«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
57
Тілек қарапайым да анық болуы керек. Ол тым көп
әрі күрделі болса, бұлдыр әрі адамның өз мүмкіндігі
шегінен
тыс жатса, орындала қоймайтыны белгілі.
Адамның өз кәсібі бойынша жетіле түсуіне орай
оның табыс табу қарым-қабілеті артады. Сазтақтаға
қарапайым жазу түсіруші кезімде күніне тиесілі қос
бақыр тиын үшін бүкіреюмен болсам да, өзгелердің
өнімдірек жұмыс істеп,
көбірек ақша табатынын
байқадым. Сондықтан да алдыма жан салмайтындай
жағдайға ұмтылдым. Маған басқалардың табыс сы-
рын түсінуге көп уақыт кеткен жоқ. Жұмысты асқан
қызығушылықпен беріле атқару және табандылық –
өзгелердің күн сайын көп жаза білуінің себептері
осылар еді. Бұл ұмтылысым өз жемісін берді, қожа-
йынға
алты рет барып, жалақымды көбейту жөнінде
өтініш жасаудың қажеті болмады.
Неғұрлым көп білсек, соғұрлым көп табыс таба-
мыз. Өз ісі жөнінде көп білуге ұмтылған адамның та-
бысы міндетті түрде артады. Егер ол суретші болса,
онда дарынды әріптестерінің әдіс-тәсілдерін үйренуі
шарт. Егер ол заңмен
шұғылданса немесе дәрігер
болса, сол кәсіппен айналысатын біліктілерден ке-
ңес алып, өз білімімен бөліскені жөн. Егер ол сауда-
гер болса, онда үнемі арзандау бағаға сапалы тауар-
ларды іздеуге міндетті.
Кімнің жақсылығына тәуелді болсаңдар, соған
қызмет ету жолында үнемі іс-қимылды ширатып, қа-
рым-қабілетті жетілдіруге ұмтылыңдар.
Сондықтан
бәріңді бір орында тұрып қалмай, өз-өзіңді қамшы-
лап отыруға шақырамын, самарқаулар әрқашан шаң
қауып қалады.