«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
153
Келесі күн мен молырақ бәліш пісірдім. Қызара
піскен бәліш барынша тәбет тартып тұрды. Мен
өз тауарымды өткізу үшін көше кезумен болдым.
Басында бәлішке ешкім де назар салмады, мен тіпті
мазасыздана бастадым. Алайда кешке қарай, жұрт
ашықса керек, бәлішті жарыса сатып алып, ыдысым
босап қалды.
Нана-наид менің жетістігіме риза болып, сол бой-
да үлесімді қолыма санап берді. Өз ақшамның пай-
да болғанына қатты қуандым. Мегиддоның «Жақсы
жұмыс істеген құлдың
еңбегі қожайын көзінен таса
болмайды» дегені дұрыс екен. Сол түні менің көңі-
лім алабұртып, әрең көз іліндірдім. Мен бір жылда
қанша қаржы табатынымды және құлдықтан құты-
луға қанша жыл керектігін есептеуге тырыстым.
Күн сайын бәліш сата жүріп,
мен өзіме тұрақты
сатып алушылар қалыптастырдым. Солардың бірі,
сенің атаң – Арад Гула болатын. Ол қаланы аралап
жүріп, кілем сататын. Оның кілем артылған есегін
қара құл жетектеп жүретін-ді. Әдетте ол бәліштің
өзіне екеуін, құлына екеуін алатын да,
жеп болған-
ша менімен әңгімелесетін еді.
Бір күні ол менің есімнен шықпайтындай сөз айт-
ты: «Сенің пісірген бәлішің маған ұнайды, қарағым.
Оны сата білетінің де көңілімнен шығады. Бұл қабі-
летің сені міндетті түрде құлдықтан құтқарады».
Ірі қалада құл болып,
туысқаны мен достарынан
айырылған және өзінің бейшара жағдайынан құты-
луға асыққан мен байғұсқа бұл сөздің қалайша рух
бергенін білсең ғой.
Бірнеше ай бойы мен әмияныма мыс тиын тол-
тырумен болдым. Ол кәдімгідей салмақтанып,