«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
53
АЛТЫНШЫ ЖОЛ
э
Болашақтың жай-күйін осы бастан
қамдаңдар
Әр адамның ғұмыры оның балалық шағынан қарт-
тыққа дейін созылады.
Біздің өмір жолымыз сондай,
егер құдайлар уақытынан бұрын өзіне шақырмаса,
ешкім де одан ауытқи алмайды. Әркім «Жасымда
бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген мақсатпен
іс-әрекет етіп, қайраты тасып тұрғанда болашақтың
жай-күйін қамдастыра бастауы,
яғни өзі кеткенде
отбасының қиналмауы үшін жағдай жасап қоюға
тиіс. – Аркадтың алтыншы күнгі сабағы осындай
сөздермен басталды. – Байлықтың өсу заңдылығын
түсініп, қаржы қорын жасай алған адам ылғи да ке-
лешек туралы ойлауы керек. Бүгінгі дәріс үйренуге
де, белсенді әрекет етуге де мүмкіндік
қалмайтын
кездің өзінде әмияндарыңның босап қалмауына мүм-
кіндік береді. Сондай-ақ ол алдын ала көп жылдарға
жететін бірқатар шығыс пен азық-түлік жайын жос-
парлап алуға тиіс.
Сенімді болашақты қамтамасыз етудің сан түрлі
жолдары бар. Көзден таса жер тауып, алтыныңды
құпия түрде көміп тастауға болады.
Алайда қанша-
лықты мұқият жасырсаңыз да, ол ұрылардың олжа-
сына айналуы мүмкін. Сондықтан бұндай жолмен
жүруге кеңес бермеймін.
Өзіңе көп үй мен жер сатып алуға болады. Егер
олар дұрыс таңдалып,
болашақта өз бағасын сақтай