«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57 58 Көптеген нәрсе адам өмірін құнды тәжірибемен
байыта алады. Егер адам өзін-өзі құрметтесе, мына-
ларды есте ұстауға тиіс:
Ол мерзімінде өтеуге және қайтаруға шамасы жет-
пейтіндей қарыз алмауға тиіс.
Ол туралы тек қана жақсы сөз айтуы үшін өз отба-
сына қамқор болуға тиіс.
Құдайлар шақыруымен ақтық сапарға аттанған-
да оның дүние
- мүлкі тиісінше және әділетті бөлінуі
үшін алдын
ала мұрагерлік өсиет жазып қоюы керек
. Ол сәтсіздікке душар болғандарға жанашырлық
танытып, қолынан келер жәрдемін көрсетуге
, өзіне қымбат жандарға қол ұшын беру ге
міндетті
. Сонымен бос әмиянды толтырудың жетінші және
соңғы жолы міне, мынадай: ақыл мен қарым-қабілет-
ке қол жеткізу үшін күш-қуатыңды шыңда, үйрен
және – өзіңе деген құрметіңді жоғалтпайтындай қа-
лыпта бола біл. Осындай жолмен өзіңе деген сенімің
бекіп, жақсы ойластырылған мақсатқа жете аласың.
Өзімнің ұзақ та абыройлы ғұмырымда бос әмиян-
ды толтыруға қатысты өзім ашқан жеті жол осын-
дай, бұл іс-тәжірибемді байлықты көксегендердің
бәріне пайдалануға кеңес беремін.
Вавилондағы алтын сендер ойлағаннан әлдеқайда
мол, шәкірттерім менің. Сендердің бәріңе жетіп-ар-
тылардай көп.
Қане, іске кірісіңдер де, осы айтылған ақиқатты
пайдаланыңдар, ол сендерді өсіп-өркендеуге жеткізеді.
Барыңдар да, осында біліп-үйренгендеріңді ұлы
патшамыздың қарауындағы лайықты әр адамға жет-
кізіңдер, олар да Құдай берген қаламыздың байлы-
ғынан өз үлестерін алатын болсын.