Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
54
алса, онда оларды сатудан түсетін табыс та түпкі 
мақсатқа жетуге жол ашары анық
Шағын соманы өсімқорға тапсыру арқылы да оны 
көбейте беруге болады. Үстеме пайызымен ол келе-
шекте едәуір өсім береді. Өзім Ансан есімді етікшіні 
білемін, ол маған жуырда сегіз жыл бойы өсімқорға 
апта сайын екі күміс тиын беріп отырғанын айтты. 
Жақында өсімқор бұл мәміленің қорытындысын 
шығарғанда, оның нәтижесі көңіл тоғайтардай бо-
лыпты. Әр төрт жылдағы әдеттегідей төрттен бір 
өсімді есептегенде, оның жинағы бір мың қырық кү-
міс тиынға жетіпті.
Өзім оның іс-әрекетін қолдап, тағы да он екі жыл 
бойы апта сайын екі тиын жарна төлеп тұруды ұсын-
дым, сонда өсімқор оған төрт мың күміс тиын төлей-
ді, бұл сома қарттықты қамсыз етуге әбден жетеді.
Егер де ұсақ жарнаның өзі, түптеп келгенде, 
осындай пайда келтірсе, онда әр адам өз ісінің қан-
шалықты табысты екеніне қарамай-ақ, қартайған 
шағындағы өзінің және отбасының өмірін алаңсыз 
етуге міндетті.
Сөз етілген жайға тағы бір нәрселерді қосқан жөн. 
Күндердің күнінде әлдебір ақылды кісінің өлімнен 
сақтанудың осындай жолын табатынына сенімдімін. 
Басқаша айтқанда, барша адамдар өмір бойы ұсақ 
жарна төлей отырып, нәтижесінде артында қалған 
отбасына қомақты соманы мұра етіп кетеді. Осыны 
қатты қалар едім, бірақ олай ету қазірше мүмкін 
емес, өйткені бұндай мәмілелер өсімқордың ғұмы-
рынан да ұзақ мерзімге созылуы керек. Бұндай мә-
міленің ұзақтығы мен сенімділігін патша тағымен 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
55
салыстыруға болар. Түбінде осындай жоспар жүзеге 
асырылады да, ол көптеген адамның игілігіне айна-
лады. Өйткені алғашқы ең ұсақ жарнаның өзі отба-
сының бір мүшесі кенет қайтыс болған жағдайдың 
өзінде мәмілеге сай қаржыны алуға құқық береді.
Біз болашақта емес, өз заманымызда өмір сүріп 
жүрміз, ендеше бүгін қолда бар мүмкіндіктерді пай-
далануға тура келеді. Сондықтан қартайған шақта 
бос әмиянмен қалмаудың жолын осы бастан ойлас-
тыруға кеңес беремін. Басқаша жағдайда, егер адам 
тіршілікке қажетті азық-түлікті жеткілікті мөлшер-
де таба алмаса немесе отбасы асыраушысынан айы-
рылса, үлкен бақытсыздыққа ұшырайды.
Сонымен, қос бүйірі қабысқан әмиянды оңалтуға 
арналған алтыншы жол: қартайғанда өз қажеттілік-
теріңді өтеу мен отбасыңды жоқшылықтан қорғау 
жайын ерте бастан қолға алыңдар
.
ЖЕТІНШІ ЖОЛ
э
Табысқа бастар мүмкіндіктерді
сарқа пайдаланыңдар
– Шәкірттерім менің, бүгін әмиянды толтыру-
дың ең басты амалдарының бірі туралы әңгімелей-
мін. Бірақ алтын туралы емес, алдымда алуан түрлі 
киімге бүркемеленіп отырған сендер туралы сөз ете-
мін. Сендердің саналарыңда өз жетістіктерің кедер-
гі болар жайттар бар, солар туралы айтамын, – деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет