
өзгертсең...») 
 
32. Рөлдік ойындар. «Қиылыс» жаттығуы. 
 
  Алынған  материалдарды  бекіту  үшін  оқушылардың  тәртібі  мен  эмоциялы 
реакцияларын үлгілеу мақсатында оқытушы сахналап шығуды қажет ететін бірнеше 
жағдайлық міндеттерді ұсынады. 
 
  Оқытушы оқушыларды бес топқа бөліп құрастырылған ойын жағдайлары бар 
дайындалған карточкаларды таратады. 
1.  Сіз  құрбыңыздың  кешіне  келдіңіз.  Оның  үйінде  әдеттегідей  қонақтары  көп  емес 
екен,  соның  ішінде  бейтаныс  адамдар да бар.  Бір  жас жігіт  сізге көп  көңіл  бөледі: 
жақындайды,  әңгімеге  тартады,  қолыңыздан  ұстауға  ниеттенеді.  Сізді  оның  тәртібі 
ығыр етіп, ашуландыра бастайды. Онысымен тұрмай, ол есірткі қабылдайды деседі. 
5  минуттың  ішінде  бойжеткен  не  істеу  керек  екенін  шешіңіз.  Сахналанған 
түрде  осындай  жағдайдағы  ең  тиімді  деген  шешімді  ойластырып  сахналап 
шығыңыз. 
2.  Айгүл  мен  Ермек  бірнеше  айдан  бері  кездесіп  жүр.  Олар  16  жаста.  Олар  бір-бірін 
жақсы  көреді,  келешекте  үйленбекші.  Ермек  Айгүлге  жыныстық  қатынасты 
бастауды  ұсынады.  Айгүл  неке  тойына  дейін  аса  жақындықты  қаламайды.  Ермек 
оны үгіттеуге тырысады: «Біз бәрібір үйленеміз ғой. Неге осыны қазір жасамасқа?». 
Ертең Ермектің туылған күні, Айгүл ол тағы өз айтқанын орындатпақшы болады деп 
ойлайды. 
5  минуттың  ішінде  бойжеткен  не  істеу  керек  екенін  шешіңіз.  Сахналанған 
түрде  осындай  жағдайдағы  ең  тиімді  деген  шешімді  ойластырып  сахналап 
шығыңыз. 
3.  Әмина досының кешінде кідіріп қалады. Кеш болды, көліктер енді жүрмейді. Досы 
оның  үйінде  қалуды  ұсынады.  Ол  ішімдік  ішіп  алғаннан,  бара  бара  табанды  бола 
бастайды. Ол Әминаны қорқыта бастайды. 
5  минуттың  ішінде  бойжеткен  не  істеу  керек  екенін  шешіңіз.  Сахналанған 
түрде  осындай  жағдайдағы  ең  тиімді  деген  шешімді  ойластырып  сахналап 
шығыңыз. 

39 
 
4.  Сергей досының туылған күніне келді, көңілді көпшілік жиналды, бейтаныс жастар 
да көп екен. Жігіттердің біреуі Сергейге келіп есірткі ұсынды. Бұған дейін Сергей 
есірткі татып көрмеген. 
5 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай 
жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. 
  Талқылап  болғаннан  кейін,  топтарға  нәтижелерді  жинақтап  және  таныстыратын 
көшбасшы  таңдап  алуды  ұсыныңыз.  Оқытушы  басқа  топтардағы  қатысушылардан 
жауаптарға түсініктемелер беріп, өз ұсыныстарын беруді сұрауына болады. 
  Жаттығу  соңында  оқытушы  қорытынды  жасап,  талқылауға  мына  сұрақтарды 
ұсынады: 

 Қандай да бір жол таңдау неге байланысты? 

 Таңдауға не әсер етуі мүмкін? 

 Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады? 

Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?

 Бас тарту жағдайында қандай мінез-құлық жиі кездеседі? 
  Оқытушы қауіп деңгейін шындыққа жататындай бағалау қажет екенін, жыныстық 
зорлықты  болдырмауды,  кез-келген  жағдайда  қырағылықты  жоғалтпауға  оқушылардың 
назарын аудартады. 
33. Сабақтардың қорытындысын жасау. 
  Қорытынды  сөзінде  оқытушы,  адам  қауіпсіздігі  бүтіндей  және  толығымен  өзіне 
байланысты екеніне, құқығы мен міндеттері туралы ережелер біліміне, белгілі бір өмірлік 
жағдайлардағы мінез-құлық тактикасына байланысты екеніне тағы бір рет оқушылардың 
назарын аудартады. 
«Адамдарға, адами табиғатына, тәжірибесіне, санасына негізделген адамдық имандылық 
қажет» Клод Адриан Гельвеций 
Модуль 4. 
Жұқпалы аурулар 
Сабақ 4.1. 
Жұқпалы аурулар (1 сағат). 
Мақсаты:  Оқушыларды  жұқпалы  аурулардың  түрімен,  аурудың  таралу 
механизмімен және ағзаның функцияларын қорғауды күшейту шараларымен таныстыру. 
Міндеттері: 
1. Жұқпалы аурулар және олардың жіктелуі туралы түсінік беру. 
2. Жұқпалы аурулардың белгілері мен берілу жолдарын көрсету.
3. Отбасында  немесе  оқу  орындарында  жұқпасы  бар  науқас  анықталуына 
байланысты  мінез-құлықтарды  меңгеру,  сондай-ақ,  оларға  алғашқы  дәрігерлік 
көмекті көрсете білу. 
4. Жұқпалы ауру тараған жағдайда жеке бас қауіпсіздігін меңгеру. 
Түйінді түсініктер: жұқпалы аурулар, індеттің таралу көзі, берілу механизмі, эпидемия, 
пандемия,  инкубациялық  кезең,  індетті  тасымалдаушы,  алдын  алу  шаралары, 
залалсыздандыру, иммунитет. 
Сабақты  өткізу  әдістері:  жалпы  пікірсайыс,  ми  шабуылы,  шағын  дәріс,  топтардағы 
жұмыс, іс-тәжірибелік жұмыс, бой сергіту. 
Жабдықтар мен материалдар: 
Флипчарт, маркерлер, А4 қағазы, мультимедиапроектор, үлестірме материал, кроссворд. 
Сабақ барысы 

40 
 
1. Кіріспе  сөзінде  оқытушы  сабақтың  тақырыбын,  мақсатын  және  міндеттерін 
хабарлайды. 
2. Бой сергіту. «Тізбек» ойыны. 
Оқытушыларға  тапсырмалар  жазылған  парақшалар  таратылады.  Парақшаларды 
ешкімге  көрсетпей  тапсырмаларды  орындау  қажет.  (Бір  парақшада  «О»  әрпі  және  «Үш 
қолтаңба  жина»  тапсырмасы,  ал бірнеше  парақшада  тапсырма  «Үш  қолтаңба  жина»,  ал 
екі  парақшада  тапсырма  «Ешкімге  ештеңе  түсіндірме  және  қол  қойма»).  Оқушылар 
тапсырманы орындап бола салысымен, оқытушы қолындағы парақшаларды қарап, кімде 
«О» әрпі болса, солардың орнынан тұруын сұрайды. Бұл адам ӨРА-мен (ОРЗ) ауырады. 
Содан  кейін  бұл  адаммен  тілдескендер  тұрғызылады.  Ешкімге  ешбір  параққа  қол 
қоймағандар  мен  ешкіммен  тілдеспегендерден  басқаның  барлығы  тұрғызылады. 
Оқытушы сұрақ қояды: «Айтыңыздаршы, өмірімізде тілдеспеу мүмкіндіктері көп пе?». 
Енді біз өзіміздің деніміз сау екенімізді еске түсіріп, алақандарымызды бір-біріне 
сүйкеп, бір қызыл затқа қол тигізіңіздер. 
3. Ми шабуылы. Індет және жұқпалы аурулар түсінігі. 
Сұрақтар: Індет деген не? Жұқпалы аурулар деген не? 
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. 
Содан кейін оқытушы оқушылармен бірге дұрыс жауаптарды талқылап, анықтаманы 
түсіндіреді. 
4. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. 
Топтар келесі сұрақтарды талқылау және жауап беру туралы тапсырма алады: 
Бірінші топ – адамдағы басты жұқпалы аурулардың түрлерінің жіктелуін атап беру? 
Екінші топ – жұқпалы ауруларды атап өту. 
Үшінші топ – жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен  берілу жолдарын атау. 
Оқушылардың жауаптары флипчартқа жазылады. 
Содан  кейін  әр  топ  өз  жұмыстарын  таныстырып,  оқытушының  дайындаған  кестесін 
толтырады. 
Жұқпалы аурулардың тобы 
Қысқаша сипаттама 
Топқа кіретін індеттер 
Толтырылған дайын кестенің үлгісі 
Жұқпалы аурулар тобы  Берілу  жолдарының  қысқаша 
мінездемесі 
Топқа кіретін індеттер 
Ішек инфекциясы 
Қоздырғыштар  үлкен  және 
кіші  дәретпен  бөлінеді.  Берілу 
жолдары:  тағам,  су,  топырақ, 
шыбындар, лас қолдар, тұрмыс 
жағдайындағы 
заттар. 
Жұқтыру ауыз арқылы жүреді. 
Іш сүзегі, А және Б 
қылауы (паратиф),  іш 
ауруы, тағамдық 
токсикоинфекциялар және 
т.б. 
Тыныс жолдары індеті  Жұқтыру ауа-тамшы жолдары 
арқылы беріледі 
Тұмау, 
туберкулез, 
дифтерия 
(балалардың 
жұқпалы  тамақ  ауруы), 
қызамық 
(скарлатина), 
табиғи шешек және т.б. 
Қан індеттері 
Қансорғыш жәндіктердің 
тістеуі арқылы қоздырғыштар 
беріледі 
Бөртпе  және  қайталама 
сүзек, 
безгек, 
оба, 
туляремия, 
кене 
энцефалиті және т.б. 
Жануарлардан 
Жануарлардың 
тістеуінен  Құтыру 

41 
 
берілетін  (зоонозные) 
індет 
берілетін аурулар 
Тұрмыстық-қатынас 
жұқпалары 
Дені сау адамның ауру 
адаммен тікелей қарым-
қатынасы кезінде індет 
қоздырғышының сау ағзаға 
өтуі. Берілу факторлары жоқ. 
Бұл жыныс жолдары 
арқылы берілетін барлық 
тері-венерологиялық 
аурулар: мерез, соз ауруы, 
хламидиоз және т.б., 
сонымен қатар қышыма
таз індеттері 
5. «Жұқпалы аурулар, олардың белгілері және берілу жолдары» атты 
оқытушының мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Жұқпалы ауру деген не? Бұл сұраққа жауап беруден алдын жұқпа түсінігіне анықтама 
берейік. 
Жұқпа  –  бұл  ағзада  жұқпалы  ауруды  дамытатын,  бактерияларды  тасымалдайтын 
және  микроағзалардың  өлуіне  әкеліп  соғатын  ауру  тарататын  микроағзалардың  ағзаға 
енуі мен көбеюі. 
Жұқпа дәлірек айтқанда, бұл аурулардың ерекше тобының негізіне жататын -  жұқпалы 
аурулардың осы терминмен анықталатын процессі.   
Жұқпалы  аурулар  –  бұл  анықталған,  тірі  қоздырғыштармен:  ауру  тарататын 
бактериялар,  қарапайым  саңырауқұлақтардан  туындайтын  және  ауру  ағзадан  сау  ағзаға 
берілетін, жаппай таралуға қабілетті ерекше аурудың тобы. 
Біз қоздырғыштар туралы не білеміз? 
Бактериялар  –  бұл  таяқша  (іш  сүзегінің  қоздырғышы),  шар  (стрептококтар, 
стафилококтар),  ирек  жіп  тәріздес  (спирилла),  бүктелген  таяқша  сияқты  (тырысқақ 
вибрион) формаларын иемденетін біржасушалы микроағзалар. 
Вирустар  –  электронды  микроскоппен  ғана  көрінетін  кішкентай  бөліктер 
(саңырауқұлақша қоздырғыштары, табиғи шешек, қызылша, АИТВ-індеті). 
Саңырауқұлақшалар – микоздардың, таз ауруының қоздырғыштары және т.б. 
Сырқаттың  зардабы,  белгілері  және  нәтижесі  көп  жағдайда  адамның  ағзасына, 
оның физиологиялық ерекшеліктеріне, иммундық жүйесіне байланысты. Салауатты өмір 
салтын  ұстанатын  адамдар,  жұқпалы  аурулармен  аз  зақымданады  және  оны  жеңіл 
қабылдайды. 
Кейде жұқпалар тез таралып, сау ағзаны зақымдайды, сонымен сол жердегі 
аурудың кемістігін арттыра түседі. Мұндай таралу эпидемия (індет) деп аталады.  
Басқаша айтқанда, эпидемия  - бұл әдеттегі ауру деңгейінен айтарлықтай басым 
түсетін және жұқпалардың ортақ көзімен байланысты, бір атаулы инфекциялық 
аурулардың жаппай таралуы. 
Бірнеше елді немесе құрлықты қамтитын эпидемия пандемия деп аталады.  
Адамның негізгі жұқпалы ауруларының классификациясын қарастырайық.  
4 түрі бар: 
1. Ішек жұқпасы  – бұған вирусты А гепатиті, дизентерия, холера, ботулизм және т.б. 
жатады. 

42 
 
2. Тыныс жолдарының жұқпалары - тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез және т.б.  
3. Қан жұқпалары – безгек, бөртпе сүзек, оба, сары ылаң және т.б. 
4. Сыртқы қабат жұқпалары – қышыма,  делбе (столбняк) және т.б.  
Бұл аурулардың ортақ белгілері бар:  

  Температураның көтерілуі 

  Қалтырау 

  Дененің қалжырағандығы 

  Бас ауруы 

  Жөтел 

  Түшкіру 

  Мұрын ағу 

  Құсу 

  Сұйық нәжіс

  Іштің ауыруы 

  Бөртпе 
Бұл белгілердің барлығы аурудың белгілі бір кезеңінде білінеді.
Жұқпалы ауруларға келесідей аурудың даму кезеңдері тән

  Инкубациялық (жабық) 

  Бастапқы 

  Аурудың негізгі белгілерінің біліну кезеңі 

  Аурудың белгілерінің басылуы кезеңі (сауығу) 
Әр түрлі кезеңдердегі аурулардың өтуін толығырақ қарастырайық.  

  Инкубациялық  немесе  жабық  кезең  -  жұқтырылған  сәттен  бастап  алғашқы 
белгілердің пайда болуына дейінгі уақыт, бірнеше сағаттардан бастап (тамақтан улануда) 
бірнеше жылдарға дейін созылады (құтыру кезінде).  

  Бастапқы  кезең  әлсіздікпен,  дімкәстікпен  білінеді  (қалтырау,  температура, 
жүрек айну, бас ауру), бірнеше тәулікке созылады және нақты бір ауруға көрсетілмейді.  

  Негізгі  белгідердің  біліну  кезеңі  деп  аталу  себебі  –  тек  сол  ауруға  сипатты 
белгілер пайда болады. Бұл кезең егер адам ағзасы ауру қоздырғыштарымен күресе алса, 
сауығып кетеді немесе басқа жағдайда қайтыс болады.  

  Ауру белгілерінің басылу кезеңі негізгі белгілердің жоғалуымен сипатталады. 
Ағзаның  ауру  бұзған  функциялары  толық  қалпына  келтірілгеннен  кейін  ғана  ағзаның 
сауығу  әрекеті  басталады.  Егер  бұл  жағдай  орындалмаса,  онда  ағза  толық  сауықпаған 
болып есептеледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

43 
 
Жұқпалардың берілу жолдары 
Чихание, кашель, разговор – түшкіру, жөтелу, сөйлесу 
Сосание крови переносчиком  – тасымалдаушының қанды соруы 
Патологическое отделяемое пораженных тканей – зақымданған тіндердің 
патологиялық бөлінуі 
Инфекционный аэрозоль – инфекциялық аэрозоль  
Пища, вода – тамақ, су 
Насекомые, животные – жәндіктер, жануарлар 
Предметы окружающей среды – қоршаған орта заттары  
Вдох – демді ішке тарту 
Заглатывание пищи, воды – тамақты, суды жұту 
Укус – шағу, тістеу 
Контакт с заражеными предметами – зарарлы заттармен байланысу  
Жұқпалардың берілу жолдары әр түрлі болуы мүмкін: 

  Фекальдық – оральды жол – жұқпасы бар адамның нәжісті заты сау адамның 
аузына түсетін жаңдай ( үлкен дәрет, құсық арқылы ---- кір қолдар---- ыдыстар, 
азық-түлік---ауыз---асқазан----ішек; дизентерия осылай беріледі) 

  Ауа-тамшы жолдары – түшкіру, жөтелу және сөйлесу кезінде жұқпасы бара 
адамның аузынан, мұрнынан дені сау адамның бетіне аурудың қоздырғыштары 
түсіп кетеді (түшкіру ----дем алу---жоғарғы тыныс жолдары, тұмау, туберкулез 
осылай беріледі) 

  Сұйықтық – (қан соратын жәндіктер, биттер – дені сау адам, оба, безгек, бөртпе 
сүзек осылай беріледі) 

44 
 

  Зоонозды  –  (жабайы және  үй  жануарлары  сау  адамды тістеген  жағдайда  құтыру 
ауруын жұқтырады) 

  Қатынас  және  тұрмыстық-қатынас  (төсек,  аяқ  киім  арқылы  саңырауқұлақша 
аурулары беріледі) 
Жұқпалы ауруларды тарататын тірі ағзалар тасымалдаушылар деп аталады. Таралудың 
келесі жолдары болады: 

  Механикалық берілу. Кейбір тасымалдаушы жәндіктер ластанған ауыз қуысы мен 
аяқтары  арқылы  механикалық  түрде  ауру  қоздырғыштарын  тістеген  орнына 
немесе  тамаққа  жұқтырады.  Мысалы,  шыбындар  іш  сүзегінің,  ішек  індетінің 
бактериялық дизентериясын тасымалдауы мүмкін. Бұл, олар әуелі іш сүзегі немесе 
дизентериямен ауырған адамның нәжісіне қонып, сосын ас тағамдарын ластағанда, 
жоғарыда аталған аурулардың қоздырғышы болады. 

  Ішек  арқылы  берілу.  Біршама  жәндіктерде  ауру  тудыратын  микроағзалар  ішекте 
орналасады.  Тасымалдаушы  жәндіктің  ағзасынан  нәжіс  және  сілекей  арқылы 
босап  шыққан  микроағзалар,  шағылған  жерге  немесе  азық-түлікке  түседі. 
(Мысалы: оба, бөртпе сүзегі). 

  Биологиялық  берілу.  Бұл  термин,  тасымалдаушының  ағзасына  келіп  жету 
кезеңіндегі  жұқпа  агентінің  көбеюіне  қатысты.  Жұқпа  агенті  тасымалдаушының 
ағзасына  қанмен  келіп  жетеді,  бірақ  тасымалдаушы  жұқпаны  біршама  кезеңнен 
соң, яғни жұқпа агенті белгілі бір өзгерістерге көндіккеннен соң ғана бере алады. 
Безгекті  шақырушы  қансорғыш,  өмірлік  циклінің  жыныстық  сатысы 
тасымалдаушының  (масаның)  ағзасында  аяқталатын,  микроағзалардың  үлгісінің 
қызметін атқарады. Сары қызба вирусы да масалардың ағзасында көбейеді. 
Қанекей,  сонымен  қатар  әртүрлі  болып  келетін  жұқпаның  берілу  шарттарын 
қарастырайық, олар үш түрге бөлінеді: 

  Табиғи  –  жұқпалы  аурулардың  табиғи  ошағы  ауа  райына,  жануарларға  және 
өсімдік  әлеміне  байланысты  болады  (мысалы  –  Амур  облысында  сүзек,  оба, 
энцефалит  сияқты  жұқпалы  аурулардың  тасымалдаушысы  болып  табылатын 
энцефалитті кенелер өмір сүреді); 

  Әлеуметтік  –  халықтың  өте  тығыз  орналасуы;  нашар  санитарлы-коммуналды 
жағдайлар; денсаулық сақтау саласының артта қалуы – Африка мемлекеттері; 

  Жеке  –  ағзаның  патогенді  микроағзалардың  енуіне,  көбеюіне  мүмкіндігінше 
жауап қатуы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет